Салыстырмалы кесте



бет1/40
Дата03.08.2023
өлшемі184,3 Kb.
#105026
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
19d8d57f524a3f91e188c7536407ca01 original.188725


САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына



Құрылымдық
элемент

Қолданыстағы
редакция

Ұсынылған редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі


17-баптың 5-2) тармақшасы

17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi
Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады: …
5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;


17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi
Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады: ……
5-2) алып тастау;


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 847 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 30-тармағында айтылған Мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттары функцияларының аражігін ажырату туралы тапсырманы іске асыру мақсатында осы құзыреттілікті мемлекеттік басқару аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі (әкімге не әкім аппаратына) ұсынады.


Тармақша
1-2)
19-бап

19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретi
Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:...
1-2) Жоқ;


19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретi
Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:...
...


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет