4. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықша қойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті. 5. Құрамындағы жай сөйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін саласатың түрі талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады да, арасына үтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады. 6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жүзеге асуын көрсетеді. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларына үтір қойылады. Мысалы: Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар: