Салаларының бірі ауыл шаруашылығы


Гомео (грек. homoіos — ұқсас, бірдей) – “ұқсас” деген  мағына беретін күрделі сөздердің бөлігі. Гомеостазис



Pdf көрінісі
бет62/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   240
Гомео (грек. homoіos — ұқсас, бірдей) – “ұқсас” деген 
мағына беретін күрделі сөздердің бөлігі.
Гомеостазис (грек. homoіos — ұқсас, бірдей; stasіs — қоз-
ғалмау, жағдай) – гомеостаз; жануарлар организмі ішкі 
ортасы құрамы мен қасиеттерінің және қызметтерінің 
салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы.
Гомо (грек. homos – тең, біркелкі, өзара, бір-бірін, жал-
пы) – “біркелкі”, “ұқсас”, “бірдей” деген мағыналар 
беретін күрделі сөздердің бөлігі.
Гомозигота (homozygotum, грек. homos — біркелкі, 
zygotos — қосылу) – гомозигота; генотиптің 
(тұқым қуалаушылық материалы жиынтығының) 
гомологиялық хромосомаларында гендердің бірдей 
түрлері (аллелдері) болатын зигота (ұрықтанған 
біржасушалы организм) немесе организм.
Гомойотермный (грек. homoіos — ұқсас, бірдей; 
therme — жылы) – гомойотермді; қоршаған орта 
температурасының өзгеруіне қарамастан салыстыр-
малы тұрақты дене жылуын сақтайтын жануарлар 
(жылықанды жануарлар). 
Гомойотермные животные — гомойотермді жануарлар 
(құстар мен сүтқоректілердің көпшілігі жатады).


76
Гомори методы – Гомори әдістері; гистохимиялық 
әдістер.
Гонадотропные гормоны – гонадотропты гормондар; 
жануарлар жыныс бездерінің қызметтерін реттейтін 
гормондар (фолликулдарды жандандырушы гормон, 
лютеиндеуші гормон, пролактин). Гонадотропты гор-
мондар жануарлар гипофизінің аденогипофизінде 
түзіледі.
Гонгилокемоз – гонгилокемоз; сүтқоректі жануарлар 
гельминтозы.
Гондериа – гондериа; қанда тіршілік ететін қарапайым 
жәндіктер.
Гонит – гонит; буынның қабынуы (қ. артрит).
Гонобласты (gonoblastus, грек. gonos — туу, blastos — 
өскін) — гонобласттар; ұрықтың (эмбрионның) сары-
уыз қапшығы қабырғасында қалыптасатын алғашқы 
жыныс жасушалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет