230
Су—ауру
– су—ауру, біржасушалы паразиттер
– трипанозома
қоздыратын ұзаққа созылатын
трансмиссивтік ауру. Көбіне түйеде болады.
Субарахноидальное пространство — өрмеліасты (тор-
лыасты) кеңістік; жұлын мен мидың өрмелі және
жұмсақ қабықтары
аралығындағы ми-жұлын
сұйығына толған кеңістік. Аталған екі қабықтың
беттері эндотелиймен астарланған.
Субинволюция матки – жатыр тартылуының
кешеуілдеуі, жатырдың төлдегеннен кейін кешігіп
қалпына келуі.
Субинфекция – жасырын инфекция.
Сублимация –
сублимация; ауасыз ортада кептіру.
Субокципитальная пункция – желкеге ине шаншу,
шүйде мен ауыз омыртқа аралығына түтікше ине
шаншу арқылы ми-жұлын сұйығын алу.
Субституция – субституция; шала қалпына келу (реге-
нерация), ыдыраған ұлпа
бөлігінің орнын екінші бір
ұлпаның өсіп толтыруы.
Достарыңызбен бөлісу: