Санкт-петербургская академия постдипломного педагогического образования


Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).   Таксономия



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата28.01.2017
өлшемі1,44 Mb.
#2876
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Таксономия (грекше. táxis — орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos — заң).  
Таксономия  –  олардың  иерархиясын  (белгілі  бір  құрылымдағы  бірізділігін, 
реттілігін)  құрастыру  мақсатында  берілген  нысандарды  нақты  бір  ӛлшемдер  мен 
қағидалар бойынша жіктеу. 


 
Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа 
ие бола алмайтындығына негізделген. 
Бенджамин  Блум  (ағыл.  Benjamin  Bloom)  (1913-1999)  –америкалық  психолог, 
оқыту  әдістерін  зерделеген,  «Блум  таксономиясы»  атауы  алған  жүйені  құрушы.  1942 
жылы  Чикаго  университетінде  доктор  дәрежесін  қорғаған.  1965-66  жылдары  Ағарту 
ісін  зерттеушілер  бірлестігінің  президенті  болған.  1960  жылдары  Б.Блум  кейіннен 
«Блум  таксономиясы»  деп  аталып  кеткен  тұжырымдаманың  негізін  құраған  екі 
монография  басып  шығарды:  «Адами  мінездемелер  тұрақтылығы  мен  ӛзгеруі»  және 
«Білім мақсаттарын жіктеу». Яғни зерттеуші, баланың мінез-құлқын жас ерекшелігіне 
сай  ӛзгеретінін  біле  тұрып,  оны  зақымдамау  үшін  тиімді  жолын  ұсынғанын 
практикалық сабақтарда қолдануда  кӛріп жүрміз. 
Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар 
үлгісі: 
І. Білу. Таным мен ойлау деңгейі – тӛмен деңгей.  
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын 
тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.  
Оқушы: - Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);  
-Нақты фактілерді біледі;  
-Жұмыстың орындалу ретін біледі,  
-Негізгі ұғымдарды біледі;  
-Ережелерді, қағидаларды біледі.  
Тапсырмалар түрі: Не? Қашан? Қандай? Қайда?  
-
 
Формуласын жазу, атап кӛрсету, жабық тест тапсырмалары;  
-
 
қалдырып кеткен белгiлердi қою;  
-
 
жатқа  айту;  анықтамалар  мен  атауларды  қайталау,  олардың  қолдану  тәртiбiн 
айту.  
ІІ. Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.  
Оқу  материалын  түсінгендіктің  ретінде  келесідей  әрекеттерді  атқаруды  атауға 
болады:  
Трансляция–оқу  материалын  бір  «тілден»  екінші  «тілге»  ауыстыру  мысалы, 
математикалық формуланы сӛзбен айтып беру;   
сӛзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен кӛрсету, т.б.);  
Интерпретация – оқу материалын «ӛз сӛзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;  
Жорамалдау–оқу  материалдары  бойынша  әңгіменің  әрі  қарай  не  туралы 
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.  
Оқушы:  
-Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;  
-Сӛзбен 
келтірілген  материалды,  схемалар,  графиктер,  диаграммаларды 
түрлендіреді;  
-Сӛзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға ӛзгертеді;  
-Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.  
Тапсырмалар түрі: - Қалай? Неліктен?  
-Сӛйлемді аяқтаңыз; сӛйлемді ӛзгертіңіз;  
- ӛзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын кӛрсетініз; 
- ӛз сӛзіңізбен айтыңыз; 
- графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.  
Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.  
Бұл  категория  оқу  материалын  нақты  жағдайда  және  мүлдем  жаңа  ситуацияда 
қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, 
теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелерін түсіну деңгейіне 
қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.  
 

10 
 
Оқушы:  
-Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;  
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;  
-Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын кӛрсетеді.  
Тапсырмалар түрі: Жасап кӛр;  
таблица, график жаса; 
қолдану мақсатын түсіндір;  
Есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.  
ІV. Талдау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.    
 
Оқу материалының құрылымы анық кӛрінуі үшін оны құрамдас бӛліктерге бӛлу: 
бүтіннің  бӛліктерін  ажырату;  бүтіннің  бӛліктерінің  арасындағы  ӛзара  байланыстарды 
анықтау,  бүтіннің  қалайша  ұйымдастырылғандығын  сезіну.  Бұл  категория  оқу 
материалының  мазмұнын  сезінумен  қатар  оның  ішкі  құрылысын  қалайша 
құралатындығын меңзейді.  
Оқушы:  
-Жасырын (кӛзге кӛрінбейтін) жәйттерді ашады;  
-Ойдың ӛрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,  
 -Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;  
-Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.  
Тапсырмалар түрі:  
-Құрылымы қандай?  
-Салдары неде?  
-Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.  
V. Жинақтау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.  
Оқу  материалының  элементтерінен  жаңашыл  сипаттан  бүтінді  (нәтижені) 
құрастыру.  Жаңа  нәтиже  ретінде  оқу  материалдарын  мүлдем  ӛзгеше  реттейтін 
хабарлама  (баяндама,  сӛз),  жұмыс  жоспары,  схемаларды  атауға  болады.  Мұндай  оқу 
нәтижелері  жаңа  мазмұн  мен  жаңа  құрылымдарды  жасап  шығаратын  шығармашылық 
әрекеттерді қолдануды талап етеді.  
Оқушы:  
-Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;  
-Тәжірибе жасаудың ӛзіндік жоспарын ұсынады;  
 -Қандай  да  болмасын  проблеманы  шешу  үшін  ӛз  білімдерін  шығармашылықпен 
қолданады.  
Тапсырмалар  түрі:  Ӛз  шешіміңізді  табыңыз,  алгоритм    құрастырыңыз,  баламасын 
табыңыз, бӛліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.  
VІ. Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.  
Оқу  материалының  маңызын  анықтау,  ол  туралы  ӛзіндік  пікір  келтіру,  ойын 
білдіру.  Бұл  деңгей  алдыңғы  категориялардың  оқу  нәтижелелеріне  қол  жеткізуді 
меңзейді.  
Оқушы:  
-Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;  
-Ішкі  немесе  сыртқы  критерийлерге  сүйеніп,  оқу  материалының  маңыздылығын 
айқындатады;  
-Жасалған  шешімдер  мен  қорытындылардың  берілген  фактілерге  сәйкестігін 
анықтайды.  
Таным мен ойлау деңгейі бойынша: 
білу шкаласын «төменгі» деп бағаланады;  
түсіну мен қолдану шкаласын «орта» деп бағалаймыз;  
Талдау (анализ), синтез және бағалау шкалаларын «жоғарғы» деп бағаланады. 
 
 

11 
 
Білу 
Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері 
Түсіну 
Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді. 
Қолдану 
Алған білімді қолданады 
Анализ, жүйелеу 
Білімді  жай  қабылдамайды,  талдайды,  саралайды, 
салыстырады 
Синтез, жинақтау 
Алған білімнен жаңа ӛнім жасап шығарады. 
Бағалау 
Оқушы  меңгеретін  және берілетін  білім  негіздерін  түсініп 
бағалайды 
Мысалы,  қазақ  әдебиеті  сабағындағы  С.Торайғыровтың    «Шығамын  тірі 
болсам адам болып»  тақырыбындағы  сабақ  мақсатының   алгоритмі: 
Білу  
 
Ӛлеңде қандай мәселелер кӛтерілген? 
 Ақынның ӛмір сүру мақсаты.  
Түсіну  
 
«Адам болу» дегенді қалай түсінесің?  
Ақынша «адам болуға» қандай қасиеттер кедергі жасайды?  
Қандай қасиеттер оған жақындатты? 
Қолдану  
 
Ақын ӛлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма?  
Ӛлеңнің ӛздеріңе әсері арқылы ойларыңды айтасыңдар.  
 
Жүйелеу  (талдау)  
 
Қалай ойлайсыңдар, ақын арманына жетті ме?  
«Адам болу»  мақсаты орындалды ма?  
Ойларыңды ақын ӛмірі, соңғыға қалдырған мұрасы арқылы 
дәлелдеңдер.  
 
Жинақтау   
 
«Ақын арманы» немесе ӛз қалауларың бойынша ат қойып, 
шағын шығарма-толғау жазыңдар. 
 «Адам  болу  -  мұратым»  атты  ауызша  сұхбат  жүргізіп, 
пікірлесіңдер.  
 
Бағалау  
Ақын ӛлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма?  
Ӛлеңнің ӛзіне әсері  арқылы ойларыңды айтасыңдар.  
 
Осы бағдарлама арқылы оқушылар белгілі бір мазмұнға сын тұрғыдан қарап, мол 
ақпараттар ағымынан ӛзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ 
қоя білуге, әркез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, оқушы ойы дамиды. Ерекшелігі: 
оқушының қызығуын арттыра отырып қиялын дамытуға арналған. Мұғалім оқушының 
білім  алуға  бағытталған  іс-әрекетін  бақылай  алады,  бағыт-бағдар  береді.  Оқушылар 
жаңа  сабақты,  ақпаратты  ӛз  бетімен  меңгереді.  Осы  тұрғыда  оқушының  ішкі  дүниесі 
ӛзгереді, сабақ сұрап қалып, қиын сұраққа жауап бере алмаудан кӛп оқушы қорықады, 
бұл  технологияларды  қолданғанда,  оқушының  ішкі  үрейі,  қорқынышы  сейіледі, 
мұғалімге кӛзқарасы ӛзгереді.  
Деңгейлеп оқыту технологиясы бүгінгі жаңа заман оқушысының қажеттіліктерін 
қиындықсыз орындап, толықтыруға негіз болатын әдістемелерден тұрады. Осыған орай 
бағалау  жүйесінде  де  ӛзгерістер  енгізіліп,  оқушылардың  күнделікті  сабақта  алған 
бағаларына  сенімділігі  артып,  ынталанып,  сыни  тұрғыдан  ойланулары  дамып  келеді. 
Осы  тұрғыда  бала  ӛзіне  деген  және  сыныптасына  берер  бағасын,  білімділігіне  сай 
қойып, оған талдау жасай алатын деңгейге жетеді. 
«Бағалау» термині бүгінгі күнгі оқытуда «жақын отыру» дегенді білдіретін латын 
сӛзінен  шыққан.  Бағалаудан  арғы  білім  алу  туралы  шешімді  қабылдау  мақсатымен 
оқытудың  нәтижелерін  жүйелі  түрде  жиынтықтауға  бағытталған  қызметті  белгілеу 
үшін қолданылатын термин.  
Бағалау-бұл  оқытуды,  әдістерді  және  осы  мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін 
жақсарту мүмкіндіктерін анықтауын бағалау қалыптастырушы бағалау.  
Егер  бағалау  мақсаты  жіктеу,  оқыту  қарқынын  жылжыту  үшін  оқыту 
қорытындысын  шығару  болса,  онда  ӛзінің  функциясы  бойынша  жинақтау  немесе 

12 
 
оқытуды  бағалау  болады.  Яғни  оқыту  барысында    оқушы  үшін  бағалау  басты  рольді 
атқарады.  Осы  тұрғыда  оқыту  технологияларының  әрқайсысының  бағалауға  берген 
анқытамасы бар. 
Бағалаудың мақсаты  
-Оқытудың қиындықтарын анықтау; 
-Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін); 
-Уәж; 
-Болжау және сұрыптау; 
-Стандарттарды бақылау және орындау; 
-Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.  
Бағалау–оқу дәлелдемелері жоспарлы, жүйелі жинақталған іс-әрекеттің әр түріне 
қатысты оқу сапасына қорытынды  баға беретін категория.  
Бүгінгі күні  оқушы жетістігін әділ, шынайы бағалау үшін критериалды бағалауды 
нақты  сабақтарда  қоланып  жүрміз.  Бұл  бағалауды  әдетте  тек  сайыстарда,  пәндік 
турнирлерде  қолданатынбыз.  Енді  оның  шынайы  екенін  мұғалім  ғана  емес,  оқушыда 
түсінді. Критериалды бағалау жүйесін жасақтау кезеңдеріне тоқталайық. 
-  Пән  бойынша  кіріктірілген  эксперименталды  оқу  бағдарламасын  меңгеру, 
мақсаттары мен міндеттерін анықтау. 
- Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлерін әзірлеу.  
- Бағалаудың критериалды шкаласын жасау. 
- Пәннің нақты тақырыптары бойынша критериалды бағалауды жүзеге асыру.  
Оқыту үшін бағалаудың түпкілікті нәтижесі: 
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуі;  
Оқушылардың ӛзіндік оқуға белсене қатысуы, ретімен ӛзін ӛзі бағалауы; 
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқуды түрлендіру; 
Бағалаудың оқушы қызығушылығы мен ӛзін ӛзі бағалауына әсер етіп, білім алуды 
түбегейлі ӛзгертуі;  
Ӛзін-ӛзі  бағалау  нәтижесінде  оқуын  қалай  жақсарту  қажеттілігін  түсініп, 
сыныптастарымен бірлескен оқу дағдыларын қалыптастыру.  
Оқытуды жақсартудың  қағидалары: 
 - Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету.  
- Оқушылардың ӛзіндік оқуға белсенді қатысуы.  
- Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды ӛзгерту.  
- Оқушылардың ӛзін-ӛзі бағалауы. 
-  Ӛздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттігі.  
Қазіргі заман талабына сай деңгейлік бағдарлама технологияларын тиімді, жүйелі, 
орынды пайдалану оқу үрдісі, мұғалім, оқуші үшін ӛте тиімді.  
Оқушы  жетістігін  нақты  бағалау  мәселесі-білім  беру  жүйесіндегі  ӛзекті 
мәселелердің  бірі. Кӛптеген жылдар бойы  оқушы  жетістігі басқа оқушы жетістігімен 
салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты 
жоғарылатуға  мүмкіндік  жасайтын  бағалаудың  нақты  критерийлері,  мұғалім  мен 
оқушы  арасындағы  кері  байланыс  болмады.  Кӛптеген  мектептерде  тӛрт 
баллдық   жүйеге  негізделген  бағалаудың  дәстүрлі  жүйесі  сақталып  келеді:  2 
(«қанағаттанарлықсыз»),  3  («қанағаттанарлық»),  4  («жақсы»)  5  («ӛте  жақсы»).  Теория 
жүзінде 1 (бірлік) ұпайы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға 
әр  уақытта   субъективті.  Бағалаудың  бұл  түрі  мұғалімнің  толық  билігіндегі  құралы 
болып  табылып,  білім  беруде  авторитарлық  әдіс  қолданылады.  Осыған  орай,  мұғалім 
талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай 
келе бермейді. Бес ұпайлық бағалау шкаласы–басқа да  дәлдігі жетіспейтін нормативтік 
бағалау құралы. Осыған орай, критериальды бағалау  орта мектепте де міндетті. Ӛзін-
ӛзі бағалауға кӛп кӛңіл бӛлінеді. Ӛлшемдік жүйе әкімшілік, ата-аналар, мұғалімдер мен 
оқушыларды  қоса  алғанда  оқу  үрдісіне  қатысушылардың  барлығына  ашық  және 

13 
 
түсінікті.  Бұл  жағдайда  бағалау  оқушылардың  ӛзі  бақылау-бағалау  іс-әрекетіне 
қатысып,  ӛзін-ӛзі  бағалау  біліктілігін  жетілдіруіне  орай  құрастырылады.  Бағалаудың 
бұл түрі оқушының білім алуы мен бейінін дамытудағы танымдық қызметіне себепші 
болады. 
Ұрпағы  білімді  де  тәрбиелі  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды.  Жас 
ұрпаққа сапалы білім, ӛнегелі тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан да 
әр  мұғалім  ӛз  іс  әрекетінде  қажетті  әдіс-тәсілдерді  дер  кезінде  қабылдап,  дұрыс  
пайдалана  білуі  керек.  Бір  сыныптан  бір  сыныпқа,  бір  сабақтан  бір  сабаққа  ӛткенде 
оқушы  әртүрлі  деңгейде  ӛсіп  жетіліп,  ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаев  айтқандай 
«..тарыдай  болып  кіріп,таудай  болып  шығады».  Сабақтың  қызықты  ӛтуіне  кӛптеген 
факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол сияқты сабақ 
барысында  еңбегі  бағаланған  оқушының  ішкі  уәжі  артып,  жұмыс  жүрігізуге  ынтасы 
арта  түседі.  Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласына  енгізіліп  жатқан  жаңалықтарды,  әдіс-
тәсілдерді шебер меңгеру, ӛз тәжірибесінде қолдану әр ұстазға қойылатын талап. Жаңа 
заман  талабына  сай  жан-жақты,  құзіретті  тұлға  тәрбиелеу  мұғалімнен  ӛзгерісті, 
шығармашылықты, сыни тұрғыдан ойлауын қажет етеді.  
Еліміздің  дамуына  үлес  қосатын,  әлеуметтік  ӛркениетке  кӛтерілетін,  парасатты, 
денсаулығы мықты азаматты тәрбиелеу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі 
міндеті.  
«Мектептің тірегі де, тілеуі де- оқыта білетін мұіғалім» - деп Ахмет Байтұрсынов 
айтып  кеткендей  қазіргі  таңда  білім  беруде  оқытудың  озық  технологияларын 
меңгермейінше  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім  беру  мүмкін  емес.  Заман 
талабына  сай  білім  беруді  жүзеге  асырудың  алғы  шарты-оқу-тәрбие  үрдісін  жүйелі 
жоспарлау,  сол  жоспарды  жүзеге  асыру.  Жүзеге  асыру  барысында  қажетті  әдіс-
тәсілдерді таңдау, соны ұтымды пайдалану болып табылады. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Бейсенбаева  А.А.,  Тіленбаева  М.Б.  Білім  беру  мазмұны  туралы  түсінік.  – 
Алматы: Нұрлы әлем, 2003. – 368 б. 
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007 
3. Қазақстан мектебі журналы. – 2009. - №6-10. – С. 50-53. 
4.М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру 
жолдары. – Алматы:Рауан, 2002  
5.  Чарльз  Темпл,Женни  Стилл,Куртис  С,Мередит,Скот  Вальтер.  «Сын 
тұрғысынан  ойлауды  оқу  мен  жазу  арқылы  дамыту»  бағдарлама  жобасы  үшін 
дайындалған әдістемелік құрал. 
 
 
УДК 159.99 
Условия формирования психологической безопасности субъектов 
образовательной среды 
 
Афанасьева Т.О.  
кандидат психологических наук, доцент  
Коммунальное учреждение «Запорожский областной институт последипломного 
педагогического образования», г.Запорожье, Украина 
kta1@rambler.ru 
 
Аңдатпа 
Мақалада  білім  беру  жүйесінде  психологиялық  қауіпсіздікті  қолдау  мүмкіндігі 
қарастырылған.  Қауіпсіз  ортаның  пайда  болу  себептері  анықталды:    макроәлеуметтік, 
әлеуемттік,  мезоәлеуемттік,  микроәлеуметтік  деңгейлерде.  Білім  беру  жүйесінде 

14 
 
психологиялық қауіпсіздікке жағдай жасау үшін оның негізгі кӛрсеткіштері кӛрсетілді. 
Білім  беру  жүйесінде  психологиялық  қауіпсіздік  субъектілерін  қалыптастыру 
жағдайының 
арасында 
келесілер 
анықталды: 
кәсіби, 
психологиялық, 
аутопсихологиялық  құзыреттілік,  білім  беру  үдерісі  субъектілері  арасындағы  қарым-
қатынас және ынтымақтастық. 
 
Аннотация 
В 
статье 
обозначена 
необходимость  сопровождения 
психологической 
безопасности  в  образовательной  системе.  Определены  причины  возникновения 
безопасной  среды:  на  макросоциальном,  мезосоциальном,  микросоциальном  уровнях. 
Для создания условий психологической безопасности образовательной среды выделены 
основные ее показатели. Среди условий формирования психологической безопасности 
субъектов  образовательной  среды  обозначены  следующие:  профессиональная, 
психологичекская,  аутопсихологическая  компетентность,  общение  и  взаимодействие 
между субъектами образовательного процесс. 
 
Annotation 
The  article  highlighted  the  need  for  support  psychological  safety  in  the  educational 
system. Determined the causes of origin of a safe environment: on macro-social, meso-social, 
micro-social  level.  To  create  the  conditions  for  psychological  safety  of  educational 
environment  allocated  its  main  indicators.  Among  the  conditions  of  formation  of 
psychological safety of the subjects of the educational environment are indicated as follows: 
professional,  psychological,  autopsychological  competence,  communication  and  interaction 
between the subjects of the educational process.  
 
Психологическая безопасность, как состояние сохранности психики, предполагает 
поддержку  определенного  баланса  между  негативным  влиянием  на человека  внешней 
среды  и  его  стойкостью,  способностью  преодолеть  негативные  влияния,  используя 
собственные ресурсы или ресурсы внешней среды. В связи с тем, что психологическая 
безопасность  тесным  образом  связана  с  внешней  средой,  возникает  потребность  в 
создании  условий  для  формирования  безопасной  среды.  Образовательная  среда 
является  неотъемлемой  частью  жизнедеятельности  человека,  так  как  в  процессе 
обучения закладываются ценностные ориентации человека, формируется и развивается 
познавательная,  эмоционально-волевая  сфера  личности,  чувство  защищенности.  В 
образовательной  среде  также  формируется  самосознание  субъектов  образовательной 
системы.  В связи с этим, возникает необходимость разработки и внедрения в систему 
образования 
технологии 
психологического 
сопровождения 
безопасности 
образовательной среды. 
В  современном  обществе  мы  все  чаще  сталкиваемся  с  возникновением 
экстремальных  ситуаций,  которые  требуют  от  личности  быстрого  реагирования  и 
решения  сложной  ситуации.  Нередко,  отсутствие  готовности  к  экстремальным 
ситуациям влечет за  собой невротизацию личности, потерю  веры в  себя, заниженную 
самооценку и в следствии приводит к деструктивным разрушениям не только на уровне 
личности,  но  и  на  уровне  социума.  Поэтому  важно  понимать  основные  компоненты, 
факторы  и  показатели  психологической  безопасности,  которые  должны  лежать  в 
основе  построения  модели  психологического  сопровождения  безопасной  среды 
субъектов образовательного пространства.  
Для  сопровождения  психологической  безопасности  необходимо  выделить 
причины возникновения безопасной среды: на макросоциальном уровне это системные 
кризисы,  деформация  мировоззренческих  стереотипов,  дезориентация  в  ценностно-
смысловой 
системе, 
социально-экономическая 
нестабильность 
и 
др.; 
на 
мезосоциальном  уровне  –  отсутствие  продуктивной  коммуникации,  деформация 

15 
 
моделей  и  норм  поведения  и  др.;  на  микросоциальном  уровне  -  проявление 
одиночества,  ригидность  мышления,  низкий  уровень  рефлексии  и  др.  Обозначенные 
факторы  охватывают  как  внешние,  так  и  внутренние  направления  возможных  угроз 
психологической безопасности [1]. 
Для  создания  условий  психологической  безопасности  образовательной  среды 
необходимо  выделить  основные  ее  показатели  (Секач  М.Ф.  и  Сыманюк  Э.Э):  низкий 
уровень  психологического  насилия;  преобладание  диалогической  направленности 
субъектов  общения;  позитивное  отношение  к  основным  параметрам  образовательной 
среды  у  всех  ее  участников;  преобладание  гуманистической  центрации  у  субъектов 
образовательной среды; высокий уровень удовлетворенности школьной средой [4]. 
На  основании  выделенных  критериев  необходимо  определить  условия,  которые 
будут способствовать их формированию. Одним из основных условий, на наш взгляд, 
является  уровень  профессиональной  компетентности  учителей  в  целом  и 
психологической компетентности в частности
Профессиональная  компетентность  –  уровень  профессиональной 
подготовки,  который  обеспечивает  способность  субъекта  труда  к 
выполнению  профессиональной    деятельности,  мера  и  основной  критерий 
его  соответствия  требованиям  профессиональной  деятельности.  С  одной 
стороны,  психологическая  компетентность  является  неотъемлемым 
качеством,  которое  характеризуется  пониманием,  готовностью  и 
способностью 
педагога 
к 
саморазвитию 
путем 
самопознания 
и 
саморегуляции.  С  другой  стороны,  психологическая  компетентность 
представляет  собой  структурированную  систему  знаний  о  человеке  как 
индивиде,  субъекте  труда  и  личности,  включенном  в  индивидуальную  или 
совместную  деятельность,  осуществляющем  профессиональные  или  иные 
взаимодействия [1]. 
Высокий  уровень  психологической  компетентности  обеспечивает: 
усвоение  психологических  методов  управления  «человеческим  элементом», 
что  является  необходимым  для  успешной  деятельности  педагога;  успешную 
деятельность  и  взаимодействия  в  системах  «человек-человек»,  «человек-
коллектив»,  «человек-большие  социальные  группы»;  позволяет  субъекту 
целесообразно 
использовать 
личностные 
ресурсы; 
минимизировать 
затраты, 
оптимизировать 
внешнюю 
и 
внутреннюю 
активность; 
актуализировать  скрытые  возможности  других;  прогнозировать  эффекты 
профессиональной  активности;  конструировать  продуктивные  модели 
саморазвития. 
Эффективность  педагогической  деятельности  напрямую  зависит  от  уровня 
развития  психологической  компетентности,  поскольку  компетентный  в  этой  сфере 
педагог  может  воспользоваться  всем  арсеналом   психологических  ресурсов, 
необходимых  в  конкретной  ситуации,  он  обладает  достаточным  запасом 
психологических  знаний,  способствующих  принятию  грамотного  решения,  может 
правильно  организовать  процесс  взаимодействия  с  обучающимися,  избежать 
профессиональных деформаций, профессионального выгорания и разочарования в себе 
и  своей  деятельности.   Такой  педагог  способен  создать  условия  для  сохранения 
психологической безопасности субъектов образовательной системы. 
Следующим  условием  сопровождения  психологической  безопасности  является 
формирование  и  развитие  аутопсихологической  компетентности  у  всех  субъектов 
образовательного пространства. 
Аутопсихологическая компетентность 
характеризуется 
готовностью 
и 
способностью  человека  к  целенаправленной  психической  работе  относительно 
изменений  личностных  черт  и  поведенческих  характеристик;  умение  развивать  и 
использовать  собственные  психические  ресурсы;  умение  создавать  позитивную  для 

16 
 
деятельности  ситуацию  благодаря  изменениям  своего  внутреннего  состояния, 
овладевать,  закреплять,  контролировать  новые  знания,  умения,  навыки;  умение 
перестраиваться  при  выполнении  непредсказуемых  обстоятельств;  умение  создавать 
волевую  установку  на  достижение  значимых  результатов;  обеспечивает  возможность 
контроля  за  своим  поведением;  обеспечивает  осознание  своих  личностных  качеств, 
развитие  сильных  сторон  своей  личности,  возможность  самосовершенствования, 
повышение самооценки, развитие самоконтроля и саморегуляции [5]. 
Третьим условие, которое обеспечивает психологическую безопасность субъектов 
образовательной  среды,  является  безопасное  общение  и  взаимодействие.  В  основе 
стратегии  сотрудничества  лежат  идеи  стимулирования  и  направления  педагогом 
познавательных  интересов  учащихся.  Сотрудничество  в  образовательной  системе 
эффективно влияет не только на формирование безопасной среды, но и на повышения 
результативности    учебной  деятельности,  а  именно  возрастает  объем  усваиваемого 
(материала)  и  глубина  понимания;  растет  познавательная  активность  и  творческая 
самостоятельность  учеников;  меньше  времени  тратится  на  формирование  знаний  и 
умений;  снижаются  дисциплинарные  трудности,  обусловленные  дефектами  учебной 
мотивации;  ученики  получают  большее  удовольствие  от  занятий,  комфортней 
чувствуют себя в школе; меняется характер взаимоотношений между учениками; резко 
возрастает сплоченность класса, при этом само и взаимоуважение растут одновременно 
с  критичностью,  способностью  адекватно  оценивать  свои  и  чужие  возможности; 
ученики  приобретают  важнейшие  социальные  навыки:  такт,  ответственность,  умение 
строить  свое  поведение  с  учетом  позиции  других  людей,  гуманистические  мотивы 
общения; учитель получает возможность индивидуализировать обучение, учитывая при 
делении на группы взаимные склонности детей, их уровень подготовки, темп работы; 
воспитательная  работа  учителя  становится  необходимым  условием  группового 
обучения,  так  как  все  группы  в  своем  становлении  проходят  стадию  конфликтных 
отношений [3]. 
Достаточно большое значение для эффективности учебного сотрудничества имеет 
характер  его  организации,  в  частности  внешняя  регламентация  деятельности 
участников  (через  распределение  ролей  или  задание  способов  совместной  работы). 
Учебное  сотрудничество  способствует  не  только  полноценному  формированию 
индивидуальных  учебных  действий  в  единстве  всех  их  компонентов,  но  и  развитию 
личности обучающегося [2]. 
Таким  образом,  психологическая  безопасность  образовательной  системы  это 
сложное  структурное  образование,  которое  зависит  от  субъектов  образовательного 
процесса  для  которых  необходимо  создать  условия  эффективного  сопровождения 
психологической безопасности с помощь общения и сотрудничества, высокого уровня 
профессиональной компетентности. 
 
Список литературы 
1.
 
А.  Деркач,  В.  Зазыкин.  Акмеология:  Учебное  пособие.  -  СПб.: 
Питер. - 2003. – 256 с. 
2.
 
Богданов  Е.  Н.,  Тюмасева  З.  И.  Образовательные  системы  и 
системное образование. – Калуга: КГПУ им. К. Э. Циолковского, 2003.  – 154 
с. 
3.
 
Витицкая  Л.А.  Педагогическое  взаимодействие  в  образовательном  процессе 
школы: Монография. – Оренбург: ОДР, 2002. – 138 с. 
4.
 
Сыманюк  Э.Э.  Психологическая  безопасность  образовательной  среды.  - 
Пермь: Уральский ГУ, 2005.-254 с. 
5.
 
Шадриков  В.Д.  Психология  деятельности  и  способности  человека.  - 
М.:Логос, 1996. - 182 с. 
 

17 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет