94
Желтое тело беременности – буаздық сары дене
(жұмыртқалықта).
Желтое тело патологическое – дерттік сары дене
(жұмыртқалықта).
Желтое тело полового цикла – жыныстық айналым
сары денесі.
Желток – сарыуыз.
Желточный мешок — сарыуыз қапшығы; іштегі
ұрықтың дамуын қамтамасыз етуде маңызды қызмет
атқаратын ұрықтан тыс уақытша мүше.
Желтуха – сары ауру, сарық.
Желтушный – сарғайған, сарғыш тартқан.
Желчный камень — өт тасы.
Желчнокаменная болезнь — өттегі тасбайлану дерті.
Желчные кислоты — өт қышқылдары.
Желчные ходы — өт жолдары.
Желчный проток (ductus fellae; лат. ductus — өзек,
fella — өт) — өт өзегі; өтті бауырдан он екі елі ішеке
өткізетін түтікше мүше.
Желчный пузырь (vesіca fellae; лат. vesіca — қап,
қапшық, fella — өт) – өтқабы; өт уақытша жинала-
тын жұқа қабырғалы қапшық.
Желудок (лат. venter – грек. gaster — қарын) – қарын;
азық қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген
қуысты мүшесі.
Желудочек (лат. ventrіculus — қарынша) — қарынша;
қанды қан тамырларына айдайтын жүрек бөлігі.
Желудочная железа (glandula ventrіculіs; лат. glandula
— без, venter — қарын) — қарын безі; безді қарынның
кілегейлі қабығы өзіндік тақташасында орналасқан
қарапайым түтікше без.
Желудочно—кишечный — қарын—ішек.
Желудочно—кишечный тракт — қарын—ішек жолы.
Желудочный сок — қарын сөлі.
Достарыңызбен бөлісу: