1. Үйрету тәсілдерінің әдістерімен практика жүзінде танысу
Мұғалімдер мен жаттықтырушылардың көп жылдық тәжірибелік жүмытарының барысында гимнастика сабактарында жалпыдамытушы жаттығулар жүргізудік бірнеше тәсілдері пайда болды. Бүл тәсілдердің әрқайсының өз артықшылықтары мен кемшшікіері бар. Сондықтан қандай да бір тәсілді қолдану үшін мұғалім ол тәсілдерді қолдану жағжайларына байланысты көтеген факторларды есепке алуы керек.
Әрбір жаттығу белгілі бір қалыптан басталып сол қалыппен аяқталатын тәсіл бөлшектелген немесе әдеттегі тәсіл деп аталады. Жаттығу бір рет орындалған жағдайда цикл құрылады. Одан ары қарай кешеннің екінші және келесі жаттығуларының циклы жүреді. ЖДЖ бұл тәсілмен жүргізген кезек барлық циклдар арасында үзіліс болады. Бұл тәсіл жағдайларға байланысты негізгі болып саналады:
1) ол жаттығушылардың жынысына, жасына және дайындық деңгейіне тәуелсіз барлығына бірдей қолайлы;
2) түсіндіру, оқыту мүмкіндігі бар (жаттығуды орындар алдында міндетті түрде нақты қоюға және жаттығу орындау барысында қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді);
3) салынатын салмақты оңай ауыстырып тұруға болады
ЖДЖ жүргізудің әдеттегі тәсілі мүғалім жаттықтырушының кешендегі барлық жаттығуларды мүқият зерделеп алуына, оларды орындау техникасы бойынша ескртулер жасауына , жаттығушылардың жаттығу орындау сапасын сараптауына , жаттығуды орныдау барысында қажетті түзтулер енгізуіне, жіберілген қателіктерді жөндеуіне мүмкіндік береді. Бүл тәсілдің кемшілігі қозғалыс тығыздығының төмендеуі.
Ағымды тәсіл. Бұл тәсілдің ерекшелігі -кешендегі жекеклеген жаттығулар арасында үзілістің мүлде немесе жартылай болмауы. Жаттығушылардың жаттығуды орындауға деген қызығушылығын арттырудан баска бұл тәсіл жаттығудын дайындық бөлімінің қысқа мерзімде орындалуын камтамасыз етеді.
Ағымдағы тәсілді орындауға арналған жаттығулар кешенін қүруға төмендегілер үсынылады: бұрыннан орындалып келе жатқан, формасы жағынан қарапайым жатығуларды пайдалану бір жаттығудан екінші жаттығуға өтудің логикалығын қамтамасыз ету( бір жаттығудың соңғы қалпын екінші жаттығудың бастапқы қалпы ретінде пайдалану немесе калыпты тез әрі ыңғайлы ауыстыруға жағдай жасау) есеп жүргізудің бір типтес көлемін сақтау
Жұмыс тәжірибесінде ағымды тәсілмен жаттығулар кешенін жүргізудің мынадай түрлері бар:
1) алдыңғы жаттығуды жүргізу барысында келесі орындалатын жаттығудың алдын ала түсіндіру;
2) жаттығуды оның орындалу барысында түсіндіру;
3) түсіндірусіз
Жаттығулар кешенін жүргізудің бірінші нүсқасы қолайлырақ, себебі онда басқа нүсқаларға тән кемшіліктер жоқ. Аталған тәсілмен жаттығу жүргізу барысында мұғалім жаттығушылармен бірге қарым-қатынас жасаудың ерекшелігін есепке алуы керек. Сондықтан әрбір жаттығуды түсіндіру барысында тек қана ең қажеттілерін айтқан дұрыс. Мысалы:
1) жаттығудың атын (еңкею, бүрылу, сермеу және т.б.);
2) қимыл бағытын (алға, бір жанына және т.б.);
3) қимыл басталатын жақты немесе аяқ-қолды.
Достарыңызбен бөлісу: |