Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата15.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#9701
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы 

Асқаров Әлібек, жауапты хатшы 

Абдрахманов Сауытбек

Атабаев Қамбарбек 

Аяған Бүркітбай 

Әбжанов Хангелді

Әбусейітова Меруерт 

Әжіғали Серік 

Әлімбай Нұрсан

Байпақов Карл 

Байтанаев Бауыржан

Балықбаев Тахир 

Дүйсембаев Еркін 

Есім Ғарифолла

Жақып Бауыржан

Жұмағалиев Асқар 

Жұмағұлов Бақытжан

Қасқабасов Сейіт

Қозыбаев Ілияс 

Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай

Мұхамадиұлы Арыстанбек

Мыңбай Дархан 

Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара

Самашев Зейнолла

Сұлтанов Қуаныш

Тұяқбаев Қанат 

Шеңгелбаев Бақытжан

«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС 


4

УДК 398

ББК 82.3

Б 12

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 

Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік 

маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының

Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:

Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары)

Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., 

Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., 

Қосан С., Мамыраев Б.Б.

Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 

Ғылыми кеңесі ұсынған

Томның редакция алқасы:

Әлбеков Т. (жауапты редактор), Алпысбаева Қ.,  Қалижанов У., 

Қасқабасов С.А., Қирабаев С.С., Тойшанұлы А.

Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:

Әлбеков Т., Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Оралбек А.



Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013.

Т. 93: Магиялық фольклор.—432 бет. 

ISBN 978-601-292-742-9

«Бабалар сөзі» сериясының 93-томына магиялық фольклордың бәдік, 

бақсы сарыны,  алғыс, қарғыс, бата, тыйым, арбау, жалбарыну,  құрт кө-

шіру, жын шақыру сияқты жанрлық түрлері енді. 

УДК 398

ББК 82.3


ISBN 978-601-292-742-9 (т. 93) 

© Әдебиет және өнер институты, 2013 

ISBN 9965-619-60-3  

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013



4

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем-

лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін 

«Бабалар сөзі»  сериясының жүз томдық ғылыми басылымын 

әзірлеуді одан әрі жалғастырады. 

Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан бір 

томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді 

саласы болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге, 

шетелдердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен 

мақал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер т.б. жанрларға арналды. 

Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни 

дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір, 

«Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—

жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі, 

«Шежірелік жыр-аңыздардың»—үш, «Ертегілердің»—бес то-

мы, «Тарихи аңыздардың»—төрт томы, «Ғұрыптық фольк-

лор 


дың»—екі томы, «Жұмбақтардың», «Балалар фольк-

ло 


ры 

ның», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы қазақ 

фольк  лорының», «Топонимдік аңыздардың», «Күй аңыздың», 

«Аңыз дық шежірелердің», «Аңыздық жырлардың», «Өтірік 

және мысалдардың»—бір-бір томы баспаға дайындалып, ба-

сылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томында Қытайдағы 

қазақтардың, бір томында Моңғолия қазақтарының фольк-

лорлық мұралары қамтылды. 

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрімен, сана-сенімімен, 

болмыс-тіршілігімен, рухани табиғатымен бірге жасап, біте 

қайнасып, тек ХХ ғасырдың екінші ширегінен біртіндеп ұмы-

тыла бастаған көне жанрлардың бірі—магиялық фольклор. 

Халықтың магиялық сипаттағы бұл туындылары—халық 


6

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

құндылықтарының аса қызғылықты, танымдық, тәрбиелік 

маңызы өте зор бөлігі. Оларды өзіндік саз-әуені, поэтикалық 

формасы мен көркемдік сипаты, мазмұндық ерекшеліктеріне  

қарай алғыс, қарғыс, бата, түс жору, тыйым, дұға оқу, арбау, 

жалбарыну, бақсы сарыны, дуалау, бал ашу, ұшықтау, аластау, 

құрт көшіру, жын шақыру т.б. деп жүйелеуге болады.

Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына 

табынып, оны жұмбақ дүние ретінде сезінетін халықтың на-

ным-сенімінен туындаған өлең, жырлар кеңестік кедергілерге 

қарамастан көптеп сақталған. Адам мен малдың көбеюі, 

олардың ауруға шалдығуы мен ауырғандар мен соғыс кезінде 

жараланғандарды емдеу нәтижесінде практикалық емдеу ісі  

пайда болды.  Мәселен, бақсылар сарынының негізгі мақса-

ты—түрлі сырқаттарды дауалау, емдеу. Қобыз сазы мен сөз 

құдіретінің үндесуі—бақсының емдеу құралы болып саналса, 

арбауда сөз бен іс-әрекеттің арақатынасы зор рөл атқарады. Ал 

көшпелі қазақтың сан ғасырлық емшілік кәсібінен туында ған 

бәдік жырларының ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіне дейін 

гі 

өмірлік мәні өте зор болғаны баршаға мәлім.



«Бабалар сөзі» жүз томдық сериясының кезекті 93-томына 

халық арасына жиналған, сондай-ақ түрлі жинақтарда, ба сы-

лымдар беттерінде жарияланған 30-ға жуық бәдік өлең дер дің, 

56 арбау жырларының, 46 бақсы сарындарының, 260-тан астам 

бата мен

 

алғыс, 156 қарғыс, 590-ға жуық тыйым сөздердің мә-



тін дері мен олардың нұсқалары енгізілді. Олардың басым көп-

ші лігі ҚР БҒМ ОҒК мен ӘӨИ-дің сирек қорларында сақтал-

ған қол жазба мұралардың негізінде дайындалды. Сондай-ақ 

Қазақ 


стан, Өзбекстан, Қарақалпақстан көлемінде ұйым 

дас-


ты рыл ған  фольклорлық-этнографиялық  экспедициялардың 

ба рысында жиналған материалдар қамтылды. Атап айтқанда, 

профессорлар Қ.Саттаров, Б.Рахымов жетекшілік еткен 

Низа 


ми атындағы Ташкенттің Халықтар Достығы Орденді 

Мемлекеттік педагогика институты мен Е.Букетов Қараған-

ды мемлекеттік университеті ұйымдастырған экспедициялар 

мүшелерінің ел ішінен жинаған, жазып алған мәтіндері том-

ның дайындалуына септігін тигізді. Сонымен бірге томда 

қамтылған мәтіндер В.В.Радлов, Н.Н.Пантусов, Ә.Диваев, 

І.Жансүгіров, М.Тілеужанов,  М.Ғұмарова, Т.Сыдықов, Е.Тұр-

сынов т.б. ғалымдардың әр жылдары ел арасынан жинап, 



6

7

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН



хатқа түсірген материалдарынан, сонымен бірге М. Хакімжа-

нова, Б. Жақыпбаев Ф. Ғабитова,

 

С. Жақыпов,



 

Е. Құлпейісов, 

Б. Шертаев, С. Қолшабеков сияқты ондаған жинаушылар тап-

сырған қолжазбалардан алынды. Томды баспаға дайындау 

барысында Ә. Диваевтың «Тарту» (1923), Ж. Дәуренбеков пен 

Е. Тұрсыновтың «Қазақ бақсы-балгерлері» (1993), Б.Абыл-

қасымовтың «Наным-сенімдер ғұрпының фольк лоры» (2004), 

ҚХР-дың ШУАР өлкесінде жарық көрген «Текес ауда 

ны-

ның халық өлең-жырлары» (1992) жинақтарында, Қазан төң-



керісіне дейін жарық көрген «Образцы. Киргизской народной 

литературы» (1909), «Демонологические рассказы киргизов. 

Записки Императорского русского географичес кого общества по 

отделению этнографии. (1888), «Известия общества археологии, 

истории и этнографии при Казанском университете» (1899) 

басылымдарында жарияланған мәтіндер пайдаланылды. Осы 

көрсетілген басылымдарда жарияланған туындылардың сирек 

қорларда қолжазба нұсқалары сақталған жағдайда, мәтіндер 

өзара салыстырылып, алғашқы нұсқасы басылымға жіберілді. 

Өкінішке орай, ант, дуалау, ұшықтау, аластау, бал ашу т.б. 

жанрлық түрлердің қолжазба мәтіндері сақталмағандықтан, 

оларды түгел қамту мүмкін болмады. 

Көптомдықтың принциптеріне сай беріліп отырған мәтін-

дер ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, жанрлар рим 

санымен, шығармалардың нұсқалары реттік санмен нөмір лен-

ді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген мәтіндерді жа-

зып алушылар мен жариялаушылар және басылымдар, рулар 

туралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми түсінік-

теме, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тари-

хи тұлғалар мен діни есімдер туралы деректер, пайдаланыл-

ған әдебиеттер тізімі мен томның орыс, ағылшын тілдерінде 

жазылған түйіндері құрайды.

Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.


Халқымыздың балқаймақ, інжу-маржан сөз өнері—батыр-

лық жырлары мен дастандары, ертегілері мен аңыздары, 

шешендік және ғұрыптық жәдігерліктері, мақалдары мен 

мәтелдері, жұмбақтары мен нақылдары, өлеңдері мен толғау-

лары—ғасырдан ғасырға ұласып, атадан балаға мирас болып, 

бүгінге жетті. Қара тасты да мүжіп, ерітіп жіберетін уақыт 

пен кеңістік атты мәңгілік өлшемдер бұдан да жүз жыл, мың 

жыл бұрынғы өнер дүниесін де қырық құбылтып, тоқсан түр-

лентіп әкелуі хақ. Сондықтан да қолына қалам ұстап, ата 

мұраға үңілмек болған әрбір талапкер кешегі мен бүгінгіні 

сабақтастыратын да, айыратын да алып меже барын бір сәт 

естен шығармауы керек. Ол не? Ол—тарихилық принципі.

Қазақ магиялық фольклорына қатысты поэзия жанрлары 

ха 


лықтың қарапайым тіршілігінің, күнделікті күйбеңінің, 

өмір үшін күресінің тынысын ашады. Мұнда әлеуметтік та рих-

тан гөрі халықтық тұрмыс пен халықтық сананың суреті әл-

деқайда басым.

Көне наным-сенімдерге қатысты қазақ поэзиясының бол-

мысқа қатысын білу үшін оның ішкі сыры мен сыртқы тұр-

патына зер салу қажет, жанрлар табиғатына үңіле отырып, 

мұндағы заңдылықтардың бағыт-бағдарын айқындау керек, 

бір сөзбен айтқанда, көне наным-сенімдерге қатысты поэзия 

ауқымын анықтайтын сұрақтарға жауап іздеу міндет.



Арбау.  Арбау тарихи тұрғыдан алғанда магияға жатады. 

Магия дегеніміз—адамға, жануарға, затқа немесе бір құбы-

лысқа т.б. дүниеге әсер ету үшін қолданылатын ғұрыптар мен 

сөздердің құдіретіне сену.

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР


9

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Магия да—болмыстан тысқары күшке сенудің бір түрі, бірақ 

діни сенімдерден айырмашылығы—белгілі бір ғұрыптарды 

орындау арқылы жанды-жансыз заттарға, құбылысқа адам  ның 

өз күшімен-ақ тікелей әсер етуге болады деп табылады. Осы 

типологиялық әмбебап заңдылық қазақ тұрмысынан да анық 

көрінеді. 

Халық арбау сөзін үнемі қолдана бермеген. Тіс еміне жүре-

тін арбаулар кейде жай ғана құрт шақыру деп аталған. Ахмет 

Байтұрсыновтың қалып сөзіне қосатын «құрт шақыруың да 

осы құрт шақыру, яки тіс еміне қолданатын арбау. Сол сияқты 

«сөз» термині де арбау орнында жүре берген. 

Тісті құрт жейді деген ұғым дүниежүзі халықтарының 

көбінде-ақ кездеседі

1

. Құртты орналасқан жерінен шақырып 



алса, қуып түссе, не өлтірсе, тіс жазылып кетеді деген сенім 

арбаудың магиялық күшін үстемелей түскен.

Арбаушылар улы жәндіктерді әртүрлі шөп аттарымен (ады-

распан, алабота, жалбыз, кекіре т.б.) де, мал аттарымен (қой, 

қозы, түйе, сиыр т.б.) де үрейлендіреді. 

Жалпы, ғұрыптық фольклорда, соның ішінде арбау құры-

лымында «түсініксіз сөздер» үлкен рөл атқарады. Б.Уахатов 

«түсініксіз, жұмбақ сөздерді неғұрлым көбірек қолданса, жы-

лан, шаянның есін солғұрлым тез алып, тез өлтіруге болады»,—

деген халық сенімін айта келіп: 

Мары, мары, мары жылан,

Ұзын, ұзын, ұзын жылан.

Ұзын шашы келте жылан

Марқары, сарқары,—

дегендегі «мары» сөзі бүкіл Шығыс елдеріне белгілі болған 

жылан патшасы Шах-Маран емес пе екен деген ой тастайды

2



Жоқ, Шах-Маран емес. Мары—парсы тілінде жылан деген сөз. 



Дауысты дыбыстарға толы түсініксіз сөз араласқан, сондықтан 

да естір құлаққа әсерлі, сазды «Мары, мары, мары жылан» 

тіркесі қазақ тілінде «Жылан, жылан, жылан, жылан» болып 

қана шығар еді.

1

 Ветухов А. Заговоры, заклинания, обереги и др. виды народного врачева-



ния, основанные на веру в силу слова.—Варшава, 1907. Вып. 2. —С. 253-254.

2

 Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері.—Алматы, 1974. —158-б.



10

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Толып жатқан сөздерді айтып отырғанда, бірі әлгі жылан-

ның аты болып шықса, жылан жеңіліп, уыты өзіне жайы лып, 

өледі. Шағылған адам, яки мал оңалады деп сенген. Бұл жыр-

лар қысқа-қысқа тақпақ тәрізді болады. Ұзақ болса, ылғи «жат» 

сөздерден құралған жырды жатқа алу, жатқа қайта-қайта оқу 

қиын болар еді

3

.

Бұған не қосуға болады? Біріншіден, «жат сөздер» улы 



жәндіктерге қатысты ғана емес, жалпы арбау атаулыға, оның 

ішінде өзге халықтардың арбауына да тән әрі техникалық, 

әрі көркем әдіс. Екіншіден, арбаулар ылғи ғана жат сөзден 

құралмайды. Мәселен, Сәкен Сейфуллиннің өзі жариялаған 

«Бүйі шаққандағы арбауда» бірде-бір түсініксіз сөз жоқ. Тағы 

бірнеше мәселе туындайды: арбау айтыла ма, әлде оқыла ма? 

Арбаудың көлемі қысқа-қысқа тақпақ тәрізді ғана бола ма? 

Арбауды айту, әлде оқу кезінде қандай іс-әрекеттер қатар 

жүреді?

Орыс фольклорында арбаудың айтылатын (ауызша) да, 



оқылатын (жазбаша) да түрлері болған

4

. Бұл күнге дейінгі тас-



қа басылған деректерде қазақ арбауларының жазба түрі жө нін-

де мәлімет жоқ. Арбаудың ауызша туып, ауызша өмір сүр гені, 

ауызша тарағаны анық. 

Арбаудағы сөз бен іс-әрекеттің арақатысына келгенде, 

Н.Познанскийден аттап өтуге болмас. Әйгілі зерттеушінің пі-

кірінше, арбаудың түптамыры ғұрыптан бастау алады, бі-

рақ уақыт өте келе сөз өзінің ғұрыптық негізінен ажырап, 

магиялық күшке ие болады

5

. «Н.Познанскийдің көзқарасына 



қарамастан,—дейді жиырмасыншы жылдардағы еңбек авторы 

В.П.Петров,—сөз бен іс-әрекеттің белгілі бір практикалық 

мақсатқа жетудің әдісі ретіндегі қызметтері бірдей әрі тепе-

тең»


6

. В.Петров пікірінің жаны бар. Араға жарты ғасырдан 

астам уақыт салып жазылған арнайы мақалада да осыған ұқсас 

қорытынды жасалған: «Таза, бірыңғай «сөзден» ғана тұратын 

3

 Сейфуллин С. Шығармалары.—Алматы, 1964. 6-т. —172-б.



4

  Власова З.Н. К изучению поэтики устных заговоров // Русский фольк-

лор.—Л., 1972. Вып. XIII. —С. 194-201.

5

 Познанский Н. Заговоры.—Пг., 1917. —С. 158.



6

 Петров В. Заговоры // Из истории русской советской фольклористики.—Л., 

1981. —С. 85.


10

11

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



арбау болмайды, әдетте «сөз» белгілі бір магиялық іс-әрекет пен 

қабыса жүреді»

7



Расында да, сөз бен іс-әрекеттің бөлуге келмейтін синкретті 



құбылыс екенін, екеуінің магиялық күші егіз қолданылаты-

нын қазақ арбауларынан да байқаймыз. Жетісу қазақтары 

жылан шаққан адамды былай емдеген: алдымен жылан уыты 

тиген жерді сары, қызыл, жасыл түсті жіптермен байлаған, 

сосын тостағанға су құйып, оған қойдың құмалағын қосып 

араластыратын да, арбауды айта жүріп, әлгі суды киіз үйді 

айнала шашатын

8

.



Азды-көпті деректердің өзінен арбаудың жалаң сөз түрінде 

емес, белгілі бір іс-әрекет, қимылмен сабақтаса, жұптаса 

орындалатыны айқын аңғарылады. Арбаудың нақтылы шарт-

тары орындалмаса, оның күші дарымайды деп саналады: «Әрбір 

буынды оқығанда дем алу шарт. Егерде буынның арасында, 

яғни бір буынды оқығанда дем алып қойса, зәр қайтпайды»

9



Арбауды неше мәрте қайталау керектігі де шарт етіп қойы лады: 



қырық бір, жеті, үш т.б.

Бірер сөз арбаудың композициялық бітімі туралы. Ол 

жөнінде жалғыз Б.Уахатов қана пікір білдірген. «Біздіңше,—

дейді ғалым,—бұл тектес өлеңдердің құрылысы төрт бөлім нен 

тұрады деп шамалау қажет. Бірінші—кіріспе, екінші—мақ тау, 

жалынып жалбарыну, үшінші—зеку-қорқыту, төртінші—улы 

жәндіктердің атын атап, «шық, Тәңірден парман келді» деп, 

бұйырумен аяқтау»

10

.

Біздіңше, мақтау, қорқыту, бұйыру, өтіну, жалыну, жал-



барыну дегендеріміздің барлығы да сарынға (мотивке) жата ды. 

Арбау ішінде олардың үнемі қатарласа жүруі міндет емес, бірі 

болса, екіншісінің қалыс қалуы әбден ықтимал. 

Арбау құрт шақыру, жылан, шаян уларын қайтарумен ғана 

шектелмейді. Арбау табиғат құбылыстарына әсер ету мақ са-

тында да қолданылады. Мәселен, күн жайлату, бұлт ша қыру, 

жаңбыр шақыру, жел шақыру дегендеріміздің барлығы да 

арбауға жатады.

7

 Дмитриева С.И. Слово и обряд в Мезенских заговорах // Обряды и обрядо-



вый фольклор.—М., 1982. С. 37.

8

 Краснов А.Н. Очерк быта семиреченских киргиз // Известия Императорско-



го русского географического общества.—СПб., 1887. Т. XXIII. Вып. 4. –С. 467.

9

 ОҒК қолжазба қоры. 1092-бума, 11-дәптер.



10

 Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері.—Алматы, 1974. –155-156-бб.



12

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Жауын шақыру—дүние жүзіне кең тараған магиялық 

ғұрыптың бірі. Ол терімшілік, аңшылық, балықшылық, бақ-

ташылық, диқаншылық сияқты шаруашылық түрлерімен ай-

налысқан тайпалар мен халықтардың арғы-бергі тарихында 

көп кездеседі. Өйткені адам тіршілігінің ертеңі мен болаша ғы 

көп жағдайда тікелей жауын-шашын мөлшеріне тәуелді бол-

ған. Бұлт пенен жаңбырдың қыратты, жоталы, таулы өңір-

лер ге үйір келетінін адамдар ерте бастан-ақ байқаған, сондай 

жерлердегі қайнарларды, бұлақтарды, көлшіктерді қадірле-

ген, қасиет тұтқан, қайсыбір жұрттар киелі санап, табынған. 

Күн жайлаушылар, нажағай ойнатушылар, жайшылар, яки 

ауа райына магиялық бақылау жасаушылар да көбінше биік 

төбелерді мекендеуге тырысатын, сол арадан ауа райына тіке-

лей әсер ету қолайлырақ деп білген. Ауа райын магиялық 

әдістермен басқарудың қоғамдық өмірдегі маңыздылығы 

соншалық—кейбір елдерде, мәселен, Тибетте әрбір ауылдың, 

қаланың, шіркеудің «маманданған» өз бұршақ тоқтатушысы 

(сэргагпа), өз жауын шақырушылары (лхава) болған

11

.

Қайнардың көзін аршыса, жауын жауады деп ойлау—



гомеопатиялық магияға тән әдет. Қазақтар да өзге жұрттар 

секілді жауын шақыру ғұрпын өзен-судың бойында өткере-

тін. Славяндар құдыққа түрлі тағамдарды немесе заттарды 

тастаса, жауын тез жауады деп білген

12

. Кавказдық әйелдер 



соқаға жегіліп, өзеннің кеуіп қалған арнасын жыртқан

13

. Бұл 



мысалдарда жердегі су арқылы көктегі бұлтқа әсер ету ниеті 

айқын сезіледі. 

Жауын шақыру тілегімен әйелдердің жалаңаштануы, суға 

шомылуы сияқты әдеттер де кездеседі. Әйел менен жаңбырды 

байланыстыру—әлем халықтарында кең тараған түсінік. Су-

дың тәңірі-иесін әйел бейнесінде тану да сол негізде шығуы мүм-

кін. Оның түп-төркінінде имитациялық магияға тән наным-се-

нім дер жатыр. Қайнардың көзін аршу, құдыққа түрлі нәрселер 

тастау, өзен маңынан жер жырту салттарынан символикалық 

белгілер де бой көрсетеді. 

11

 Календарные обычаи и обряды народов Восточной Азии.—М., 1989. —С. 275.



12

 Толстые Н.И. и С.М. Заметки по славянскому язычеству // Славянский и 

балканский фольклор.—М., 1978. —С. 102.

13

 Чурсин Г.Ф. Магия в борьбе с засухой у кавказских народов // Бюллетень 



Кавказского историко-археологического института в Тифлисе. 1930. № 6. —С. 17.

12

13

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы да типо 

ло-


гиялық жағынан өте ұқсас: бір топ адам (кейде әйелдер, кейде 

қыздар, ал кейде әйелдер тобына ер кісілер мен ұл балалар да 

қатысады) үй-үйді аралап, жауын шақыру өлеңін айтады, әр 

үйден тиесілі кәдесін, сыйлығын алады (көбінше дәм-тұз, тағам 

тартылады). Мұндағы ортақ жора және ең негізгі жора—су 

ша шу (қуыршаққа, әйел киіміндегі еркекке). Қазақта жауын-

ның мол болуын тілеп, танаптан қайтқан егіншілердің үстіне 

су құятын әдет болған. Ондай рәсімді, негізінен, орта жастағы 

әйелдер мен жас келіншектер атқаратын

14

. Сөйтіп, көптеген 



халықтардың түсінігінде шашылған су менен жаңбыр арасын-

да магиялық байланыс бар деп есептеледі. Ал қолға қуыршақ 

(күрек, сыпырғыш) ұстау салтына келетін болсақ, әу баста бұл 

рөлді тірі адам, адам болғанда әйел адам (қолдағы затқа әйел 

киімін жабу немесе күрекке әйел бейнесін салу мысалдарын 

еске түсірелік) атқарғанына күмән жоқ. 

Қысқасы, ерте замандарда жауын шақыру ғұрпын орын-

дау кезінде әйел жынысты адамдар құрбандыққа шалынған 

деп айтуға толық негіз бар. Бұл рәсім әйел мен жаңбырды 

байланыстыру сенімінің (әйел—өмірдің бастауы, су—жалпы 

тіршілік бастауы, әйел—жаңбыр) ең соңғы нүктесі немесе ең 

жоғарғы магиялық шарасы болып табылады. Сөйтіп, біз жауын 

шақыру ғұрып кешеніндегі құрбандық шалу жорасының ор ны, 

мән-мағынасы қандай деген мәселеге келіп тірелдік.

Қазақта құрбандыққа адам шалу рәсімінің ізі қалмаса да, 

тасаттық беріп, мал шалу әдеті күні бүгінге дейін сақталып 

отыр. Тасаттыққа

15

 қатысу, оны неғұрлым жоғары дәрежеде 



ұйымдасқан түрде өткізу көпшілік тілегінен туындайтын 

ортақ мүддені білдіреді. Әдетте, оған жас-кәрі, еркек-әйел деп 

бөлінбей, түгел жиналуға тырысады. Тасаттық құрғақшы-

лық жылдары беріледі. Құрбандық, әдетте, өзен-сулы жерде 

14

 Қараңыз: Кармышева Дж. Х. Земледельческая обрядность у казахов // 



Древние обряды, верования и культы народов Средней Азии.—М., 1986. –С. 61.

15

 «Тасаддака» дейтін араб сөзі (қайыр беру) // Қараңыз: Оңдасынов Н.Д



Арабша-қазақша түсіндірме сөздік.—Алматы, 1984. 1-т. 78-б. Тілімізде со-

дан туындайтын «садақа» сөзі де бар, бірақ оның қолданылу реті басқаша. 

Лезгиндерде «садаха» тасаттық беру мағынасында пайдаланылады. Қараңыз: 

Ганиева А.М. Общность и национальное многообразие дагестанских календар-

но-обрядовых песен (зимне-весенний цикл) // Календарно-обрядовая поэзия 

народов Северного Кавказа.—Махачкала, 1988. —С. 21.


14

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

шалынады. Оның себебі аталған рәсімнің су иесіне (су тәңірі-

не) арналатындығынан болса керек. Малды бауыздау қаны 

қолма-қол суға ағызылуы (адамды суға ағызу мысалымен 

салыстырыңыз)—су тәңіріне жасалған аса ірі ілтипат белгісі. 

Тасаттық зират маңында да беріледі. Ол аруақтар культімен 

байланысты. 

Жалпы, құрбандық шалу дәстүрінің шығу тегі адамның 

еркінен тыс күштерге қатысты екендігі анық байқалады. Көне 

түркілердің «жер-су» тәңіріне бағыштап, тайы беруі мен бүгін-

гі қазақтың тасаттығында кейбір пішіндік айырмашылықтар 

болғанмен, олардың мазмұны біреу-ақ—адам мен табиғаттың 

үстінен қарайтын күшті разы қылу, сөйтіп, алға қойылған 

мақсатқа жету.

Тасаттық—жауын шақыру ғұрпының ұжымды түрде 

орындалатын түрі. Қазақ қоғамының өмірінде «арнайы ма-

мандардың қатысымен жасалатын магиялық жоралар да үл-

кен орын алып келеді. Ш.Уәлиханов түркілердің жауын ша-

қыратын яда немесе жада тасы туралы Абылғазы деректерін 

келтіре отырып, бұл тасты қазақтар жай тасы деп атайтынын, 

жай тасы арқылы жауын-шашын шақыра алатын қабілеті бар 

адамдардың ел ішінде көп екенін жазады

16



Тасты суға малу немесе тасқа су шашу арқылы жауын ша-



қыру ғұрпы Еуропа жұрттарында да болғандығы Дж. Фрэзер, 

Ж.Тэрнер, Л.Штернберг еңбектерінен белгілі. Тасқа су шашу 

немесе оны суға малудың астарында да гомеопатиялық магия 

принциптері жатқаны аңғарылады.

Бұлт, жаңбыр шақырудағы қайталаулар магиялық жүк 

арқалап қана қоймайды, сонымен бірге мәтіннің өлеңдік құ-

рылымына да елеулі түрде араласып, белгілі мөлшерде әсерін 

тигізеді. 

Жауын шақырған сөз үлгілері үнемі тирада пішінді келеді, 

7-8 буынды жыр өлшеміне құрылады, кейде буын санының 

асып кету, кем қалу реті де кезігеді. Осы соңғы ерекшелік және 

синтаксистік параллелизмнің мол қолданылуы жауын шақыру 

сөздерінің көнелік белгілерін танытады. Құрт шақыру, жы лан, 

бүйі арбауларындағыдай, мұнда да «түсініксіз сөздер» поэти-

касы елеулі рөл атқарады. Мәселен:

16

 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах.—Алма-Ата, 1985. Т.4. —С. 



59. Бұл туралы кеңірек қараңыз: Абылқасымов Б. Телқоңыр.—Алматы, 1993.

14

15

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



Ербек-сербек бай атай,

Еркек қана күрең тай,

Тері тоқым мар тұрғай,

Қай тұрғай

17

,—

дегеннің лексикалық тұрғыдан жауын шақыруға пәлендей 



қа тысы болмағанмен, арбаушы (жауын шақырушы) оған ма-

гиялық мән береді, бүкіл мәтіннің әсер етушілік күші осы «тү-

сініксіз сөздерге» келіп тіреледі. Суға салынған жай тасына 

әлгі сөздердің жұмбақ сыры қосылып, аспанға бұлт қаптатып, 

нажағай ойнауы керек.

Сонымен, қазақтағы арбау сөздерін айту арқылы жауын 

шақыру ғұрпы екі түрлі орындалады:

а) Тасаттық беру арқылы (ұжымды түрде);

ә) Жай тасын қолдану арқылы (дара түрде).

Этнографиялық терминология бойынша табиғаттан тыс-

қары күштердің рақымын түсіру ниетінде орындалатын ғұ-

рыптар жиынтығы пропицация немесе мейірімдендіру культі 

(умилостивительный культ) деп атайды. Тасаттық беру салты 

да осы культке қатысты. Оның түпкі негізі мұсылмандықтан 

да, шамандықтан да арғы дәуірлердегі анимистік түсініктер-

ге алып барады. Ал жай тасы арқылы жауын шақыру магия-

лық ғұрыпқа жатады. Қай әдет-ғұрып болса да, бізге өзінің 

әу бастағы қалпын сақтап жетпеген. Сондықтан да қазақтың 

жауын шақыратын әдет-ғұрып кешенінде көп жағдайда ма-

гиялық, анимистік, шамандық және исламдық салттар бас 

қосып, қабысып кеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет