институционалданған анықтадған деңгейінің болуы қалыпты жағдай.
Олардың пайымдауынша әлеуметтік теңсіздік табиғи эволюцияланған
механизм болып есептеледі және сол арқылы қоғамның мамандығы жоғары
кадрлардың маңызды тұғырларға жылжуы жүзеге асырылады. Дегенмен,
қоғам үшін тұғырлардың қайсысының маңызды екенін анақтау оңай емес.
Сондықтан да, К. Дэвис және У. Мур қоғам құзіретінде біріншіден, нақты
пайдалар болуы керек, екіншіден, пайдаларды адамдардың алатын
әлеуметтік орындарына қарай тең бөлмеудің нақты тәсілдері болуы керек
екенін ұсынады. Функционалдық тұрғыдан маңызды орындар өзіне сәйкес
марапатқа ие болуы принципі аталған теорияның сипатты белгісі.
Теңсіздіктің функционалдық теориясының негізінде К. Дэвис және У. Мур
әлеуметтік стратификацияның мынадй принциптерін ұсынады:
1) тең мүмкіндіктер принципі;
2) ең қабілеттілердің қалуы принципі;
3) психологиялық детерминизм, яғни еңбектегі жетістік мотивация, табысқа
жетуге деген сұраныс, интеллект және т.б.. арқылы анықталады.
4) еңбек этикасы принципі. Жоғары басқарушылық орныдарды ең қабілетті,
жоғары маманданған адамдар ғана ие болуы керек. Иерархиядағы орын
жоғары болған сайын оны иемденетін адамның біліктілігі де, шешім
қабылдаудағы жауапкершілігі де жоғары болуы керек. К. Дэвис және У.
Мурдың теориясы әлеуметтік теңсіздіктің оң және теріс салдарларын
түсіндіруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: