Сапар алдында жақсы, жақын адамдармен ақылдасу
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, сапар алдында жақындарыңыздан жөн сұрап алған абзал. Бәлкім, барар жердің сіз білмейтін беймәлім тұстары немесе таңдалған уақыт қолайсыз болуы мүмкін. Бұл сенімді адамдардан дұрыс мағлұмат жинау арлқылы білінеді.
Истихара намазын оқу
Екі рәкағат нәпіл намазын оқып, Алла Тағаладан сапардың қайырлы болуын сұрау керек. Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен болған амал. Алладан жәрдем сұрау.
Қарызды өтеп, алған аманатты қайтару
Құранда: «Аманаттарды иелеріне қайтарыңдар», – деліген. Адам алда не күтіп тұрғанын білмейді. Сол үшін де мұсылман үшін кез келген алынған зат, қаражат қияметке борыш болып кетпеуі тиіс.
Сапарға сенімді серік таңдау
Хадисте:«Адам досының жолында болады. Сендердің әрқайсың кіммен дос болғанына мән берсін», – делінген. Жақсы жолдас сапарда – үлкен көмек әрі жүректің тыныштығына себеп. Алғашқы хадиске сүйене отырып, сапар кемінде үш адам болып шығу керек екендігін түсінеміз. Себебі адам баласы сапар барысында түрлі жағдайларға тап болуы мүмкін. Сол сәтте қол ұшын беретін жолдас болғаны абзалырақ.
Достарыңызбен бөлісу: |