Сапалық анализ курсының


Сапалық анализ әдістерін таңдау және оның мақсаттары



бет3/6
Дата21.11.2023
өлшемі48,92 Kb.
#125065
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 лекция АХ1

Сапалық анализ әдістерін таңдау және оның мақсаттары.
Химиялық реакциялардың орындалу тәсілдеріне байланысты анализдің мына түрлерін ажыратады.

  1. “ құрғақ“ түрінде анализдеу;

  2. Ерітінді түрінде анализдеу.

Құрғақ түрінде анализді қатты заттармен жүргізеді. Ол көбіне тек алғаш мәлімет алуға қолданылады. Бұл тәсілдің бірнеше түрі бар: біріншісі - пиротехникалық жолмен зерттеу. Оған от жалынының боялуы жатады. Мысалы, натрий жалынның түссіз бөлігін сары түске бояйды, барий тұздары – жасыл түске, калий тұздары – сия көк түске бояйды. Осы әдіске бура және фосфаттармен кейбір катиондардың түрлі-түсті қосылыстар немесе меруерт тастарын түзуі де жатады: мысалы хром – жасыл, марганец күлгін түсті меруерт тастар түзеді.
Екінші түрі - ұнтақтау тәсілі. Бұл тәсілді 1898ж. Флавицкий Ф.М. ұсынған. Зерттелетін затты анықтаушы реагентпен келіге салып ұнтақтайды . Реакция нәтижесінде түсті қосылыс түзіледі, оның түсіне байланысты қорытынды жасалады. Мысалы, аммоний роданиді зерттелетін затпен келіде ұнтақталған кезде көк түсті қосылыс пайда болса, онда зерттелетін заттың құрамында кобальт болғаны:
4NH4SCN + CoCl2 = ( NH4)2 [ Co(SCN)4] + 2NH4Cl
Ерітінде түрінде анализдеуді ерітінділерді жүргізеді. Бұл тәсіл химиялық анализде кең қолданылады. Мұнда зерттелетін зат та, анықтаушы реагент те ерітінділер күйінде
( көбінесе су ерітінділері) пайдаланылады.
Су ерітінділерінде бейорганикалық қосылыс көбіне Kt+ (катион) және An- (анион) күйінде болады. Зерттеу сантиграмм тәсілімен (жартылай микроанализ) жүргізіледі де, аналитикалық сигналды байқайды.
Тамшылық әдісті 1920 ж. Тананаев Н.А. ұсынған. Бұл әдіс зерттелетін заттың ең аз мөлшеріне арналған, оны жүргізу үшін сезгіштігі жоғары реагенттер қолданылады.. Зерттелетін заттың бір тамшысын сүзгіш қағазына (фильтр) тамызып оның үстіне анықтаушы реагент қосады, байқалатын өзгерісті ( түсі өзгеруі т.б.) жай көзбен шолып байқайды.
Анализге алынған заттың мөлшеріне байланысты аналитикалық әдістерді макро-, жартылай микроәдістер деп жіктейді. 1965 жылы аналитикалық әдістердің жаңа жіктеуі қабылданды. Жіктеу тәсілі 1- кестеде көрсетілген.
1- кесте

Ескі атауы

Жаңа атауы

Анықталатын заттың мөлшері

г

Мл

Макроанализ

Грамм әдіс

1-10

10-100

Жартылай микроанализ

Сантиграмм әдіс

10-1-10-3

0,1-10-2

Микроанализ

Миллиграмм әдіс

10-3-10-6

10-2-10-4

Ультромикроанализ

Микрограмм әдіс

10-6-10-9

10-4-10-6

Субмикроанализ

Нанограмм әдіс

10-9-10-12

10-7-10-10

Әдістің түріне байланысты әр түрлі химиялық ыдыс және аспаптар пайдаланылады. Грамм-әдісте көлемі 10-15 мл пробиркалар, үлкен колбалар, стакандар қолданылады, бұл бейорганикалық химияда кездеседі.
Сантиграмм әдістің химиялық ыдысы ұқсас, бірақ көлемі көп кіші. Ерітінділерді тамшымен есептейді. Артықшылығы – реактивтер үнемделінеді және уақыт аз жұмсалады. Милиграмм әдіс – сапалық анализде кең пайдаланылады, бұл көбіне микрокристалдық және тамшылық әдістер. Микрокристаллоскопиялық әдісте микроскоп қолданылады. Зерттелетін заттың бір тамшы анықтаушы реагент қосады. өзгерістерді микроскоппен байқайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет