92
аяз, тая, таяз, таяр
,
уық, уыз, уыс, уақ, су, туған, туысқан, жуан, рет,
ретінше
болады [1,39].
Мұнда ауызекі тіл мен жазбаша тілдің арасындағы А. Байтұрсынұлы
айтқан сәйкестік орын алады деуге болады. А. Байтұрсынұлы «Жаңа мектеп»
журналында 1928 жылы жарияланған «Қай әдіс жақсы?» атты мақаласында
дыбыстар мен әріптер арасындағы сәйкестікке тоқталады. Дыбыстар мен
әріптер арасында сәйкестік күшті болғандықтан, сөзінің жазылуы мен
айтылуының арасында да сәйкестігі күшті. А.Байтұрсынұлы дыбыстар мен
әріптер арасындағы сәйкестігі күшті жазуға қазақ пен қырғыз жазуын
жатқызады. Қазақ пен қырғыз жазуында дыбыс басына арналып әріп
алынған, әріп таңылған дыбыстан қайда тұрса да айрылмайды дейді. Сөздері
жазылғанда көбінесе-ақ сөзінің ішінде естілетін дыбысына қарай жазылады.
Мысалы, орыста бір сөз дыбысына қарай жазылып, он сөз дыбысына қарамай
жазылатын болса, қазақта он сөз дыбысына қарай жазылып, бір сөз ғана
дыбысына қарамай жазылады. Қазақ тіліндегі емле дыбысша емлеге
жататындықтан, сөздің ішіндегі дыбыстарын дұрыс айыра білу керек деген
тоқтамға келеді [1,360].
А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» оқу құралында берілген
мысалдарға тоқталатын болсақ, мысалдардың барлығында ауызекі тіл мен
жазба тілдің арасындағы сәйкестік орын алады. Қазіргі емлемізге сәйкес
сөздерді буынға бөлуде қандай сәйкессіздіктер мен сәйкестіктер орын алады
деген сауалға келер болсақ, сиыр, ми, тиын, тиін, жиын, жима деген
мысалдар бойынша дұрыс буынға бөліну реті: сы-йыр, мы-й, ты-йын, ті-йін,
жы-йын, жы-ймадеген сөздерде қазақ тілінің буынға бөлу заңдылығы
бойынша екінші, үшінші буындардың еш уақытта дауысты дыбыстан
басталмауы керектігін, тек дауыссыздан немесе үнді (сонор)
у,й
дыбыстарынан басталуын негізге алуымыз керектігін А. Байтұрсынұлы атап
айтқан еді. Сондықтан да, емле ережемізде сиыр/сыйыр, ми/мый,
тиын/тыйын, тиін/тійін, жиын/жыйын, жима/жыйма болып буынға бөлу
орын алатындығын айта кеткіміз келеді.
Бір сөзде фонемалардың саны аз да, көп те болуы мүмкін, бір сөз екінші
бір сөзден өзгеше болуы үшін барлық фонемалардың өзге болуы шарт емес.
Бір сөз басқа сөздерден фонемасының саны жағынан, сапасы жағынан және
сөздегі орын тәртібі жағынан өзгешеленуі мүмкін [101,282]. Мысалы,
аяз,
таяз, саяз, баю, аю.
Осы мысалда берілген
аяз
деген сөз
а
фонемасынан
басталса,
Достарыңызбен бөлісу: