Қосу жəне көбейту екі бинар амалдар орындалатын жиын сақина деп аталады. Жалпы сақинада бүтін сандардағы сияқты осы амалдар үшін белгілеулерді қолданамыз: қосу + белгісімен жəне көбейту сəйкестендірумен немесе * белгісімен көрсетіледі (яғни, a жəне b қосындысын a + b , көбейтіндісін a * b түрінде жазамыз).
Нөлдік сақиналар. Айталық (Қ0)-(Қ4) аксиомаларын қанағаттандыратын бір + бинар амалымен жиын R болсын. R -дегі көбейтуді сақина болатындай анықтауға мүмкіндік бола ма? Біз болады деп жауап қайтарамыз.