Сағат саны: 1 Қарастырылатын сұрақтар



Дата02.12.2023
өлшемі26,18 Kb.
#131380
Байланысты:
9.Лекция Инклюзив (1)


Дәріс № 9 : Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Сағат саны: 1
Қарастырылатын сұрақтар: Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Церебральды сал ауруы бар балалар: негізгі қозғалыс және сөйлеу бұзылыстарының сипаттамасы. Тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған балалардың әлеуметтік даму ерекшеліктері. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру.

Тірек қимыл аппаратының бұзылу функциясы туа біткен де және жүре пайда болуы да мүмкін. Бұл екі түрінің де проблемалары ұқсас болып келеді.Жетекші клиникалық сипаты болып қозғалу дефектісі болып табылады (қалыптасуының кешігуі,қозғалу функциясының жоғалуы немесе бұзылысы).


Тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бұл екі топ әртүрлі түзетушілік-педагогикалық жұмысты қажет етеді.
Бірінші категорияға (қозғалу бұзылысының ортопедиялық сипаты) неврологиялық сипатттағы емес тірек қимыл аппараты бұзылған балалар жатады. Әдетте бұл балалардың интелектуалдық дамуы сақталған. Кейбір балаларда психологиялық дамуының жалпы темпі баюу жіне көру-кеңістіктік түсініктері бұзылған. Бұл категорияға жататын балалар тобы психологиялық көмекке мұқтаж болып келеді.
Екінші категория тобына (қозғалу бұзылысының неврологиялық сипаты) орталық жүйке жүйесінің қозғалу бөлімі органикалық бұзылысы нәтижесінде болған балалар тобы жатады. Бұл топтың көпшілігін-жалпы тірек қимыл аппараты бұзылған балалар ішінде (ДЦП-БЦСА) 89% балалардың церебралды сал ауруы құрайды.
БЦСА кезіндегі қозғалу бұзылыстары баланың танымдық, сөйлеу тілінде, эмоционалды-ерік сферасы мен жеке сферасындаға ауытқушылықтармен сәйкес келеді. Мұндай балалар психологиялық-педагогикалық және логопедиялық көмектен басқа медициналық реабилитация мен әлеуметтік көмекке мұқтаж болып келеді.
Балалардың церебралды сал ауруы – ОЖЖ-нің ерте органикалық бұзылуы салдарынан пайда болған және көп жағдайда мүгедектікке әкелетін полиэтиологиялық неврологиялық ауру. Соңғы жылдары БЦСА балалардың жүйке жүйесіндегі ең көп таралған аурулардың бірі болып отыр.
БЦСА прогрессияланатын ауруға жатпайды. Жасы өскен сайын кешенді реабилитация барысында баланың жағдайы әдетте жақсарады.
БЦСА түрлі қолайсыз фактордың әсерінен пренатальды, интранатальды кезеңде немесе баланың бірінші жылында пайда болады. БЦСА-ның жетекші клиникалық сипаты болып қозғалу бұзыыстары жатады, ол өз кезегінде психикалық және тіл бұзылыстарымен, басқа анализатор функциясының бұзылысымен (көру, есту, проприорецепция), құрыспалы ұстамалармен үйлесіп отырады.
БЦСА кезінде болатын қимыл-қозғалыстық бұзылулар қол мен аяқтың зақымдануынан байқалады (бұлшық ет тонусының зақымдануы, патологиялық рефлекстер, қимыл-қозғалыстың күштеу арқылы болуы, тепетеңдіктің, кординацияның, шағын моториканың қалыптаспаушылығы). Қимыл-қозғалыс бұзылуының ауыртпалығы әр түрлі болады: кейбір балалар тік күйде отыра және тұра алмайды, тек арнайы арбада ғана қозғала алады, көптеген балалардың жүріс мәнері өгеше болады, көпшілігі ортопедиялық арнайы құрылдар – балдақтар, таяқтар және т.б. пайдаланады, сал ауруымен ауыратын балалардың аз ғана бөлігі қосымша құрылғылардың көмегінсіз қозғалу мүмкіндігіне ие. Оң жақ аяқ-қолдары зақымданған ауру балалар, ісәрекетті сол қолымен істеуге мәжбүр, бұл жағдай олардың өзіне-өзі қызмет ету және жазу дағдыларын меңгерулерінде қиындық тудырады. Барлық дерлік балаларда саусақтардың сезімталдығы дамымаған. Көпшілік балалар тұрмыс жағдайында өз-өзін қамтамасыз ету мен санитарлы-гигиеналақ дағдыларды қиындықпен үйренеді.
Медицинада БЦСА классификациясын К.А.Семенова жасап шығарды. Бұл классификацияға сәйкес БЦСА-ның 5 формасын бөліп көрсетті:
-Спастикалық диплегия
-гемипаретикалық форма
-қос гемиплегия
- гиперкинетикалық форма
-атоникалық-астатикалық форма.
БЦСА кезіндегі танымдық қасиетінің бұзылу ерекшеліктеріне кейбір жеке психикалық функциялардың бұзылуының дисгармониялық сипатта болуы, астениялық көріністердің болуы (жоғары деңгейдегі шаршаңқылық, барлық жүйке-психикалық процестердің сарқылуы), білім қоры мен қоршаған орта туралы түсінігінің аздығы. Бұл балалар тобы қоршаған заттық айналасының құбылыстары мен әлеуметтік сферасын түсінбейді. Тек практикалық тәжірибесінде болған түсініктермен ғана шектеледі. Бұл балалар қозғалысының шектелуі садарынан өзінің құрдастарымен және басқа да адамдармен қарым қатынасын қиындатады.
БЦСА кезінде әртүрлі анализатор жүйесінің бұзылысы да байқалады. Көру, есту, бұлшық ет буындарының патологиясы қабылдауына көп мөшерде әсер етеді. Соның салдарынан ақпарат шектеледі, интеллектуады іс-әрекеті қиындайды. Бұл балардың ішінде 25 % көру аномалиясы бар.
БЦСА-ның гиперкинетикалық формасында балардың 20-25% есту қабілетінің төендеуі байқалады. Мұндай жағдайда балаларда дыбыс айтылу жағы бұзылады. Яғни жоғары жиеліктегі дыбыстарды естімегендіктен, көп дыбыстарды тастап кетеді не бұзып айтады.
БЦСА балалардың қимыл әрекетінің бұзылуынан басқа интеллектуалды даму кемістігі де байқалуы мүмкін: балалардың 40-50%-ында психикалық дамуының тежелуі болса, барлық балалардың 10%-ға жуығында – түрлі сатыдағы ақыл-ой кемістігі байқалады. Бұл кемістіктер мидың зақымданумен түсіндіріледі, сонымен қатар қозғалыс белсенділігінің шектелуі және дамудың қосымша бұзылуларының нәтижесінде пайда болатын депривацияның (қорқыныш) салдары болып табылады. Психикалық дамудың тежелуі ойлау қызметі қалыптасуының артта қалуында, түрлі психикалық функциялардың біркелкі дамымауында, астениялық (ағза әлсіздігі) жағдайлардың айқын байқалуында көрініс табады.
Бұл категорияға жататын балалар тобында фонематикалық қабылдауы дамымағандықтан, көп дыбыстарды ажырата алмайды. Мұндай жағдайда балалар оқу мен жазуда көптеген қиындықтарға ұшырайды. Жазу кезінде көптеген қателер жібереді. Көпшілік балаларда -астереогноз бұзыған. Ол дегеніміз – көру қабілетінсіз заттарды ұстап, сипап сезу арқылы танымау немесе танудың бұзылысы. Бұл балаларда соныен қатар кеңістіктік және уақыт түсініктері нашар қалыптасқан. Өте жиі оптикаық-кеңістіктік бұзылушылықтар байқалады.
БЦСА ауыратын балалардың көпшілігінде сөйлеу дағдыларының кемшілігі байқалады, соның ішінде жиі кездесетіні–дизартрия. Тіл күрмелудің байқалуы әр түрлі: жеңіл түрінен мүлдем түсініксіз сөйлеуге дейін болуы мүмкін. Ең күрделі жағдайларда анартрия (сөйлей алмау) байқалуы мүмкін.
Тілдік кемістіктің болуы көп жағдайда сөйлесу ықыласын төмендетеді және сөйлесу барысында қиындықтар тудырады.
Бұл балалар заттың формасын дұрыс көшіре алмайды, ассиметрияық фигуралар мен әріптерді керісінше салады, өзінің денесін қиындықпен игереді. Көп уақытқа дейін өзінің оң не сол қолын ажырата алмайды.
Барлық балаларда астения (ағза әлсіздігі) байқалады: жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі, барлық психикалық процестердің қалпына келмеуі, қабылдаудың бәсеңдігі, зейін аударудың қиындығы, есте сақтау көлемінің аз болуы. Мұндай балалардың көпшілігінде жоғары психикалық функциялардың дамуының бар екендігін атап өту қажет, алайда дене бітімінде кемшіліктері (қимыл-қозғалыс, есту, көру фукцияларының бұзылуы), сөйлеу қиындықтары, астениялық көріністің және білім қорының шектеулілігі, әлеуметтік-мәдени депривацияның салдары бұл мүмкіндіктерді жасырып тұрады.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытудың арнайы жағдайлары
Тірек- қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін. Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы: - бастауыш білім беру деңгейінде
– 0 (даярлық), 1-4 сыныптар;
- негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
- жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар. Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен, түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты болып отыр.
Қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар интеллектуалдық ауытқуы байқалатын бала ақыл-есі кем оқушыларға арналған арнайы сыныптарда оқытылады.
Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, сонымен қатар жалпы білім берудің бағдарламалары мен оқулықтарына жүзеге сәйкес асырылады.
Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру
Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды.
Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар), психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері, физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге асырады
Мектеп оқушысының қимыл-қозғалыстық, сөйлеу және жалпы дамуындағы кемшіліктерді жеңу үшін келесі курстар бойынша арнайы оқу жоспарымен қарастырылған жекелеген және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады:

  1. массаж, шипалы балшық-сумен емдеу, дәрі-дәрмекпен емдеу аясында ұйымдастырылатын ЕДШ (балалардың қимыл-қозғалысы бұзылуы басымдылығының орнын толтыру мақсатында жекелеген және топтық түрде болады. Сабақтар ЕДШ бөлмесінде немесе арнайы жабдықталған гимнастика залында өткізіледі. Алынған нәтижелер дене шынықтыру, технология және сабақтан тыс жалпы дене шынықтыру шараларында бекітіледі;

  2. сөйлеу кемістігі бар балалар үшін ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар, ең күрделі бұзылулар барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізіледі.

  3. сабақтарда оқу бағдарламасын меңгеруде ауырлық көретін оқушылардың психикалық функцияларының бұзылуын түзетуге арналған жеке және топтық сабақтар.

Өмірлік іс-әрекеттің арнайы ортасы Мектепке кіру баспалдақтан басталады, бұл тірек-қозалысаппараты бұзылған, бір жерден келесі жерге бару үшін арнайы арба, балдақ, таяқ және басқа да құралдарды қолданатын балалар үшін қатаң немесе алынбайтын кедергі болып табылады. Пандус неғұрлым жазық және жайпақ болуы тиіс, яғни оқушы арбамен өз бетінше көтеріле және түсе алуы тиіс. Пандустың ені – 90 см. кем емес, пандустың ең қажетті ерекшелігі оның екі жағынан орнатылатын қоршағыш бүйірі және тұтқалары болып табылады. Есіктер пандусқа қарама-қарсы жаққа қарай ашылуы немесе кіре беріс қоңыраумен жабдықталуы тиіс. Есік ойығының ені 80 – 85 см. кем болмауы тиіс. Арбамен келген оқушы жоғары қабаттарға көтеріле алуы үшін, лифт қарастырылуы немесе баспалдақтарда арнайы көтергіш құрылғылар орнатылуы қажет. Киім шешетін бөлмеде өтетін орындардан шеткері жерде арнайы орын бөліп, оны тұтқалармен, орындықтармен, сөмкелерді және киімдерді ілуге немесе қоюға арналған сөрелермен және ілгіштермен жабдықтау немесе арнайы бөлме бөлу қажет. Мүгедектер, сонымен бірге арбалы-мүгедектер үшін арнайы дәретхана кабинкасын қарастырған жөн, есіктің ені 900 мм. кем болмауы тиіс, кабинада унитаздың бір жағында арбаны орналастыруға және арбадан унитазға ауысып отыруға болатын бос аудан қарастырылуы тиіс. Кабина тұтқалармен, штангалармен және т.б. арнайы құралдармен жабдықталуы тиіс. Сынып бөлмесіне кіретін есік табалдырықсыз болуы тиіс. Арбадағы бала үшін оқушы орнының ең кем мөлшері (мүгедек арбасының бұрылу есебімен) – 1500 – 1500 мм. Мүгедек арбасын, балдағын, таяғын және т.б. сақтау үшін (егер оқушы арбадан орындыққа ауысып отыратын болса) партаның жанында қосымша кеңістіктің болуын қарастыру қажет. Тақтаның алдында оқушы арбамен немесе балдақпен еркін қозғала алуы үшін, тақтаның жанындағы өту орны бос болғаны дұрыс. Сынып тақтасы төменірек ілінуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет