Домен - Домендер (.kz, .қаз, .ru, .com, .net және т.с.с.) сайттың елге, коммерциялық құрылымға, желіге т.б. жататындығын бейнелейді. Екінші деңгейдегі домендер сайттың атауын бейнелейді, мысалы: hoster.kz.
- Доменді тіркеу үшін бір жолғы төлем алынады, ал оны қолдауға (қайта тіркеу) жыл сайын төлем алынады. Домен толығымен иеленушінің меншігіне жатады, оны сатуға болады. Қазіргі кезде хостингке 1 немесе одан да көп жылға тапсырыс бересеңіздер доменді сыйлыққа 1 жылға тегін аласыздар.
Кіріспе - Сайтты жасау - күй таңдау немесе модаға еліктеу емес. Қазіргі заманның ұйымының өз сайты болуы- қазіргі заманның жоғары стандартына сай болу. Желіні пайдаланушы – ұйымның потенциалды клиенттері. Оларға сіздердің жұмыстарыңызбен танысуға мүмкіндік беру керек: сіздердің мекен-жайларыңыз бен байланыс деректерін білулері керек.
- Жеке сайт өнімдердің және қызмет көрсетудің ілгері қозғалуы, компанияның жарнамаларын ұйымдастырудың, жаңа серіктестің және персоналдың нарықтық бәсекелес кезіндегі қолайлы инструменті болып отыр.
Сайтты жасау кезеңдері - Жоспарлау;
- Элементтерді жасақтау;
- Бағдарламау;
- Тестілеу;
- Жариялау;
- Жарнамалау;
- Бақылау.
Сайт жасақтау жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады:
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек: - Сайттың орны.
- Сайттың аудиториясы кімдер?
- Қандай ақпарат жарияланады?
- Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады?
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады: - Навигациялық құрылымын жасау.
- Беттің дизайнын жасау.
- Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау - Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу - Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
- Сілтеменің жұмысы;
- Мәтіндегі қателер;
- Навигацияның тиімділігі;
- Пошта және басқа формалардың дұрыстығы;
- Графикалық файлдардың ашылуы;
- Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |