Сапалы эссе жазу ұсыныстары



бет4/10
Дата27.11.2023
өлшемі38,94 Kb.
#129030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Эссені аяқтау ерекшелігі:

Қайрат, ақыл серік болсын!
(Бұл сөйлемнің рөлі зор, алдағы өмір өлшемі тұрғысынан жауапкершілікті сезіну, өзіне-өзі рух беру, ойландыру, серпіліс тудыру мақсатында «Осы ерлікке дайынбыз ба?» деген сұраулы сөйлеммен аяқтауға да болатын еді, алайда жазба иесі жеке жауапкершілікті сезініп, өз шешімін жасады. Ой тұжырымын өзін-өзі қамшылау, өмір ұстанымын таңдау арқылы тың бағытта бере алды. Осының өзі – қоғамның жүгін көтере білетін тұлғаға тән әрекет. Қоғамға үлгі болып, достарын ынталандыруы – өзіндік тың шешім).

жасаудың қайнар көзін санамалап, ерекше қимыл жасауға әсер ететін ішкі қабілеттерді атап көрсеттім. Ойымды нақтылау мақсатында психология оқулығынан үзінді ұсынамын: «Қабілет – белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуі, яғни адам қасиеттерінің синтезі». Демек, әр адамның бойында қалыптасып, толыса беретін қабілеттер жиынтығы болады және белгілі бір сәттерде өзіндік шешім, әрекетін паш етуіне бастау болады. Міне, сол уақытта, оқиғаның шарықтау шегінде, кез келген адам қоғамды елең еткізген, тарихта тіркелген немесе елдің есінде қалатын ерлікті жасау мүмкіндігіне ие болады.
«Ерлік жасау кез келген адамға тән қасиет және барлық адамдар ерлік жасай алады» деген пікірге күмән тууы заңды, адамдардың барлығы біркелкі ойламайды ғой. «Уикипедия» энциклопедиясында «Ерлік – бірнеше мағыналы сөз, ол адам бойындағы батылдықты, батырлықты, ұстамдылықты, табандылықты, қайсарлықты, өжеттікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды» дей келе, оның көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінетінін, азаматтық қасиеттердің негізгі көрсеткіші екеніне тоқталады. Осы тұста қарсы пікірлер туындайды: кез келген адам қоғам мүддесін жеке мақсатынан жоғары қоя бермейді; екінің бірі шешім қабылдай алмайды т.б. Қарсы пікірді қабылдау маңызды: біріншіден, сынды батыл қабылдау – ерлік, ал екіншіден, дұрыс пен бұрысты талдап, салыстыру – берік шешім негізі. Демек, ойлану, шындықпен бетпе-бет келу, байлам жасау – ерлікке апаратын жол, ендеше осының кемінде біреуін әр адам өз өмірінде жасайтыны даусыз.
Қорыта айтқанда, әр адам ерлік жасауға қабілетті. Ерлік әртүрлі сипатта болады: майданда жеңіс үшін, ал бейбіт өмірде қоғам мүдделері тұрғысынан да жүзеге асырылады. Меніңше, өмірдегі басты ерлік – адами адал болмысты сақтау! Қайрат, ақыл серік болсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет