Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


и және у  дыбыстарын дауыссыз  ретінде танығандықтан, буын құраушы  Ұ және Ү



Pdf көрінісі
бет12/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

и және у 
дыбыстарын дауыссыз 
ретінде танығандықтан, буын құраушы 
Ұ және Ү 
дыбыстарын жазуға 
мүдделі. Тіл табиғаты да осыны талап етеді [50]. 
Қ.Кемеңгерұлы – қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, олардың саны мен 
құрамы, буын, сингармонизм табиғаты т.с.с. мәселелерге ерекше көңіл 
аударып, өзінше ой түйіндеген зерттеушілердің бірі. Ғалымның қазақ тілінің 
фонетикасына қатысты ойлары «Грамматика казахского языка», «Оқу 
құралы» және 1929 жылы Қызылорда қаласында өткен ғылыми- 
орфографиялық конференцияда сөйлеген сөздерінде қамтылған [47]. 
Қ.Кемеңгерұлы қазақ тілінің дыбыс қорының зерттелуі сингармонизмге 
негізделуі 
керектігін 
терең 
пайымдаған. 
Ғалым 
сингармонизмді 
дауыстылармен қатар дауыссыздардың да үндестігі деп түсінеді [47]. 
О.Жұбаева 
«Қ.Кемеңгерұлының 
тілтанымдық 
мұрасы 
мен 
лингвистикалық тұжырымдамалары» атты кандидаттық диссертациясында 
түркі тілдеріндегі сингармонизм табиғатын тануда зерттеушілер екіге 
жіктелгендігі жөнінде айтады. Яғни И.А.Бодуэн де Куртенэ‚ В.В.Радлов‚ 
П.М.Мелиоранский‚ А. Байтұрсынұлы‚ Е.Д.Поливанов‚ Т.Шонанов т.с.с. 
зерттеушілер сингармонизмді дауыстылардың ғана үндесуі деп түсінсе‚ 
Х.Досмұхамедұлы‚ Қ.Кемеңгерұлы‚ К.К.Юдахин т.б. зерттеушілер оны сөз 
құрамындағы барлық дыбыстардың үндесуі деп түсінген [47]. 
Қ.Кемеңгерұлы сингармонизмді дыбыстардың жуан-жіңішке‚ еріндік- 
езулік болып үндесуі деп таныған. Бірақ қазақ тіліндегі әріп санын көрсетуде 
сингармофонемалардың сингармопозициялық түрлерін бір таңбамен берген. 
Бұл жағынан‚ ғалым А. Байтұрсынұлының «жеке фонемаға – жеке әріп» 
принципін ұстанғанын көреміз. Сондықтан Қ.Кемеңгерұлы дауысты 
дыбысты – 5‚ дауыссыз дыбысты - 17‚ оның ішінде жартылай дауысты 
дыбысты – 4 әріппен белгілейді де‚ сөздің жіңішкелігін білдіру үшін дәйекше 
қолданылатынын айтады. 
Қ.Кемеңгерұлы атауларды қолдануда‚ дыбыстарды топтастыруда да 
А.Байтұрсынұлы еңбектерін басшылыққа алған. 
Қ.Кемеңгерұлы дауысты дыбыстарды тілдің қатысына қарай жуан- 
жіңішке, еріннің қатысына қарай еріндік-езулік, жақтың қатысына қарай 
ашық, жартылай ашық, қысаң, жартылай қысаң деп топтастырады. 
Дауыстыларды жуан-жіңішке, еріндік-езулік деп жіктеуде зерттеушілердің 
көбінде бірізділік бар [47]. 


39 
О.Жұбаева 
«Қ.Кемеңгерұлының 
тілтанымдық 
мұрасы 
мен 
лингвистикалық тұжырымдамалары» атты кандидаттық диссертациясында: 
«Қ.Кемеңгерұлының дыбыстарды – дауысты, дауыссыз, жарты дауысты деп 
топтастыруы Х.Досмұхамедұлы, А.Байтұрсынұлының жіктеуімен ұқсас. 
А.Байтұрсынұлы ұяң дауыссыздарды жалғау, жұрнақтардың ауанына қарай 
әрі сөз соңында келмеуіне байланысты ымыралы, ымырасыз деп жіктесе, 
Е.Омаров жарты дауыстыларды қосымшаның басқы дыбыстарын өзгертуіне 
байланысты ымыралы, ымырасыз деп бөледі. Ал Қ.Кемеңгерұлында 
ымыралы, ымырасыз деген атаулар кездеспейді. Келтірілген ғалымдардың 
бәрінде де дауыстылар құрамы (саны) мен қатаң дауыссыздарды 
топтастыруларында 
ұқсастық 
байқалады. 
Жалғыз-ақ 
б 
дыбысы 
А.Байтұрсынұлы еңбектерінде қатаңға жатқызылса, Е.Омаров пен 
Қ.Кемеңгерұлының еңбектерінде ұяң дауыссыздар қатарына жатқызылған», - 
дейді [47]. 
Сонымен‚ қазақ тіліндегі дыбыстардың құрамын‚ түрлерін‚ белгілерін 
анықтауда Қ.Кемеңгерұлы А.Байтұрсынұлының еңбектерін басшылыққа 
алғаны байқалады. Сонымен қатар ғалым ұстазының ойларын одан әрі 
дамыта‚ толықтыра түскен. А.Байтұрсынұлы қ-к‚ ғ-г дауыссыз дыбыстарын 
акустикалық жағынан да‚ артикуляциялық жағынан да өзгешеліктері 
болуына байланысты‚ жеке фонема ретінде танып, олардың әрқайсысына 
таңба арнайды. Ал Қ.Кемеңгерұлы сингармонизм ерекшелігіне сәйкес‚ 
сингармофонема корреляциялық қарама-қарсы жұптардан тұратынын 
ескеріп‚ қ-к‚ ғ-г дыбыстарын жұптасқан фонемалар ретінде таниды [47]. 
Х.Досмұхамедұлы да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет