Сандуєаш+озат



бет20/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
5-Практикалық сабақ генетика (1)

Бақылау сұрақтары:


  1. Прокариоттар геномы дегеніміз не?

  2. Эукариоттар геномы дегеніміз не?

  3. Прокариоттар және эукариоттар геномының бір бірімен ерекшелігі?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2011.

  2. Асылбек Р., Божбанов Б.Ж. Биометрия. -Шымкент: 2010.

  3. Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.

  4. Стамбеков С. Ж. Генетика. - Новосибирск. Ана-тілі, 2002.

  5. Бегімқүлов Б.К. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. -А. Білім, 1996.

  6. Плохинский Н.А. Биометрия. -М., 1980.


Тәжірибелік сабақ №13

Тақырыбы: Популяцияньщ генетикалык құрылымын анықгау.
Сабақтың мақсаты: Популяцияньщ генетикалык құрылымын оқып білу.
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар: Плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер.
Мазмұны: Геномның нуклеотид жұптары арқылы көрсетiлген мөлшерiн бiр генге сай келетiн нуклеотид сандарына бөлiп, адамның ген санын анықтауға болады. Әдетте, нәруыздың толық молекуласы орта есеппен 300-ден артық амин қышқылынан құралған болса, онда бiр генге шамамен 1000 нуклеотид келедi (300·3) деп есептелiнедi. Ондай болса адам генiнiң саны 3,5 млн 3,5 млрд/1000 болуы керек едi. Тiптi геннiң орта өлшемi 10 000 н.ж. тең болғанының өзiнде шын мәнiнде барлық белгiлi гендердiң аумағынан асып түседi, олардың гендер саны 300 мыңнан кем болмауы керек. Бұл мүмкiн емес, мысалы сүтқоректiлердiң гендер саны анық болмаса да, оның саны жүздеген мың емес, ондаған мыңмен есептелiнедi. Генетикалық зерттеу деректерi бойынша сүтқоректiлер, оның iшiнде адам генiнiң саны 70 мыңнан аспайды. С-парадокстың жұмбағы геннiң экзон-интрондық құрылымының және ДНҚ типтерінің ашылумен айқындала бастады.
Прокариоттарға колинеарлық принцип сай келедi: ген нуклеотидтерiнiң тiзбектелуi нәруыздың амин қышқылдарының тiзбектелiп орналасуына дәл келедi. Басқаша айтқанда геннiң копиясын көшiрiп алған иРНҚ-ның триплеттерi өзiнiң өнiмiне толық сәйкес келедi.
Эукариот геномының қызметiнде колинеарлы емес принцип байқалады. Эукариот геномы ДНҚ тiзбегiнiң екi типiнен – экзон және интрондардан құралған. Экзон дегенiмiз нәруыздың амин қышқылдар тiзбегi туралы ДНҚ-ның информациялық бөлiгi. Интрон – ДНҚ-ның генетикалық информация жоқ бөлiгi. Яғни эукариот геномының құрылысы үзiлмелi: әдеттегi гендер (экзондар) интрондармен бөлiнген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет