Салаларының бірі ауыл шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет47/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   240
Гангулетеракидоз – гангулетеракидоз; қаз бен үйректің 
гельминтозы.
Гаплоид (грек. haploos – сыңар, eіdos — түр) – гаплоид; 
ядросында сыңар (тақ) хромосомалар жиынтығы бола-
тын жыныс жасушалары.
Гаптены – гаптендер; толымсыз (антиденелердің туын-
дауына қатыспайтын, бірақ олармен әрекеттесетін) 
антигендер.
Гассаля тельце — Гассаль денешігі; айырша без (тимус) 
денешігі.


58
Гастер (грек. gaster — қарын) — қарын (адамда асқазан). 
Гастрин – гастрин; фермент.
Гастрит – гастрит; қарынның қабынуы.
Гастрограф – гастрограф; қарын қызметін тіркейтін 
аспап.
Гастрография – гастрография; қарынның қызметін ки-
мограф арқылы жазу.
Гастроскоп – гастроскоп; қарынды көріп тексеретін 
аспап.
Гастроскопия – гастроскопия; қарынның ішкі бетін 
тексеру әдісі.
Гастростомия – гастростомия; хирургиялық (оталық) 
жолмен қарында тесік қалдыру, қарын тілімі.
Гастрофилезы – гастрофилездер; қарын бөгелегінің 
дернәсілдері тудыратын тақ тұяқтылар ауруы.
Гастроцель (gastrocoelіs; грек. gaster — қарын, 
асқазан; koelіa — қуыс) – гастроцель; гаструла 
сатысындағы ұрықтың ішкі қуысы. Гастроцель 
сыртқы ортамен алғашқы ауыз тесігі — бластопор 
арқылы қатысады. 
Гастроэктомия – гастроэктомия; қарынның бөлігін 
кесіп тастау.
Гастроэнтерит – гастроэнтерит; қарын мен ішектің 
қабынуы.
Гастроэнтерология – гастроэнтерология; қарын мен 
ішек ауруларын зерттейтін ғылым саласы.
Гаструла (лат. gastrula — қабатты ұрық) – гаструла; 
гаструляция процесі нәтижесінде түзілген қабатты 
ұрық.
Гаструляция 
– гаструляция; (гаструлану); ұрық 
жапырақшалары (эктодерма, энтодерма, мезо-
дерма, мезенхима) мен біліктік мүшелер (жүйке 
түтігі, хорда, ішек түтігі) дамып жетілетін эмбри-
огенез кезеңі (бластула жасушаларының одан әрі 
көбеюімен, өсуімен, бағытты орын ауыстыруымен 
және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің 


59
жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және 
морфогенетикалық процесс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет