Сайысқа қалай қатыса аласыз? Қатысу тегін



бет2/3
Дата24.03.2022
өлшемі24,22 Kb.
#28649
1   2   3
Байланысты:
2 5283080129386385982

Сайыс қалай өтеді?

  1. Қатысушы сайтта бәйгеге тіркеліп болғаннан кейін бекітілген кітапты оқып бастайды. Кітаптарды онлайн және офлайн форматта DARIYA қосымшасынан (http://onelink.to/dariya) аудио және электронды нұсқаларын ТЕГІН оқып, тыңдай аласыз, немесе сайттан және телеграм тобымыздан (https://t.me/tulgabolam) PDF, Word нұсқаларын ТЕГІН жүктеп алу арқылы оқи аласыздар. Ал қағаз түріндегі кітапты, бар болған жағдайда, Kitapal (https://www.instagram.com/kitapal.kz/) дүкенінен тапсырыс бере аласыздар. Ескерту: бәйгеге қатысу тегін және де қағаз кітапты сатып алу міндетті емес. Ғаламторда біз ұсынатын кітаптардың басқа да нұсқалары болуы мүмкін, тест біздің нұсқа бойынша дайындалатын болады, сондықтан бәйге барысында біз берген нұсқаларды оқу ұсынылады;

  2. Әр кітапты оқуға белгілі уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында кітапты мүмкіндігі барынша көп рет оқып дайындаласыз;

  3. Бекітілген күні тест тапсырасыз. Үш кезең тесттері онлайн форматта DARIYA қосымшасында немесе Google формада тапсырылады.

  4. Финал Қазақстанның 4 ірі қаласында (Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе) офлайн өтеді. Егер финалист офлайн тестке келе алмайтын болса 15 маусымға дейін ұйымдастырушыларды хабардар етуі тиіс. Егер ондай жағдай болса тиісті шаралар қарастырылады. Ескерту: Финал және марапаттау рәсімдері онлайн өтеді. Дегенмен Еліміздегі жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Өзгерген жағдайда алдын-ала әлеуметтік желілерде хабарлайтын боламыз.



Тест тапсыруға берілетін уақыттар (Барлығы Нұр-Сұлтан уақытымен):

  1. Ересек және студент тобы: 100 сұрақ, әр сұрақ бір ұпайдан, 21:00-21:16, 16 минут;

  2. 8-12 сынып тобы: 100 сұрақ, әр сұрақ бір ұпайдан, 20:30-20:48, 18 минут;

  3. 5-7 сынып тобы: 100 сұрақ, әр сұрақ бір ұпайдан, 20:00-20:20, 20 минут;

  4. 3-4 сынып тобы: 50 сұрақ, әр сұрақ екі ұпайдан, 19:30-19:50, 20 минут;

  5. 1-2 сынып тобы: 50 сұрақ, әр сұрақ екі ұпайдан, 19:00-19:20, 20 минут;

Ескерту: жоғарыда көрсетілген уақыттар



  • бірінші және екінші кезеңдерде әр топтан алғашқы 25 адамды анықтау үшін;

  • үшінші кезеңде әр топтан финалистерді және кейінгі бес адамды;

  • финалда жүлдегерлерді анықтау үшін ғана маңызды.

Яғни, бірінші, екінші және үшінші кезеңдерде ол уақыттан асып кеткен адам келесі кезеңге өтуге және Үлкен, Кіші рандом ұтыстарына қатысуға құқығы бар (финалдан басқа, финалға өту үшін үшінші кезеңде ұпай мен бірге уақыт та маңызды рөл атқарады). Үшінші кезеңде және финалда уақыт жүйрік атану үшін маңызды фактор. Мысалы сіз ересек тобындасыз және де 100/100 ұпай алдыңыз, бірақ тестті бекітілген уақытта 16 минут 01 секундта тапсырсаңыз алғашқы 25 орынға таласа алмайсыз;

18 жасқа дейінгі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет