Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
Сайттың орны.
Сайттың аудиториясы кімдер?
Қандай ақпарат жарияланады?
Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады?
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
Навигациялық құрылымын жасау.
Беттің дизайнын жасау.
Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау
Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
Сілтеменің жұмысы;
Мәтіндегі қателер;
Навигацияның тиімділігі;
Пошта және басқа формалардың дұрыстығы;
Графикалық файлдардың ашылуы;
Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау
Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау
Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау
Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
Программалық жабдықтау
Программалық жабдықтау HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кез-келген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы «Блокнот». Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі, қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.
Практикада әдетте Web-сайт жасауда HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі. Бірінші үлкен топтың Web-сайт жасау программалары HTML тілінің негізінде жұмыс істейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML редакторлердің жұмысты жеңілдетіп және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа төменгі программалар кіреді: HTML генератор; Magic HTML Studio 2.0; Macromedia Dreamweaver;