Сапаны әкімшілік басқару конфигурацияны әкімшілік басқару бойынша басқарушылық нұсқаулар болып табылады. Конфигурацияны әкімшілік басқару – бұл өнімнің бүкіл өмірлік циклында қолданылатын және өнімнің функционалды және физикалық сипаттамаларын бақылау және оларды басқаруды қамтамасыз ететін, басқару саласы.
Өнеркәсіптегі конфигурацияны әкімшілік басқару бойынша және басқа жүйелермен келісулер және әкімшілік басқару бойынша процедуралар бойынша басқарушылық нұсқаулар халықаралық ИСО 10007-1995 стандартында қарастырылған. Стандарт жобалау, жасау, жеткізу, өндіріс, монтаждау, технологиялық операциялар және техникалық қызмет көрсетуден бастап, өнімді жүзеге асырумен аяқталатын жобаларды қолдау үшін қолданылады. Конфигурацияны әкімшілік басқару арнайы жобаларда олардың көлемін, күрделілік дәрежесін және жұмыстың сипатын ескере отырып, қолдану үшін түзетілуі мүмкін. Бағдарламалық қамтамамен айланысты нормативті басшылық үшін, халықаралық және ресейлік стандарттарға ГОСТ Р ИСО/МЭК 12207-99 жүгіну керек.
Конфигурацияны әкімшілік басқару жүйесі
Конфигурация – бұл техникалық құжаттамада бекітілген және өнімде қол жеткізілген, өнімнің функционалды және физикалық сипаттамалары. Конфигурацияны басқару – конфигурацияға құжаттамаларды ресми рәсімдегеннен кейін өнімнің конфигурациясындағы өзгерістерді басқаруды қосқандағы іс-шаралар.
Жабдықтарға, бағдарламалық қамтамаларға, өңделетін материалдарға, қызмет түрі мен сонымен байланысты техникалық құжаттамаларға қолдану тәртібі. Конфигурацияны әкімшілік басқару өнімнің бүкіл өмірлік циклына жалпы басшылық етудің құрамдас бөлігі болып табылады. Конфигурацияны әкімшілік басқарудың міндетіне өнімнің бүкіл өмірлік циклын қадағалауды жатқызуға болады (мысалы, құжаттарды толтыру, материалды-техникалық қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету).
Негізгі тапсырма қолданыстағы өнім конструкциясы мен оның физикалық және функционалдық талаптарға сәйкестігіне қол жетімді болатын статусына толық шолуды қамтамасыз ету және құжаттандыру болып табылады. Басқа тапсырма мәні – жобаға қатысатын барлық тұлғалар оның өмірлік циклінің барлық сатыларында дұрыс және дәл құжаттамаларды пайдалануы.
Конфигурацияны әкімшілік басқару жүйесінің негізгі элементтерін талдауға кіреді:
- конфигурацияны әкімшілік басқару үдерісі;
- конфигурацияны әкімшілік басқаруды ұйымдастыру;
- конфигурацияны әкімшілік басқарудың процедуралары және жоспарлары;
- конфигурацияны әкімшілік басқару жүйесін тексеру.
Конфигурацияны әкімшілік басқару үдерісі
Конфигурацияға жалпы басшылық ету аясында жүзеге асырылатын әрекеттерге жатқызылады:
- конфигурацияны идентификаттау;
- конфигурацияны басқару;
- конфигурация статусы туралы есепті жүргізу;
- конфигурацияны тексеру.
Осы әрекеттердің үдерістің нәтижелігіне жету үшін толығымен ин-
тегралдануы өте маңызды.
Өнімнің құрылымы өнімнің компоненттерге бөлінуі кезіндегі конфигурация нысандарының байланысы мен орнын сипаттауы тиіс. Конфигурация нысандарын, өнімде компоненттерге бөліну үдерісін қолданып және сәйкесінше критерийлерді басшылыққа ала отырып таңдайды.
Конфигурация нысандарының қажетті барлық функционалдық және физикалық сипаттамалары, түйіндестігін, өзгерісін, ауытқуын және ауытқуға құжаттарды қоса алғанда, құжаттарда нақты идентификациялауы керек. Әдетте оларды конфигурация құжаттарына жатқызады.
Ресми келісімдермен (құжаттармен) уақыттың белгілі бір кезіндегі конфигурацияның базалық желілерін орнату және оларды конфигурацияны басқарудың бастапқы сәті түрінде қолдану қажет. Конфигурацияның базалық желілері бекітілген өзгерістермен қатар ағымдағы бекітілген конфигурацияны құрайды.
Конфигурация құжаттарының алғашқы шығуынан кейін ондағы барлық өзгерістер басқарылмақ. Өзгерістердің әсері, тұтынушылардың талаптары және конфигурацияның базалық желілері өзгерістерді өңдеу кезіндегі формалдылықты сақтау дәрежесін анықтайды және осы өзгерістердің жіктелуі үшін қолданылатын жіктелудің кез келген жүйесі үшін негіз бола алады. Конфигурацияны басқаруға келесі процедуралар кіреді, бұлар өзгерістерді басқару кезінде нақтылап жазылуы керек:
- құжаттау және өзгерістерді негіздеу;
- өзгерістер енгізу нәтижесіндегі салдарын бағалау;
- өзгерістерді бекіту немесе бекітпеу;
- өзгерістерді енгізу және оны тексеру;
- үдерістегі ауытқулар және оларды құжаттау;
Конфигурацияның тұтастығын қорғау мақсатында және өзгерістерді басқаруға қажетті негіздерді қамтамасыз ету үшін, конфигурация нысандарының, олардың элементтерінің және олардың құжаттарының келесі жағдайларда сақталуы өте маңызды:
- қоршаған ортаның талап етілген жағдайларына сәйкес;
- рұқсатсыз өзгертуден және бүлінуден қорғау;
- бүлінуден кейін қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- бағдарламалық қамтама, деректер, құжаттар мен сызбалар жағдайында бақылаудағы үлгісінің көшірмелерін ағынын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- дайын күйіндегі және жоба кезеңіндегі конфигурация жағдайы арасындағы сәйкестікке қол жеткізуге ықпал етеді.
Конфигурация статусы туралы есеп, конфигурация туралы алғашқы деректер пайда болғанда басталады. Ол конфигурацияны идентификаттаудың және орнатылған базалық желілерден ауытқуының барлық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс. Сөйтіп, бұл конфигурацияның базалық желілерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Конфигурация статусы туралы хаттамалар мен есептер конфигурацияны идентификаттау мен басқару бойынша әрекеттегі жанама өнім болып табылады. Конфигурация статусы туралы есеп жүргізгенде көп сөзділікке жол беруге болмайды. Конфигурацияны тексеру, өнімнің бекітілген немесе контрактілік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін және оның конфигурация құжаттарында нақты көрініс табуына кепілдік беру үшін, конфигурацияның базалық желілерін қабылдағанға дейін өткізіледі.
Конфигурацияны тексеру екі түрлі болады:.
- функционалды конфигурацияны тексеру – конфигурация нысандарының физикалық қасиеттері және пайдаланушылық сипаттамалары конфигурация құжаттарында бекітілген деңгейге дейін жеткізілгенін растау мақсатындағы ресми талдау;
- конфигурация құжаттарына сәйкестігін растау мақсатында жасалған, өнім конфигурациясының ресми талдауы.
Конфигурацияны тексеру конфигурация нысанын ресми қабылдау үшін қажет болуы мүмкін.