5 – тарау. «IX ғасырдың екінші жартысы – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті» 1. Қай ғасырда археологиялық зерттеулерге қарағанда отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген?
X – XII
X – XIII
IX – X
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:
Оңтүстік Қазақстан қалалардың топтаса орналасқан жерлері - ... болады.
3. Қалалық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері - ...
4. Қай аймақтан 36 қала жұрты табылды.
Алматы
Тараз
Шымкент
5. Көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жататын топқа ... қалалары жатады.
6. X – XII ғ. қалаларындағы басты бір жаңалық – жаңадан салына бастаған қала құрылысының ерекше бір жүйесі - ... пайда болуы.
7. X – XII ғ. Қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі - ...
8. Қай қаладан екі жерінен шығыс моншасының орны табылды?
Сайрам
Сауран
Отырар
9. Қай уақытта Қазақстандағы қалалардың құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды?
X – XI ғ
X – XIII ғ. басына дейін
X – XII ортасына дейін
10. Баламалы сұрақ
Рабад дегеніміз қаланың екінші сыртқы бөлігі.
11. Баламалы сұрақ
Қоржын үй дегеніміз қатар жасалған 3 бөлмелі, бір – бірімен байланысты үйлер.
12. XII ғасырдың тұрғын үйлеріндегі тағы бір ерекшелікті ата:
Табылған күміс теңгелер
Еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақтар
Моншалар , мешіттер
13. Баламалы сұрақ
Ташнау дегеніміз бүгінгі көп қабатты үйлерде пайдаланып жүрген канализацияның қарапайым түрі.
14. Қыш – құмыра жасайтын шеберханалар қай қалалардан табылды?
Отырар , Сайрам, Сауран
Құйрықтөбе, Тараз, Алмалық
Отырар , Құйрықтөбе, Талғар, Тараз
15. Қыш құмырашыларының қолы жеткен жетістіктерінің бірі:
Шыны бұйымдар жасау
Қыш құмыра жасау
Алтын бұйымдар жасау
16. Сәйкестендір:
Темір ұсталығының орындары Отырар, Тараз, Йасы
Археологиялық зерттеулерге қарағанда бұл қалаларда ақша шығаратын сарайлар болған Испиджаб, Отырар, Фараб
Бұл қалалардан табылған шыны ыдыстарды жасауда үрлеу мен қалыпқа құю тәсілдерін пайдаланған Алматы, Талғар
17. Сәйкестендір:
Терракота кеңінен қолданылды X – XII ғ
Сәулетті ірі құрылыстар салына бастады X ғ аяғы немесе XI ғ басы
Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кез X – XII ғ
18. Сәйкестендір:
Кутейба ибн Муслим Бұхараны соғыссыз алады 751ж
Насыр ибн Сейяр Орта Азияның бір қатар аймақтары мен Қазақстанның оңтүстігіне басып кіреді 737-748ж
Атлах шайқасы 709ж
19. Қай ғалым Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазады?
a) Әл-Фараби
b) Әл-Макдиси
c) Әл-Марвази
20. Сәйкестендір:
1) Әбу Наср әр-Фараби 1030 - 1090ж
2) Махмуд Қашғари 1021 - 1075 ж
3) Жүсіп Баласағуни 870 – 350 ж
21. Қай ғалымның айтуы бойынша Махмуд Қашғаридың Диуани луғат ат-түрк кітабын жазудағы басты мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб тілінен ешбір кем түспейтінін дәлелдеу болды?
a) Ахмет Иүгнеки
b) А.Н. Кононов
c) Геродот
22. Қай ғұлама «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл – біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деген?
a)Махмұд Қашғари
b) Жүсіп Баласағуни
c) Ахмет Иүгнеки
23. Сүлеймен Арслан хан бұл кітабы үшін ғұламаға Ұлы хас хажип атағын берген. Бұл қай ғулама?
a)Махмұд Қашғари
b) Жүсіп Баласағуни
c) Ахмет Иүгнеки
24. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын ... болды.
25. Баламалы сұрақ
Әкесі Ибраһим, шешесі Айша, өзінің әпкесі Гауһар – Шаһназдың қолында өскен Қожа Ахмет Йасауи болды ма?