24
түзу және жаңарту бағытында тірі организмде
жүретін химиялық процестердің жиынтығы. Ана-
болизм – тірі организмге тән зат алмасу процесінің
(метаболизмнің) қарапайым заттардан қуатты (энер-
гияны) жинақтау арқылы күрделі молекулалы
органикалық заттарды түзу кезеңі.
Анаболия – анаболия; жануарлар организмінде немесе
оның мүшелерінде эмбриондық дамудың соңғы са-
тыларында пайда болатын құрылымдық өзгерістер.
Бұл құрылымдық өзгерістер – организмге, оның
есеюі кезінде тұрақты белгілер ретінде беріледі. Ана-
болия – филэмбриогенездің бір түрі (филэмбриогенез
теориясын А. Н. Северцов ашқан).
Анаген (anagenus, грек. ana — қайтадан, кері; genesіs
— шығу, шығу тегі) – анаген; жануарлар тері
түктері өсу айналымының (циклінің) кезеңі. Ана-
ген кезеңінде түк баданасының эпителиоциттері
митоздық бөліну жолымен белсенді көбейіп, тері
түктері жедел өседі. Анаген — жануарлардың
мезгілдік түлеуінен кейінгі жаңа тері түктерінің
өсу кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: