Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



жүктеу 2.39 Mb.

бет12/22
Дата15.03.2017
өлшемі2.39 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

39. БАЛБИКЕ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ 

Айдатұғын күн болды,

Байлайтұғын түн болды.

Аққан бір сумен айдаймын,

Қараңғы түнде байлаймын.

Жын атасы—Жирентай,

Жал құйрығын түйді тай.

Су атасы—Сүлеймен,

Сүлеймен, сенен тілеймін!

Қарабурам, қарт Бурам,

Міншіл қара әулием,

Ақ буралы ат әулие!

Кереге бойы кер жылан,

Керілмей ішті арала!

Босаға бойы көп жылан,

Былқылдамай кетіңдер!

Парасатты әулие,

Буын-буын аралап,

Сегіз көзді түгендеп,

Тапсырамын аманат!


230

231


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Әр пәлеңнен қорғап жат,

Жынға жынды саламын.

Періні пері алады,

Дию да пері болады...

40. ШАЛҚАР БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ 

—Ай, ай, терегім,

Бір күйіме керегім.

Бейбақтың оты жанбайды,

Бейшараның үйіне,

Шақырса, қонақ қонбайды.

Арам ойлы жігіттің,

Жүрсе, жолы болмайды.

Арық атқа қамшы үйір,

Көбік қарда түлкі ойнар,

Қаулап көкте жылқы ойнар.

Аталы ұлдың қолы ойнар,

Атасыз ұлдың көзі ойнар.

Шешесі өлген жетім қыз

Ойбай, сорлы оның басында

Сірке менен бит ойнар.

Мен Жаманның ұлы Шалқармын,

Көпті көрген мақармын.

Ойбай да терек, аусай терек,

Маған бір бәле тақалдың.



41. БЕКБАЙ САРЫНЫ 

Ал періңмін, періңмін,

Періленген серіңмін.

Қалың бір Әйтек ішінде

Аз ауыл Бекең болсам да,

Таңдап бір қонған жеріңмін.

Өзін бір деген кісіге

Өзегімді беремін.

Егескен жауым кез болса,

Ауызы бір қанды


232

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қой жейтұғын бөріңмін!

Кекіліктей жорғалап,

Қара бір қаным сорғалап,

Алладан әмір келгенде,

Өстіп бір жүріп,

Мен бейбақ өлермін!



42. ЖАМАН САРТ САРЫНЫ 

—Болат бір пышақ жанға қас,

Қып-қызыл талға қонса,

Ер жалғыз үй қонбайды.

Жүр ме едің әлі күнге мені білмей,

Сазаңды енді сенің тарттырайын,

Тұрсаң да сен,

«Не қылады» деп күлімсірей.

Ей, шайтандар, шайтандар,

Мынау өкпені алыңыздар,

Осымен барыңыздар!

Бұл қатынды өлтірме,

Қатыны мұның біреу-ақ.

Өзеленіп қоймайсың,

Жалғыз көзді сен бейбақ!

Тілімді менің алмайсың,

Мекенге жылдам бармасаң,

Ізіңе сенің түсер-ақ, 

Атадан қалған көп аруақ.

Жылдамырақ мұнан кетпесең,

Көзімнен менің зытпасаң,

Үйтермін сенің шашыңды,

Кесермін, залым, басыңды!

43. МЕҢСЕБАЙ БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ 

—Жер үстіндегі әулие,

Көк үстіндегі әулие,

Мағриптағы әулие,

Машрыптағы әулие,


232

233


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Хабар бер өзің қадыр Ие!

Ай не болар күннен соң,

Күн не болар айдан соң.

Құбылып тұрған бәйшешек

Қурай болар солған соң.

Бәйбіше киген қамқа тон

Шүберек болар тозған соң.

Қатынның сәні келмейді,

Қойныңда жатқан байдан соң.

Келіншек сәні келмейді,

Емізулі ұлдан соң.

Қыздың сәні келмейді,

Қызыл киім, малдан соң. 

Жігіттің сәні келмейді,

Ақсақалды шалдан соң.

Өзеннің сәні келмейді,

Сайда біткен талдан соң.

Көлдің сәні келмейді,

Ішіне қонған елден соң.

Елдің бір сәні келмейді,

Айдап жүрген малдан соң,

Үкі тағар қолдан соң.

Қобыздың сәні келмейді,

Екі тағым қылдан соң.

Қылдың сәні келмейді,

Кіші жаман жыннан соң.

Жын шіркінді аңыраттым,

Жынның бәрін шақырттым.

Қарт бөрідей бақырттым,

Аруағым деп шақырдым.

Арғындағы Қазекем,

Қысылған жерде қолда деп,

Аруақтың бірі деп,

Қара да болса төредей,

Әулиенің біріндей,

Қысылғанда қолдайтын,

Арғы атасын сұрасаң,

Қара палуан Жанайкем.

Есілде отыр, елде отыр



234

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қысылған жерде бір көтер!

Мен қысылдым жындардан,

Жын қаққан, шіркін, мұндардан.

Арыстанда алты бап,

Самарқанда сансыз бап,

Түркістанда түгел бап,

Қожа баурын қолдап бақ!

Қайып ерен қырық шілтен,

Қысылған жерде қолдап жат!

Және бірден сыйынсам,

Сексен сегіз машайық,

Жүз жиырма төрт пайғамбар,

Осындайда қолдап бақ!

Және бірден сыйынсам,

Тобылдың қасында,

Сартөбенің басында,

Мыңбай ата, қолдай гөр!

Және бірден сыйынсам,

Сазанбайдың қасында,

Сексеуілі басында

Тілеу ата, қолдай гөр!

Және бірден сыйынсам,

Тегененің қасында,

Жыңғылдының басында,

Қостөбенің үстінде, 

Рақбан ата, қолдай гөр!

Және бірден сыйынсам,

Ақмешіттің басында,

Сары обаның үстінде, 

Сәркем ата, қолдай гөр!

Және бірден сыйынсам,

Жыланшықтың басында,

Шығырлының қасында,

Мыңбұлақтың төсінде,

Төртқұдықтың ылдиында,

Қара бір судың бойында,

Қолдыбай ата, қолдай гөр!

Және бір сыйынсам,

Наурызымның қасында,


234

235


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Қоғалы көлдің басында,

Жәңгір ата, қолдай гөр!

Және бірден сыйынсам,

Бағаналы Барлыбай,

Алашада Исатай,

«...» бар Қойлыбай,

Қызылтазда Сандыбай,

Ол да болса Терібай.

Тері бір күнің сұрасаң,

Жын қаққанды қоймайды.

Сонан келген Балабай

Көрмегенің, кәнеки!

Буырқанды, бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды.

Құрсанып ерлер келгенде,

Ақылымнан адастым.

Қобызыма қосылды,

Дауысым енді ашылды.

Қырық бір жынды көргенім,

Мәндібайдан келген жындай.

Сол жолы көрдім жындарды,

Толып бір жатқан мұндарды.

Істік мұрын сары екен,

Шегірлігін сұрасаң,

Нұржабайдай бар екен.

Қабырға, Торғай қайран жер,

Арғын, Қыпшақ қайран ел.

Жол мінгеспей сұрасаң,

Жын айдаған саудагер.

Ішсем бір суға тоймаймын,

Жын қаққанды қоймаймын.

Елу бесте жасым бар,

Бұрынғыдай болмаймын, 

Жиырма бестің күніндей.

Су менен шөпті шайнатты

Алып келіп қазақтар.

Жын қаққанға ойнатты

Он екі қарыс қазанды.

Қызартып мен аламын



236

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Алып келіп жын ұрғанды

Сол қазанға саламын.

Екі қылыш қолға алып,

Екі бүйірден саламын.

Сол қазанның ішіне

Сағат жарым болғанша,

Жатқызып соған аламын.

Буырқанған, бұрсанған,

Мұздай темір құрсанған

Қара бір марту жындарым,

Қаптап келді мұңдарым.

Сөткесіне жеткізбей,

Жын ұрғанды жазып алдым.

Қары бір жынның мықтысын,

Сол жолы көрдім баршасын.

Елу беске келгенде,

Мілісбайдың кетті нешесі.

Тоқсан түрлі жындардың

Бәрі келді сол шақта.

Жиырма бес жасымда

Тал түсте келіп жабысты

Айдалада бір лақ,

Бір елі екен мүйізі.

Лаққа таман бардым мен,

Алдымызға алдым мен.

Оң бұтын ұстасам,

Маған айтты сол лақ:

«Ақаң Доқаңдай бар ма екен?»

Айғай салып жоқ болды,

Бір сағатқа жетпей-ақ.

Астында бар боз аты,

Басындағы ақ сәлдесі.

«Әй, балам, сен қорықпа!» деп,

Өте шықты қасымнан,

«Залалы жоқ дәуіт» деп.

Астындағы сары ала ат

Көрінбей кетті көзіме.

«Бүгін түнде келет,—деп,—

Аты-жөнімді айтар» деп,


236

237


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Батасын беріп жөнелді.

Келер түнде ұйықтасам,

Астында бар боз аты,

Басында бар сәлдесі.

Аузы толған иман-ай,

Қойны толған құран-ай!

«Қорықпа, ұлым, қорықпа,—деп,—

Нағашы атаңның аруағы,—деп,—

Қарның ашқан жерлерде

Тамақ болар аруаққа».

«Кел, балам, сен, қолың жай!»

Оған қолым жайдым-ай.

«Өле-өлгенше қарның ашпас,

Жетпіс жеті жасыңда

Өзіңе келер бір қатер.

Менің жөнім сұрасаң,

Сыйынып жүрген атаңмын.

Өзің қорқып зарыққан соң,

Күн өтемен көріндім.

Айғай салып ақырсаң,

Аруақты енді шақырсаң,

Жан жаратқан Құдайым

Алдымен жад айт, балам-ай!

Жер үстіндегі әулие

Баршасына сыйынып болған соң,

Менің де атымды сұрасаң,

Қарадан туған төредей,

Әулиелер көп еді-ай!

Қобызыңды қойғанда,

Дұға қылып қойғайсың

Жәнібек атты бабаңа-ай!»

Ғайып болып жоқ болды.

Басымды көтеріп қарасам,

Түндегі жатқан орным-ай!

Тал түс болып қалыпты,

Көтеріп алсам басымды.

Жылап отыр қасымда,

Әжем байғұс басымда.

Дәуіт келді қасыма,



238

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ақсарбас қойды алып-ай!

Шалып тағы жіберді

Ер Жәнекем аруағына-ай!

Ұйықтадым десем, талыппын,

Ертең түсте тұрыппын,

Бір күн талыппын, жатыппын.

Баршасын көрдім сол жолы,

Іздейін деп едім сол жолы.

Әулиенің жөнін білмедім,

Шыбын жаннан қорыққан соң.

Келіп қондым молаға,

Бір моланы білмедім.

Қараңғы түннің ішінде

Жаяу бастым, шаршадым,

Көрінген елге бармадым.

«Тек емессің» деп түнедім

Үлкен салған қызыл тамға.

Жастана келіп жатып ем,

Үстінде бар ақ киімі,

Бидай өңді ақ кісі

Жетіп келді қасыма.

«Балам, неге қысылдың?» деп,

Сөз айтты енді өзіме.

Көргендерім баршасын

Баян еттім сол жерде.

«Қорықпа, балам, қорықпа!» деп,

Елу алты жасында

Өзі қайтар сол күнде.

«Қорықпа, балам, менен» деп,

Күбірлеп айтты өзіме.

«Қорықпайын, атеке,

Есіміңді сұраймын

Ғайып етпе, атеке!

«Менің есімімді сұрасаң,

Қонақ болсаң бұл түнде.

Менің әсілім—сұрасаң,

Баймырқа атаң мен деймін.

Намазыңның артынан

Дұға қылып жүр деймін.


238

239


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Балам, енді таң атты»,—

Сырт қарап енді жөнелді.

Таң көтеріліп қалыпты,

Түрегеліп жөнелдім,

Дұға қылып мен кеттім.

Онан тұрып елге келдім,

Елге келіп тұрсам-ай,

Бақсының шықты дауысы.

Жүгіріп жетіп мен келсем,

Қарадағы Сүйіндік

Ағыбайдың қарындасын

Кержібек атты сұлу қыз

Оны қарап жатыр екен.

Мен барған соң ол бақсы

Жығылып қалды ол үйде.

Айғай салып ақырдым,

Қобызын алып шақырдым.

Жолбарыс атты жындарым

Келіп бір қалды кәпірің.

Енейін дейді сол үйге,

Сыймады енді денесі.

Үш күн қараған қыздары

Кәлимаға тілін келтірді.

Қобызымнан тәуеп қылып,

Қасыма келіп отырды.

Айғай салып ақырдым,

Аруақ жынды шақырдым.

Талып қалған бақсыны

Түрекеліп тұрғызды.

Бақсы келіп түре келіп,

Шапан жапты арқама.

Бұрынғыдан қалған мирас жол,

Батамды беріп жөнелттім.

Маған келген жын емес,

Ондағы көрген атаның

Қолдайтұғын аруағы.

Толып жатқан жын ұрған

Қарадым мен сол күні.

Елу бес жасымда



240

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Қайбіреуін айтайын,

Қатын менен баланың

Зияндастай ауруын

Көп қарадым сол күнде.

Аруақтар болды тамағым,

Жын жолынан бұрылып,

Ұста болған бұл шағым.

Қиын болып барады

Енді қобыз шалғаным. 

44. АЙБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ САРЫНЫ

Үйеңкінің түбінен

Ойып алған қобызым,

Жалғыз біткен ағаштан 

Тиек қылған қобызым,

Жүйрік аттың құйрығын 

Ішек қылған қобызым,

Желмаяның терісін 

Қапшық қылған қобызым.

Әй, қобызым, қобызым,

Дұрыс сөйле, доңызым!



45. АЙБЕРГЕН БАҚСЫНЫҢ ЖЫНЫН 

ШАҚЫРҒАНЫ

Ай, ақбурам, ақбурам,

Екі өркешің аспанда,

Жер солқылдар басқанда.

Қара асаукер, асаукер,

Бұлғақтамай, жылдам кел!

Жер жүзіндегі әулие-ай,

Күн көзіндегі әулие-ай,

Мәшрүптегі әулие-ай,

Мағырыптағы әулие-ай,

Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,

Отыз үш мың сахаба,


240

241


БАҚСЫ САРЫНДАРЫ

Сексен сегіз серуер 

Алдына дабыл төңкерген,

Артына сауыт бөктерген.

Алтайыдан бөркі бар,

Әрне қылса еркі бар.

Алпыс екі нөкерім,

Бермен қарай төңкеріл!

Көз бен белім—көзелім,

Бөтен емес, өз елім.

Тоқсан тоғыз машайық,

Бәрінен медет тіледім!

Қойқаптағы әулие,

Баба-ай Түкті шашты Әзиз 

Шәмбіл белден су ішіп,

Қойқаптан әрі жерлерің 

Жатырмысың, ерлерім!

Мекедегі әулие,

Мәдинедегі әулие,

Хан Шыңғыс та әулие,

Өгіз таудың басында Өгіз әулие,

Қошқар таудың басында Қошқар әулие,

Таудағы бұланың,

Іштен шыққан айдаһар жыланың.

Ойдан келген он бөрі,

Сол бөрінің ішінде

Алты ауызды көк бөрі, 

Көкжендет көлінде, бай елінде,

Қызыл таудың басында қыз әулие,

Баянауыл басында Қоңыр әулие,

Жұмабайдың баласы 

Кесер кеуде Көк қабан,

Жын ішінде, сен жаман!

Алтайдан келген алтауым,

Шабдар атты кемеңгер,

Елден келген екеуім,

Желден келген жетеуім,

Елден келген Ақәзіл,

Шаңдатпастан келген Шаңдыаяқ!

16-0139


1. [КЕЛ ЖІГІТ, КЕЛ ЖІГІТ…] 

Кел, жігіт, кел, жігіт,

Бұған бата бер, жігіт!

Ауылыңның қонғаны 

Жылға-жылға сай болсын.

Ұл баланың мінгені 

Жорға-жорға тай болсын.

Жорғалатып келгенде,

Атаның көңілі жай болсын!

Қара ешкінің мүйізі 

Ербегей де сербегей.

Саған келген пәлекет 

Өзен суды өрлегей!

Менің атым—Сарыбай,

Сақалыма сары май.

Татам мезгілі болғанда,

Төсегіңнің басынан,

Жастығыңның астынан,

Бақ-дәулет келіп дарығай!



2. [АЛА АТ, ҚҰЛА АТ…] 

—Ала ат, құла ат,

Жеңешемді домалат.

Ұл таппасын, қыз тапсын,

Бәрімізге қолқанат!

Үйіңізге құт-береке енсін,

ІV. Баталар


243

БАТАЛАР


Қораңызға мал тола берсін!

Аумин!


3. [ҚОНАҚТАСЫН БЕРЕКЕТ…]

—Қонақтасын берекет,

Қаша берсін пәлекет!

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет.

Ақыретке барғанда,

Қыл көпірден аман өт!

4. [БАТА БЕР ДЕДІҢ ЛАҚҚА…] 

Жидебайдың Сауытбек байдың үйіне қонаққа келгенде 

лаққа берген батасы:

—Бата бер дедің лаққа,

Дауысы кетті жыраққа.

Ащы екен үні бейшараның,

Түрпідей тиді құлаққа.

О дүниеге барғанда,

Алмасын Алла сұраққа.

Қой болса, қой сой,

Бейшараны жылатпа!  

 

5. [ЖЫЛҚЫШЫ АТА ҚАМБАР…] 

—Жылқышы ата Қамбар,

Мінгенің жирен шабдар.

Мыңды айдатып,

Жүзды байлатса,

Сенен басқа нем бар?

Желің ұзын болсын,

Ішкенің қымыз болсын.

Сойғаның құлын болсын,

Жегенің қазы болсын! 


244

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



6. [Я, ҚҰДАЙ, БЕРГЕЙСІҢ…] 

Жаяуғали деген бай дүниеқоңыз, сараң адам болыпты. 

Өзінің қойын өгізге мініп бағады екен. Бір малы өлсе, бір адам 

өлгендей қайғырады екен. Бір жылы қатты жел үйін жығып 

кетсе, қатынын сабап, әркімдерді тілдейді және күзеулік жерін-

дегі қорасының қи-тезегін жапсарлас отырған Жантас деген ел-

ден көріп, билер тобына арыз береді. Осы мәселені қа рамақ бо-

лып бай кісінің ауылында жиналыс болады. Сойылатын малға 

Тоқтаған деген шешен адам бата жасайды. Сорпа сын тие ішсе 

де, қаты кейіс етеді екен. Сондағы айтқаны: 

—Я, Құдай, бергейсің,

Көзінің жасын көргейсің!

Қали ғана тілегім,

Тілемеймін өзгесін.

Өсіре бер көбейтіп,

Аман сақтап мал-басын!

Басындағы ордасын,

Қи мен тезек қордасын 

Алғызбасын Жантасқа. 

Ұзарта көрме өмірін,

Ұзын қылып өз жасын.

Ергеншегі мықты боп,

Ит ішпесін сорпасын. 

7. [БИСИМИЛЛА-И РАХМАН-И РАХИМ…] 

Бисимилла-и рахман-и рахим!

Бүлшіл, бүлшіл, бүлшіл бол,

Бозторғайдай түршіл бол,

Адам таппайтын сөзшіл бол!

Бұрама темір, сом алтын 

Суға салса батпасын.

Тәңірім берген дәулетің 

Тепкілесе кетпесін!

Қораң қойлы, 

Шараң майлы болсын.

Қазаның қаспақты, 



244

245


БАТАЛАР

Сиырың баспақты болсын!

Ұл-қызың үбірлі-шүбірлі болсын,

Ғұмыр жасың ұзақ болсын.

Періште әумин десін!

8. [АЯҢДА, АЯҢДАСАҢ, ҚАРА КЕРДЕЙ...]

Аяңда, аяңдасаң, қаракердей,

Сөз таптық қапияда қайлалы ердей.

Той бастап жолдық енді алғаннан соң,

Біз сонда кетеміз бе бата бермей!

Әуелі бір Құдайым басын берсін,

Екі елі ұзақ ғұмыр жасын берсін.

Дұғамыз мүшәуратта қабыл болып,

Шын күміс, алтын аяқ тасын берсін!

Онан соң бір Құдайым бақыт берсін,

Дәрәжә, өзіңізге тахит берсін.

Дұғамыз мүштәрәкта қабыл болып,

Он жігіт күзетшіге сахит тұрсын!

Онан соң бір Құдайым миды берсін,

Үстіңе ақ күмбездей үйді берсін.

Үстіңде ақ күмбездей үйің болып,

Ішіне лайақаттап күйді берсін!

Жиһазың ақ ордаңда толып тұрсын,

Үйіңе қонақ-қопсың қонып тұрсын.

Терісін бес биенің саба қылып,

Қымызың жүз кісіге болып тұрсын!

Самаурын төрт-бес жерден қайнап тұрсын,

Бұлбұл құс тұғырымда сайрап тұрсын.

Үстінде түркпен кілем жабуменен,

Белдеуде төрт бедеуің ойнап тұрсын!



246

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР

Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын,

Ақ жүзің алақандай нұрға толсын.

Мүстәжәп менің батам қабыл болса,

Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын!

Қара су мал жериді лайынан,

Тілей көр күнде тілек Құдайыңнан.

Мал-басың дәулетіңмен бірдей өсіп,

Бір Құдай айырмасын жұбайыңнан!

Шырағым, қадірлі екен қара басың,

Ауызға бал татиды берген асың.

Мүстәжәп менің батам қабыл болса,

Алдыңнан ақ күн туып, жарылқасын! 



9. [ИӘ, ҚҰДАЙ, ТІЛЕГІМДІ ҚАБЫЛ ЕТ...]

Иә, Құдай, тілегімді қабыл ет,

Тозақтың отынан сақта,

Қаңғыған оқтан сақта,

Парақордан, соттан сақта,

Кірлі сумен жуыстан сақта,

Ынтымақсыз туыстан сақта,

Көк долы қатыннан сақта,

Колхозды жеген бастықтан сақта,

Адамды қадірлемеген елерден сақта,

Жанды басқан перісінен сақта,

Кеудесін кергеннен сақта,

Мерзімсіз келген өлімнен сақта!

Татымсыз тұздықтан сақта,

Қайырымсыз тілек, жоқтан сақта,

Жалқау бала, тексізден сақта,

Түнере атқан таңнан сақта,

Жаңбырсыз шаңнан сақта!

Жастарда әдеп жоқ,

Үлкеніңде бәтуа жоқ,

Құр айғай, шақ-шәлекей даңнан сақта!



246

247


БАТАЛАР

10. [ТІЛЕК ТІЛЕП ЖАЛҒЫЗ ХАҚҚА...]

—Тілек тілеп жалғыз Хаққа,

Бата берген шаңыраққа.

Адал еңбек, ақ ниет басшы болар,

От басына қызықты келер баққа.

Бір Алла ақ пейілге пана болар,

Туған ел қорған болар пейілі аққа.

Бақыт тілеу—бата басы,

Қыдыр болсын бас жолдасы,

Әр уақытта аман болып,

Ұзақ болсын ғұмыр жасы!

Бір Алланың құлысың,

Ата-ананың ұлысың.

Адал болсаң айнымай,

Оңға басар бар ісің.

Айнымас ақыл қазығың,

Жолдасың еңбек—қазығың.

Адам болсаң ақпейіл,

Ешкімге болмас жазығың.

Ырзығың берер жалғыз Хақ,

Сұраншақ болма сұғанақ.

Басқа адамды күндеме,

Еңбек етіп табыс тап!

Адалдық жолын қуғанға 

Өзі келер мал мен бақ.

Ұйымшыл болса семьяң,

Отыңның басы алтын тақ.

Адалдықты аттама,

Арамдықты жоқтама,

Қызық көрер осы шақ!



11. [БЕС БИЕНІҢ ТЕРІСІ…]

Бес биенің терісі

Бес күндіктік сабаңыз.

Тәңір алдына барғанда,

Терезе тапсын жаныңыз.

Бабай Түкті Шашты Әзіз,

Көтере көр бабаңыз!



248

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



12. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ ОҢДАСЫН…]

—Әуелі Құдай оңдасын,

Қыдыр ата қолдасын.

Бай дәулетін берсін,

Пайғамбар берекесін берсін!

13. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ ОҢДАСЫН…] 

—Әуелі Құдай оңдасын,

Күллі әулие қолдасын.

Сексен түйең боталап,

Сегіз келін қомдасын.

Он мың биең құлындап,

Мың бес жүз қойың қоздасын!

14. [ОСЫ БАТАМ КЕЛІСІ…]

—Осы батам келісі—

Жібектен болсын желісі.

Алтыннан болсын қазығы,

Күмістен болсын тоқпағы.

Үйге келген мейманның 

Қазылып жатсын соқпағы!

15. [БАЛ ДӘМІ КІРСІН АСЫҢА…]

—Бал дәмі кірсін асыңа,

Береке берсін басыңа.

Томашадай қорғалап,

Дәулетің келсін қасыңа!

16. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ ОҢДАСЫН…]

—Әуелі Құдай оңдасын,

Қыдыр болсын жолдасың.


248

249


БАТАЛАР

Көпке беріп береке,

Ердің басы қорғалсын! 

17. [ӘУЕЛІ ҚҰДАЙ СЕН ЖАРЛЫҚ…]

Әуелі, Құдай, сен жарлық,

Сүйгеніңмен тең жарлық.

Айдан аман сақта,

Жылдан есен сақта!

Бай 

қыл, төрт түлігін сай қыл,



Жан-жақты қыл,

Малды, бақты қыл! 



18. [ЕКІ ҚОЛДЫ ЖАЙЫП…] 

—Екі қолды жайып, ләһһи амин!

Я, Алла, пәлеңнен сақта,

Жалаңнан сақта, 

Қауіп-қатеріңнен сақта!

Алла, екі дүниенің абыройын бер,

Алла, өліктерге иман бер,

Тіріге саламаттылық, шаттық бер.

Бала-шағама ғұмыр бер,

Өзіме иман бер! 

Алла, жарылқа,

Пайғамбарға шапағат бер!

Аллау акбар!

19. [ХАЛЫҚҚА ЖАҒАМ ДЕСЕҢ, ӘДІЛ БОЛ…] 

—Халыққа жағам десең, әділ бол,

Судан таза, жерден ауыр бол!

Аузыңнан шыққан сөзің

Естіген халыққа қуат болсын,

Айналаң ашық суат болсын! 



250

МАГИЯЛЫҚ ФОЛЬКЛОР



20. [ИӘ, ҚҰДАЙ, ОҢҒАРА КӨР…]

—Иә, Құдай, оңғара көр,

Бәлеңнен қорғай көр,

Аруақ, қолдай көр!

Несібeң үйден болсын,

Әбиір дүзден болсын.

Қызықты көңіл болсын,

Бақытты өмір болсын!

Әумин, Аллауакпар!



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал