Сананы жетілдіру құралы ретіндегі тілдің пайда болуындағы еңбектің рөлі Сана



Дата02.04.2023
өлшемі15,58 Kb.
#78548
Байланысты:
СӨЖ1 психология


Сананы жетілдіру құралы ретіндегі тілдің пайда болуындағы еңбектің рөлі 
Сана дегеніміз – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағыттала алатын, өз-өзіне айқын, менталды феномендерді әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді түсіндіреді.
Сана, біздер көп нәрсені білген сайын , жасаған сайын және оқыған сайын жетіле береді . Оның жетілуіне басты рөлді еңбек пен тіл атқарады. Заттарды өңдеу барысында тілдің әрі қарай дамуына жағдай туындайды. Жаңа заттарды белгілеу үшін сөздер енгізіледі, сонымен қатар зат есімдер көбінесе етістік формаларынан құралады. Оған қоса жаңа сөздердің пайда болуы мен тілдің дамуы еңбекпен байланысты, алғашқы сөздер, негізінен, әрекетті белгілейді, яғни етістік болып табылады. Тіл ойлаумен өте тығыз байланысты, ол ойлау жұмысының нәтижелерін, адамның танымдық іс-әрекетінің жетістіктерін сөз бен сөйлемдерді тіркейді де бекітеді және осылайша адамзат қоғамында ой алмасуды мүмкін етеді. Тілсіз адамның ойы болмайды және дамымайды. Тілдің арқасында адам әлемі екі есе артады және заттар болмаса да, олармен жұмыс жүргізу мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар сөз ойлау тәсілі, құралы, қарым-қатынастың тәсілі болып табылады. Сөз арқылы ойды жеткізу іс-әрекеті тіл болып саналады.Табиғатта адамдар мен жануарлардың басты айырмашылығы ой санасында , сөйлеу және ойлау қабілеті болып табылады .
Тіл – айналадағы әлемнің құбылыстары мен заттарының тікелей, нақты белгілерін және ағзаның ішкі ортадан, көру, есту және басқа да рецепторлардан келетін белгілерін қабылдау және түсіну қабілеті, содан соң сөзді айту балада белгілі бір дыбыстарды сыртқы обьектілер туралы көргендегі, тактильді және өзге де әсерлерімен ассоциациясы нәтижесінде дамиды. Ұғымның пайда болуы адамда жаңа құралдың – адам психикасының жаңа формасының – сананың пайда болатындығын білдіреді. С.Л. Рубинштейн бойынша, қосымша білім - әлем туралы білім жиынтығы, әлем туралы білім және біздің қажеттіліктеріміз туралы білім, өз санамызды мейлінше жақсы түсінуіміз өз кейпімізді өзгертуімізге байланысты болып келеді. Шынайылықты саналы түрде түсіну арқылы адам өзінің таныған нысанына қатынасын эмоциялы ойлайды. Эмоция, сезім сананың бір түрі болып табылады. Бірақ сананың мәні сыртқы әлемнің интеллекттілі бейнесі мен бейнеленгенді эмоционалы сезіну болып табылмайды. Сана шындықты белсенді түрде қайта жасауға бағытталған адам іс-әрекетін реттеуді қамтиды. Сананың практикалық әрекетін құрайтын ерік сананың маңызды қыры болып табылады.
Қорыта келгенде , сана , ой , тіл , еңбек арқылы адамзат ғасырлар мен жылдар бойы дамып келеді және дамуын тоқтатпайды . Осы арқылы ғана адамзат дамып қазіргі замандағы жетістіктерге жетіп отыр және мен ойлаймын біздер әлі де көптеген жетістіктерге жетеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет