Садырова М. С


Жаһандану үдерісінің анықтамасы мен мазмұнына теориялық



Pdf көрінісі
бет8/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Жаһандану үдерісінің анықтамасы мен мазмұнына теориялық
көзқарастар 
Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер жаһандану секілді үдерістермен 
сәйкестендіріліп қаралады. Бұл, бір жағынан, батыстың постиндустриалды 
елдерін әрі қарай озық дамуға жетелеп, екінші жағынан, дамушы елдердің 
жоғары қарқынмен өркендеуіне үлес қосатын объективті табиғи, әрі тарихи 
сипат алатын процесс.
Жаһандану 
тұжырымдамалары 
әлеуметтік 
жүйе 
дамуының 
дәйектемелерін көрсете алады. И.Валлерстайн, Э.Гидденс, Р.Робертсон, 
П.Штомпка, М.Элброу секілді шетелдік зерттеушілер жаһандану мәніне 
ерекше 
ғылыми 
қызығушылықпен 
зерттеу 
жүргізген. 
Олардың 
жұмыстарында жаһандану адамзат дамуына тұрақты және пайдалы үдеріс 
ретінде көрсетіліп, оның оң нәтижелер әкеліп, әлемді біртұтастыққа 
жетелейтіндігі айтылады.
Әлемнің жаһандық даму мәселелері ресейлік ғалымдар арасында кеңінен 
зерттелуде (А.Володин, А.Панарин, Н.Покровский, А.Уткин, Ю.Яковец, 
Р.Яновский). Олар жаһандануды ұнамды құбылыс ретінде қарап, жаһандық 
әлем дамуының мәселелерін қарастырады (А.Панарин, В.Рукавишников, 
Р.Яновский). Жаһанданудың мәнін анықтаумен қатар, ғалымдар оның 


спецификалық өзіндік өлшемдерін атап көрсетеді (Н.Покровский). Оң баға 
берумен қатар, жаһандануды елдер мен адамдар арасындағы үлкен теңсіздік 
тудыратын жағымсыз үдеріс ретінде де қарастырады (А.Левашова, 
Ф.Юрлов). Осы тұрғыдан қарағанда, жаһандану бірполюсті әлемді құрудың 
негізін салатын идея ретінде көрсетіледі (В.Иноземцев). 
Жаһанданудың ғылыми негізінің пайда болуы қырғи-қабақ соғысының 
аяқталуымен байланысты. Ол кезде әлемнің құрылымы жаңа халықаралық 
жүйе – жаһанданумен, яғни нарықтың, қаржының, технологияның 
интеграциясымен ауысқан болатын. Әйгілі американдық әлеуметтанушы 
Э.Гидденс 
жаһандануды 
XVIII 
ғасырдан 
бері 
Батыс 
Европа 
модернизациясына жүргізіліп келе жатқан тергеу екенін атап өтеді. 
Осы мәселемен айналысып келе жатқан ғалымдар арасында жалпы 
«жаһандану» терминінің анықтамасы туралы да (В.Иноземцев, Р.Робертсон, 
В.Рукавишников, Ф.Юрлов), бұл процестің дұрыс не бұрыс екендігі туралы 
да бірде-бір пікір айтылмаған. Солай бола тұрса да, жаһандануды қиын да 
қайшылықты үдеріс ретінде санап, ешқандай күдік тудырмайтын құбылыс 
ретінде қарастырады (Э.Гидденс, А.Ковалев, Н.Косолапов, А.Панарин, 
Р.Робертсон, В.Яновский). 
Жаһандану үдерісінің пайда болуы жөнінде өткір ғылыми пікірталас 
туындаған болатын. Тарихшылар (Ф.Бродель) жаһандануға капитализмнің 
көп ғасырлар бойғы дамуыңың бір кезеңі деген сипаттама береді. 
Экономистер (П.Друкер, Т.Левитт, К.Оме) жаһандану процесінің қаржылық 
нарықтың 
трансмемлекеттенген 
кезінен 
басталғанын 
айтады. 
Саясаттанушылар (С.Хантингтон, Г.Шуман) жаһанданудың пайда болуын 
бүкіл әлемдегі демократиялық ұстанымдар мен институттардың таралуымен 
байланыстырады. Мәдениеттанушылар (П.Бергер) оны мәдениеттің 
әмбебаптануы мен батыстануынан, өмір сүру стилі, мінез-құлық 
формаларының белгілі бір қалыпқа келуімен, яғни Батыс елдерінің басқа 
елдерге ықпал етуінің басталуымен түсіндіреді. Әлеуметтанушылар 
(Э.Гидденс, Д.Мелоуз) жаһанданудың басталуы Батыстың ықпалы артуымен 
байланысты екенін құптайды. Біздің ойымызша, жаһанданудың дамуына 
индустриалды қоғам дамуынан постиндустриалдыққа өткен Батыс дамыған 
елдері түрткі болды. Көріп отырғанымыздай, жаһандану үдерісінің басталу 
мерзімі туралы біржақты пікірдің болмауы сол ұғымды әртүрлі тұрғыда 
қарастырудың әсерінен болып отыр.
В.Л.Иноземцевтің байқауынша, ХХ ғасырдың 60-жылдарsyың соңында 
эпизодты түрде қолданыла бастаған «жаһандану» термині 1981 ж. алғаш рет 
американдық әлеуметтанушы Дж.Маклиннің бастамасымен концептуалды 
құрылымдардың арасына қосылған болатын. Дж.Маклин «әлеуметтік 
қатынастар жаһандануының күшеюінің тарихи үдерісін танып, оған 
түсініктемеге беруге» шақырған болатын. 80-жылдардың ортасында 
жаһандану тұжырымдамасы кең таралғандығы сонша, М.Уотерс «80-
жылдардың мәні постмодернизм болса, 90-жылдардың басты идеясы 
адамзаттың үшінші мыңжылдыққа өтуі ретінде түсінілетін жаһандану 
процесі болуы мүмкін» деген пікір айтады. Бұл кезеңде, сонымен қатар, 


теорияның негізгі терминологиялық аспектілерін Р.Робертсон дамытқан 
болатын. 
Жаһандану теориясының классификациясын жасай отырып, оны іс жүзінде 
ағынды үдеріс ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда жаһандануды 
қолданыстағы әлеуметтік теориялар көмегімен түсіндріу мүмкіндігі туралы 
айтыс туындап келеді. Ғалымдар арасында жаһанданудың онтологиялық 
мәнін әлеуметтік өзгерістер мен дамулардың бұрынғы үлгіеріне қатысты 
сипаттауға талпыну жиі кездеседі. Логикалық ғылымды классикалық және 
классикалық емес әлеуметтануға бөлу тұрғысынан қарайтын болсақ, 
жаһанданудың бірнеше түсіндірмесін бөліп қарастыруға болады. Соның 
ішінде, модернизацияның бір түрі ретіндегі глобализация (Р.Робертсон, 
М.Фезерстоун, Дж.Ритцер, Ф.Фухуяма, С.Хантингтон); модернизацияның 
жалғасы ретіндегі глобализация (Э.Гидденс, У.Бек, Ю.Хабермас); 
модернизациядан кейін келетін әлеуметтік жүйенің жаңа даму кезеңі 
(Я.Питерс, Д.Иванов). 
Я.Питерс жаһандану түсінігі парадигмасының өзіндік типологиясын 
ұсына отырып, негізі ретінде әлеуметтік өзара байланыстың мазмұнды 
белгісін, іс-әрекеттің нақты әдісін және қазіргі әлемдегі өмір сүру салтын 
алады. Бұл, ғалымның ойынша,
біріншіден, «Өркениет қақтығысы» - әлем фрагментациясы мәдениеттік 
жіктелуде тамырланған (бірінші кезекте, нәсілдік және ұлттық 
ерекшеліктерде) өркениеттік айырмашылықтардың әсерінен сөзсіз өмір 
сүреді; 
екіншіден, 
«Макдоналъдизация» - трансұлттық одақ көмегімен 
мәдениеттік 
гомогендену 
модернизация 
(батыстану, 
европалану, 
америкалану) астында өмір сүреді; 
үшіншіден, «Гибридтену» - өзара баюға, сонымен қатар мәдениеттік 
дәстүрлердің пайда болуына бастайтын мәдениет аралық өзара 
қатынастарының кең спектрі. 
Оның ойынша, барлық қазіргі заманғы мемлекеттер жаһандану үдерісіне 
тартылады. Ұйым стандарты ретінде қазіргі ұлттық мемлекет жаһандану 
формасының үлгісі ретінде көрінеді. 
Әлем егемен, аймақтық бірліктерге бөлшектелген және бөлінген және 
олар өздері бірегей құрылған әлемнің бір бөлігін құрайды. Егемен мемлекет 
дегеніміз – әлемдік экономикалық үдерістің қазіргі бейнелері және 
әлеуметтік құндылықтардың сақтаушылары. Алайда олардың жаһандану 
процесіндегі орындары біркелкі емес. Кейбір мемлекеттердің қуаты 
жаһандану арқасында өсіп келе жатса, керісінше кейбір елдерге бұл 
әлсіретуші фактор ретінде көрінеді. 
Тағы бір жаһандану теориясының классификациясын Н.Покровский 
ұсынады. Ол глобализацияның сызықтық моделін; И.Валлерстайнның «әлем-
жүйелік» моделін; жаһандық мәдениеттің моделін (У.Фезерстоун, 
Дж.Ритцер); жаһандық қоғамның моделін (Р.Арон, Э.Гидденс); жаһандық 
жүйенің моделін (Л.Склэр) атап өтеді. 


Жаһандану үдерісі теориялық талдауларының бірнеше түрі бар. Мысалы, 
И.Валлерстайн әлемдік еңбек бөлінісіне негізделген экономикалық құбылыс 
ретінде қарастырылатын жаһанданудың «әлем-жүйелік моделін» ұсынады. 
Әлемде пайда болған еңбек бөлінісі жүйесіне сәйкес экономикалық ядроға,
жартылай периферияға және периферияға нақты құрылымдық бөліну көріне 
бастады. Мұның бәрі, жиынтығында, әлемдік капиталистік экономиканың 
бірыңғай жүйесін қалыптастырады. Э.Гидденске сәйкес, жаһандану 
модернизациямен тығыз байланысты және оны екіжақты қарастыруға 
болады: экономикалық жағынан (мемлекет аралық байланыстардың 
экономикалық жүйелену үдерісі) және мәдениет жағынан (сананың 
жаһандану моделінің құрылуы). Ағылышындық әлеуметтанушының ойынша, 
жаһандану 1990 жылдардағы жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси 
жағдайлардағы жаңашылдықтың табиғи жалғасы ретінде көрсетіледі. Оған 
қоса, ол жаһанданудың негізгі ерекшелігін атайды. Біріншіден, трансұлттық 
одақтар басты рөл атқарған кезде экономикалық үдерістер арасында өзара 
жаһандық байаныстың пайда болуы. Екіншіден, халықтар мен мемлекеттер 
арасында халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің пйда болуы. 
Үшіншіден, жаңа әлемдік әскери тәртіптің қалыптасуымен түсіндіріледі. 
Төртіншіден, әртүрлі елдер мен жер әлемінің бөліктері арасындағы 
айырмашылық пен еңбек бөлінісі болып табылады. Бесіншіден, «мемлекеттік 
глобализация». 
Р.Мертонның ойынша, жаһанданудың қазіргі кезеңінің негізі тұтыныс 
қоғамына және постиндустриалды қоғамға өтуге себепші болған құндылық 
бағдардың өзгеруі болып табылады. 
Жаһанданудың ғылыми-технократтық моделінің өкілдері өнеркәсіптің 
әлемдегі ғылым мен техника рөлінің мәнін түсінуге көңіл бөледі. Осы модель 
аясында В.Вернадский, М.Маклюэн және А.Кларктың жаһандану идеясының 
концептуалды түсіндірмелері пайда болды. 
В.Вернадский жаһандану идеясы ғылыми формада тұжырымдаған 
«кейінгі модерннің» алғашқы ойшылы болды. Биосфера мен ноосфера – 
оның басты ұғымдары. Бұдан шығатыны – табиғат адамзат санасына 
қарсылық көрсететін объект емес, керісінше ғылыми ойлардың маңызды 
бөлігі. «Ғылым-табиғат» жүйесінде субъект қатысушыға айналады және 
ғаламдық эволюцияның белсенді факторы болып табылады. Әлеуметтік 
салада ноосфера постәлеуметтік қауымдастық немесе постөркендеу, 
социумның барынша жалпы жүйенің элементіне айналуын туындататын 
даму фазасын көрсетеді. Ғылым мен техниканың шексіз мүмкіндігіне сенім 
білдіру ноосфера тұжырымдамасын жаһанданудың тиімді баламасына 
айналдырады. 
М.Маклюэн жаһандану түсінігіне негізгі тақырыптардың бірі – бұқаралық 
коммуникация рөлін дамытады. Әлеуметтік кеңістік-уақыт өзгерісінің жаңа 
кезеңін ол ақпараттық ағымдардың жылдамдығын өсірген электронды 
бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуымен байланыстырады. 
Нәтижесінде, Маклюэн атағандай, «жарылыс» пайда болады. Электронды 
бұқаралық коммуникация құралдары әлемді бір нүктеге бағыттайды және бір 


мезетте көруді қамтамасыз етеді. Аталған логика глобализация идеясының 
басты апектілерінің бірі жаһандық сана мәселесіне әкеп соғады. Бұдан 
жаһанданудың мәні шығады.
А.Кларк жүйелі машиналар ұйымының құрылуы есебінен іс-әрекеттің 
ұжымдық субъектісінің аймағын кеңейтудің болашағына назар аударады. 
Ағылшындық 
ғалым-жаратылыстанушы 
жалпы 
өркениетті 
дамуды 
күрделендіретін және жеделдететін технологиялық өзгерістердің бағытты 
сипаттарын ашады. Кларктың жаһандану идеясы – өркениет категориясы. 
Соңғы жылдары әлеуметтік-мәдени жарақат теориясы кең тұрғыда 
зерттелуде. 
Дж.Александер, 
Н.Смелзер, 
П.Штомпка 
секілді 
әлеуметтанушылар бұл теориялық құрылыстың белгілі бір дәрежеде анализ 
құралына және дәстүрлі ұйымдардың жаһандану деңгейіне өту 
интерпретациясына айналуы мүмкін екендігін айта кетеді. Әлеуметтік-
мәдени жарақат теориясы жаһандану теориясын толықтырушы және 
кеңейтуші ретінде түсіндіріледі. 
Жаһандану әлеуметтік ұйымдармен қатар, әлем санасына да өзгерістер 
әкеледі. Бұл тұрғыдан қарастыратын болсақ, жаһандану қазіргі тарихи сәттің 
көрінісі емес, әлемдік капиталистік жүйенің эволюциялық өзгерістері 
үдерісінің тармақтарының бірі. Неміс әлеуметтанушысы У.Бекке сүйенетін 
болсақ, жаһандану қожалықтық, ақпараттық, экологиялық, техникалық, 
трансмәдениеттік 
қақтығыстар 
мен 
азаматтық 
қоғамның 
әртүрлі 
саласындағы күнделікті қызметтердегі шекараны жою тәжірибесі арқылы 
танылуды білдіреді. Жаһандануды осы жағынан түсіну қашықтықты 
мойындамайтын қызмет пен қатар өмір сүру сипатты трансұлттық 
әлеуметтік кеңістік (трансұлттық өмір формасы) құрылуына әкеп соғады. 
Көптеген ғалымдардың ойынша, жаһандану – ғаламдық ақпараттық 
кеңістікті, әлемдік капиталдар, тауарлар мен жұмысшы күш нарығы 
құрылуының үдерісінде көрінетін адамдар, сонымен қатар, мемлекеттер 
арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділіктің кеңеюі мен күрделену 
үдерісі (А.Володин, Э.Гидденс, А.Зотов, Р.Робертсон, А.Уткин, М.Элброу). 
«Жаһандану» түсінігі бүкіл әлемді, бүкіл адамзаттық ұйымдарды қамтитын 
үдерістерге деген шағымды білдіреді (Э.Гидденс, М.Элброу). Оған қоса, 
кейбір ғалымдар жаһандану априориін жағымды құбылысқа теңеп, жер 
әлеміндегі өркениеттің бірлікке ұмтылуы ынтымақтастыққа себепші болуы 
керек деген пікірді ұстанады. Жаһанданудың бұл зерттеушілері бірінші 
кезекте ақпараттық айырбастың дамуы туралы бірнеше есе өскен 
халықаралық экономикалық белсенділік туралы, кейбір жеке мемлкеттерден 
қуаттырақ корпорацияның жаңа рөлі туралы, «әлемнің сығылуы» симптомы 
туралы айтады (А.Володин, Э.Гидденс, В.Дахин, А.Зотов, Н.Косолапов, 
Р.Робертсон, П.Штомпка). 
Бұл жағынан қарайтын болсақ, жаһандану үрдісі бүкіл әлемді құрайтын 
бірнеше үдерістерді анықтайды. Қоғам әртүрлі жағынан (саяси, 
экономикалық, мәдени) өзара тәуелді болады. П.Штомпка былай деп жазады: 
«Ешқандай ел өзінен-өзі жеткілікті қоғам бола алмайды. Адамзат, енді, 
«статикалық жиынтық», философиялық немесе идеологиялық категория бола 


алмайды, ол әлеуметтік мәнге ие болып, жер әлемінде өмір сүретін барлық 
халықты қамтитын әлеуметтік жиынтыққа айналады» 
Жаһандық үдеріске Қазақстан ғалымдары өз пікірлерін былайша білдіреді. 
Мысалы, экономист-ғалым А.Қошанов жаһандануды «жаңа технология мен 
ақпараттық жүйе негізіндегі қаржылық-экономикалық, қоғамдық-саяси және 
әлеуметтік байланыстарды ашық жүйеге тартушы» ретінде түсіндіреді. 
А.Нысанбаев жаһанданудың мәдени табиғаты мен салдарларын зерттей келе, 
«пайда бола бастаған бүкіләлемдік «саяси әдеп» жергілікті әлеуметтік-
мәдени ұқсастықты орталықтндырған, біртекті нәрсеге айналдырады. 
Жаһандану мен «әлеуметтік-мәдени әртүрліліктің» өзара шарттастығын айта 
келе, ол жаһандануды «сәйкестік пен өзгешеліктің, универсализм мен 
фрагментаризмнің түсіндірілуін жинақтайтын күрделі және көпжақты 
үдеріске» теңейді. Көптеген жұмыстарда жаһандану Қазақстанның 
халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан қарастырады. 
Қазақстандық саясаттанушы М.Лаумулин жаһандануды қару-жарақпен 
қамтамыз етуді бақылау туралы әртүрлі ұйымдар мен келісімдерді қосатын 
халықаралық-құқықтық қарым-қатынас жүйесіне Қазақстанның кіруі 
маңызды жағдай болып табылатын үдеріс ретінде көрсетіледі. Басқа 
зерттеушілер Қазақстандағы интеграциялық үдерсітердің күшейтілуінің 
маңызын жаһандану үдерісі ретінде қарастырады. С.Кушкумбаевтың 
пікірінше, «интеграция үдерісінің өзі әрі қарайғы әлеуметтік-экономикалық, 
саяси және мәдени модернизациясы, жаңа әлемдік шындықтардың қайта 
реинтеграциялану үрдістерімен тығыз байланысты». 
Жаһанданудың объективті мазмұны шығу тегі әртүрлі механизмдер мен 
үдерістердің салдарларынан жинақталған. Ол, өз кезегінде, жаһандануды 
ішкі қайшылықтарға толы, алайда жүйелік жинақтық бар құбылыстар мен 
қарым-қатынастардың жеке әрі күрделі жүйесін қарастыруға мүмкіндік 
береді. 
Әдебиетте жаһандану құбылысын құрайтын үдерістердің барлығының 
немесе кейбір бөліктерінің бірнеше бастауларын көрсетеді. Бұлар: 
-
адамның қожалық етуінің ұзақ мерзімді кереғар экологиялық және 
басқа да салдарлары; 
-
әлеуметтік өзара байланыстарға және әлемнің өзара тәуелділігіне 
әкелетін байланыстың, құрылым мен қарым-қатынастың дамуы; 
-
әлемдік экономика мен саясаттың алғашқы субъектілерінің пайда 
болуы (трансұлттық корпорациялар, мемлекеттер, билік аралық 
ұйымдар); 
-
қазіргі кездегі қызығушылықтар мен мақсаттарын қамтамасыз етуге 
бағытталған, алайда, ең бастысы, монополиялық бәсекеге қабілеттілік 
арқылы әлемдік экономикаға, саясатқа және жеке салаларға басымдық 
көрсетуді орнықтыруды алға қоятын субъектілердің (ең бастысы АҚШ) 
жеке іс-әрекеттері мен белсенділігі. 
Ресей ғалымы Н.Косолаповтың ойынша, жаһанданудың негізі төмендегі 
жағдайлардың бірлігінде жатыр: 
-
капитализмнің қазіргі кездегі ең жоғарғы даму деңгейі; 


-
адамзаттың алдыңғы эволюцияларының ең жоғарғы материалдық 
нәтижелері реіндегі техносфералар; 
-
техносфера қажеттіліктерін қамтамсыз ету жүйесіндегі орнына сәйкес 
мемлекеттердің функционалды стратификациясы үдерісінің басталуы». 
ХХ ғ. аяғындағы капитализм біртұтас әлемдік шаруашылықтың 
қалыптасуын аяқтап, ең бастысы, жаңа реалийге саяси хаттама керек 
екендігін түсініп, өзін-өзі дайындады. «ХХ ғ-дың басты қорытындысы және 
өркениет дамуының ең негізгі көрсеткіші деп техносфераның адам өмір 
сүруінің жасанды ортасына айналуын санауға болады». Ғалымның пікірінше, 
техносфера жаһандану құбылысы мен үдерісінің бірнеше жағынан 
қарастырғандағы материалдық негізі ретінде қызмет етеді. Ол халықаралық 
еңбек 
бөлінісінің, 
кооперацияның, 
әртүрлі 
қызмет 
түрлерінің 
интерұлттануының жеткілікті көлемі негізінде пайда болады. Ол өмірге 
шақырады және экономика, ғылым, мәдениеттің барлық салаларында жаңа 
жаһандық өзара байланысқан түрлер мен қызмет типтерін дамытады; 
мемлекет аралық шекараларға қарамай, оған қажетті қаржылық ағымдар мен 
ұйымдасқан құрылымдарды туғызады; жаһандық маңызға ие көптеген 
дәстүрлі мәселелерді шешеді; өзіндік экологиялық және басқа да жаһандық 
салдардарды 
туғыздырады. 
Ол 
техносфераның 
сыртқы 
әлеммен 
функционалдық 
байланыстарының 
жүйесіндегі 
орны 
арқылы 
мемлекеттердің иерархиясын қалыптастырады; мемлекетті жаңа жаһандық 
байланыстар мен тәуелділіктер жүйесіне қарай бейімдеп, мемлекеттің 
дәстүрлі егемендігін жойып, осы жағдайлар негізінде мемлекеттің орнын 
өзгертеді. Зерттеушінің пікірінше, «техносфера оны қамтамасыз етудің 
топтасқан шеңберлерін қалыптастыруға ұмтылдырады. Мұндай топтар: 
-
бір-бірімен белгілі бір құрылымдық байланыстағы барынша дамыған 
(постөркениеттік) мемлкеттердің жиынтығы ретінде техносфераның 
өзін; 
-
даму деңгейіне немесе техносфераға өте маңызды қызметтерді 
атқаруына байланысты техносфераға кіруге үміткер елдерді; 
-
техносфераға энергоресурстар мен шикізат көздері ретінде қажетті 
елдерді; 
-
техносфераға қатысты қызметтерін бірдей экономикалық және өзге де 
жағдайларда және де бірдей практикалық нәтижемен басқа да елдер 
мен аймақтар жасай алатын (бірге немесе бөлек) орын басушы елдерді; 
-
техносфераның өмір сүруіне және қызметіне (қазіргі кезде немесе 
мүлдем) қызығушылық танытпайтын елдерді; 
-
техносфераға қазіргі кезде және болашақта да қарсы болып қала беретін 
елдерді туғызады.
Аталмыш модель белгілі бір дәрежеде И.Валлерстайнның (Wallerstein) 
атақты капитализм генезисіне ұқсайды. Генезис қазіргі капиталистік жүйені 
тудырған кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық үдерісінің өзгерістері 
деңгейінде сананың мүмкіндіктерін мойындамайды. Оның теориялық 
конструкциясында елдер көлемді әлемдік жүйелер элементтерінің екі типін 
орындайды: таза саяси сипаттағы байланыстар негізіндегі әлемдік 


империяның орталықтандырылған редистрибутивті жүйелер типінде және 
ерікті байланыстағы нарықтық типке негізделген, алайда құрамына тәуелді 
периферия да енетін мемлкеттердің орталықсызданған (капиталистік) 
жүйелері. Кейінірек ХХ ғасырда белгілі бір дәрежеде индустрияланған 
елдерді сипаттау үшін И.Валлерстайн периферия түсінігін енгізді. Олар 
орталық экономикаға бағына отырып, белгілі бір дәрежеде саяси 
орталықтануға, және де азаматтық-саяси ұйымға қол жеткізді. Олардың 
қатарына оңтүстік Европа елдерінің көпшілігі, кейбір Латын Америка елдері 
(Аргентина, Бразилия, Чили) және де Оңтүстік Корея енгізілді. «Орталық», 
«жартылай периферия», «периферия» секілді ұғымдар кең қолданыста 
қолданыла бастады.
И.Валлерстайнның қазіргі елдерді орталық, жартылай периферия және 
периферия елдерге бөлуі немесе Н.Косолапов ұсынған техносфераның 
топтасқан шеңберлері кестесіне сәйкес посткеңестік елдердің де «белгілі бір 
шеңберді қамтитынын» болжауға болады. Қазақстанға келетін болсақ, тіпті, 
қазіргі Ресей де тек «үшінші шеңберге» ғана үміткер бола алады, яғни олар 
қазіргі кезде техносфераға энергоресурстар мен шикізат көзі ретінде қажет. 
Біздің ойымызша, Қазақстан әлі субъект бола алмайды, ол сыртқы күштерге 
қажетті экологиялық және табиғи ресурстардың ерекше кешені ретінде 
жаһандану объекті ғана бола алады. Алайда қазіргі кездегі көптеген дамушы 
елдердің ең басты міндеті егемендігін сақтау болып табылады. Өйткені, 
капитал мен еңбек иелері елден елдерге еркін көше алатын мүмкіндік алған 
жағдайда (техникалық қиындықтарсыз емес болса да, бәрібір еркін) өмірі 
мен қызметіне жақсы жағдай жасалынатын жерлерге қарай жаппай көшу 
құбылысы көрініс табады. Негізінде бұл жағдай бұрыннан көрініс табуда: 
1990 жылдардың басында капиталар мен мамандардың Қазақстаннан Ресей 
мен алыс шет елге көшуі – бәріне белгілі дәлел. Бұл заңды үдеріс: кез келген 
елдегі кішкентай ауылдардан гөрі қарапайым қалалардың үлкен 
мүмкіндіктер беретіндігі секілді «әлемдік қала» әлемнің периферийлік 
аудандарына қарағанда жұмыстың үлкен таңдауын, еңбекке жақсы 
жағдайлар, өмірдің өзіндік өрнегі мен сапасы секілді жағдайлар туғызады. 
Бұрын халық ауылдан қалаға көшетін болса, қазіргі кезде ірі қалалардан 
ғылым, мәдениет, білім мен іскери белсенділіктің әлемдік орталықтарына 
қарай көшу белең алған. Бұл мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
басқаруларды тиімді жүргізуі және дамытуымен байланысты; ол 
жоғарылаған сайын, халықтың белсенді бөлігінің өзіндік қалыптасу 
мүмкіндіктері мен өмір сүру сапасы жоғары елдерге көшу мүмкіндігі 
жоғарылайды. Соған қарамастан, жаһандық үдерістері объективтілігінің 
салдары, жаһандық қарым-қатынас ішіндегі жүйелердің бағыттаушы 
күштерініңің өсуінен құтылуы, біздің ойымызша, ел дамуы болашағы 
тұрғысынан қарағанда мүмкін емес және зиянды. Жүйеге қарай ыңғайлану 
және елді дамыту жағынан оның мүмкіндіктерін пайдалану маңыздырақ. 
Біздің 
болжамымызша, 
демократизация 
үдерісі 
дамушы 
елдер 
техносферасына қайта кірушілерге тең (тең құқылы) жағдай жасауға 
көмектеседі.


Бірдей 
мүмкіндіктер, 
еркін 
бәсекелестік, 
даму 
жағдайындағы 
диспропорцияны жеңу, реттелген өсу туралы риторикаларға қарамастан, 
Батыстың қазіргі жағдайды сақтап қалуға деген құлшынысын байқауға 
болады. Жаһандану үдерісі, транұлттық одақтарды құру оның қолына 
бақылаудың қуатты күшін, шыдамдылықты, керек кезінде потенциалды 
бәсекелестің ликвидациясын да бере алады.
Әлем жаһандануының қиын да кереғар жағдайларында мұндай 
қиындықтардан шығу ұлттық-мемлекеттік білімді сақтап қалу және дамыту 
арқылы ғана жүзеге аса алады. Өйткені адамның қарапайым санасында 
ұлттық мемлекеттер қоғам ұйымдарының әмбебап формасын құрайды.
Бір жағынан, ұлттық-мемлекеттік организмдердің өзара әрекеті, өзара 
ықпалдастығы, өзара тәуелділігі қарқынды сипат ала бастайды. Екінші 
жағынан, ХХІ ғасырда ақпаратты-технологиялық даму, өндіру және 
айырбастау үдерісіне енген әлсіз және дамушы елдер үшін бір ғана шынайы 
жол аймақтық интеграция аясында өзін-өзі тәуелсіз мемлекет етіп 
тағайындау болмақ. Мұндай локализацияның негізін тарихи жады, 
әлеуметтік-мәдени дәстүр, діл, экономикалық және саяси дамудың 
ерекшеліктері құрайды.
Қазіргі жағдайға келсек, ұлттық организмдердің өзара ықпалдастығы 
күштілерді күштірек, әлсіздерді одан әрі әлсірете түседі. Бұл кезде ұлттық 
дамудың стратегиясы шешуші қызмет атқарады. Қазақстанда, мысалы, ол 
«Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы. Ол елдің ішкі дамуын 
арттырып қана қоймай, халықаралық саясатта берік байланыс орнатуды 
мақсат етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қатаң протекционизм мен 
сепаратизм әсерінен әлемдік нарыққа қатыса алмайтын елдер артта қалады. 
Бұл жағдайда бір ғана шешім ұлттық-мемлекеттік білімнің болашағын 
ақпараттық-технологиялық революция негізінде қарастыру болып табылады. 
Бұл кезде ерекше мәселелер тууы ықтимал, мысалы, әлемдік нарықтағы 
технологияға қол жеткізу құралдары ретінде экспортты қолдану, ірі 
инвестициялардың 
ғылымға, 
технологияға, 
жоғары 
білім 
алуға 
мүмкіндіктерін іздеу. 
Бұдан шығатыны, жаһандану Батыстың батысқа ұсынған дамудың 
неолибералды моделі деуге болады. Батыстық даму моделінің дәстүрлі қоғам 
экономикасына шипалы ықпалы туралы айтып не сеніп керек емес шығар. 
Көптеген дамушы елдер дамудың бұл неолибералды моделін қабылдай 
алмайды, өйткені оның бүкіл халықтың негізгі деген қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға мүмкіндігі жоқ.
Жаһандану 
мәселелері 
туралы 
пікірталастар 
үшінші 
жолдың 
қалыптасуына түрткі болды. Ол Батыстың белгілі бір саяси күштерінің 
жаһандануының, әлемдік еркін нарықтың, ақпараттық ашықтық пен осы 
нарықтың электронды формада қызмет етуінің қалыптасуына айтқан жауабы 
болды. Э.Гидденс жаһандану мәселелерімен айналысатын ғалымдарды 
скептиктер мен радикалдарға бөледі. Біріншілері жаһанданудың жаңа нәрсе 
әкелгенімен келіспейді және «жаһандану» термині әлемдік экономика 
өсуінің үрдісін байқатады дейді. Радикалдар су жаңа үдеріс туралы баяндап, 


еркін нарық глобализациясы, жаһанданудың экономикаға бағынбай, қоғамға, 
мемлекетке, адам өміріне ықпал ететін әлем дамуының басты үрдісіне 
айналатындығын айтады. Жаһандану туралы тым жағымды және тым қарсы 
пікірлермен қатар, жаһандануға трансформаұлттық реакция да кездеседі. 
Трансформаұлтшылдар 
дегеніміз 

жаһандануды 
әлеуметтік 
трансформацияның жаңа типіне жатқызатын зерттеушілер, бірақ оны 
аяқталмаған тип деп есептейді және объективті жағдайлар, қазіргі әлеуметтік 
үдерістердің біркелкі еместігі әсерінен де, кемшіліктерін түзеуге бағытталған 
саясат салдарының әсерінен де өз сипатын өзгерте алады дейді. Олар үшін 
жаһандану объективті құбылыс, Батыстың бес жүз жылдық өркендеуінің 
қорытындысы және басқа әлем елдерінің бұл үдеріске жауабын көрсететін 
модернизация (Э.Гидденс, Й.Мени, Дж.Несбит). 
Көптеген Батыс елдері дамудың үшінші жолын таңдайды. Э.Гидденс және 
үшінші жолдың басқа да жақтаушылары негізі индустриаландыру болып 
табылатын көптеген батыстық емес елдерге таралған қазіргі қоғамды 
жаһандану нәтижесінде құрылатын қоғаммен салыстырғанда дәстүрлі қоғам 
деп атауға болады деп есептейді. Жекелеген елдердегі либералды 
реформалар олардың модернизациясының бір бөлігі болып табылса, 
нарықтың жаһандық либерализациясы жаңа модернизацияның құрамды 
бөлігіне айналады.
Жаңа (жаһандық) әлемге енуді жаңа модернизация деп атайды, өйткені 
оның заңдылықтары бұрынғымен сәйкес келеді. Батыс шақыруына 
модернизациямен жауап қатпаған елдер тәуелді бола бастады, өздеріне тән 
абыройына қарамастан артта қалған елдерге айналды, артта қалған елге 
айналған соң, ол абыройынан да айрылды.
Үшінші даму жолының өкілдері, негізінде, жаһандық, еркін нарыққа өту, 
соның негізінде жаңа қоғам құруды қамтамасыз ететін Батыс 
модернизациясының жаңа сатысын ұсынады. Осы арқылы үшінші жолды 
жақтаушылар жаһанданудың жаңа шақыру екенін мойындайды, сонымен 
қатар, олар мұны әлеуметтік саясатпен, барабар жаңа жағдаймен 
байланыстыруды қалайды. Батыс елдерінің бұл даму вариантын қолдануын 
саяси модернизацияның жаңа деңгейі ретінде көруге болады. 
Қорытындылағанда айта кететін бір жайт, жаһандану құбылысын құрушы 
көздер дегеніміз - адамның қожалық ету салдарынан, байланыстың дамуынан 
және трансұлттық одақтардың пайда болуының әсері.
Жаһандану капитализмнің дамуымен тығыз байланысты. ХХІ ғасыр 
басына қарай капитализм өз қызметі аясына бүкіл әлемді тарта отырып, 
біртұтас әлемдік қожалықтардың құрылуын аяқтады. ХХ ғасыр аяғында 
экономикалық өсудің, халықтың кепілді болашағын қамтамасыз етудің 
қабілетсіздігін айқындаған үлкен дағдарыс орын алды. Халық әлеуметтік 
ұйымдардың 
автономдылығы 
мен 
әмбебапталған 
стандарттардың 
легитимділігі жағынан мақсатшыл бола бастады. Бұл жаңа саяси 
символдардың өсуіне және мәдени тиімділіктің гүлденуіне түрткі болды. 
Басты саяси символдарға әрқайсысы жаһандану тәжірибесін инстуциялайтын 


адам құқығы, әлемдік масштабтағы әлуметтік орта, либералды 
демократизация, тұтыну құқығы, космополитизм жатты. 
Қазіргі постәлеуметтік елдерге жаһандық әлемде өз орнын табу өте қиын, 
өйткені олардың көпшілігінде нарықтық қарым-қатынастардың белсенді өсуі 
мен демократизация үдерісі соңғы он-он бес жылда ғана дамып келеді. Қиын 
да қайшылықты жағдайдан шығудың бірден-бір амалы жекелеген елдердің 
ерекшеліктеріне қарай (ұлттық мемлкеттер) және халықаралық серіктестікке 
сүйенген өз даму моделін қалыптастыру болып табылады. 
Батыстың дамыған капиталистік елдерінің жаһандануға беретін жауабы 
үшінші жол концепциясы болып табылады. Бұл жерде жаһандану әлеуметтік 
трансформацяның бір түрі ретінде көрініс табады. Жаһандық әлемге ену 
жаңа модернизация деп атала бастады, сондықтан да модернизацияның 
танымал және жақсы құрастырылған теорияларына сүйене отырып, 
постәлеуметтік елдердегі қазіргі әлеуметтік үдерісдерді зерттеу мүмкін 
болып табылады. 
Жаһандануды қалай бағаласақ та, ол қазіргі өмір сүрудің дәлелі бола 
алады. Әлеуметтік ғылым үшін жаһандану ұғымының маңызы бүкіл әлемді 
бір жерге жинақтайтын үдеріс – жаһандық жүйеге назар аудартуында. 
Жаһандануды зерттеу жалпы әлеуметтік-ғылыми мойындаудың бір бөлігі 
болып табылады. Одан шартты бірліктер мен талдау дәрежелерінің (жеке, 
жалпы, социеталды, ұлттық, халықаралық) әлеуметтік тәжірибе мен 
ұйымдардың жеке аясы болып табылмайтындығы, тек қана өзара 
байланысатындығы шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет