СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата28.12.2016
өлшемі2,26 Mb.
#667
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41

Сыншыл пікір, сыршыл ой
Жоғарыда  табиғатына  қарай  топтай,  шола  талданған  ең-
бектер  тікелей  сын  жанрының  туындылары  болмағанымен 
өт кір жанрды әр қырынан келіп байытатын сыншыл ойы бар 
зерттеулер.  Әрі  осы  зерттеулер  мерзімді  баспасөз  бетіндегі 
сын шыл ойларға мұрындық болғандықтан да тоқталып, арнайы 
әң гі меледік. Ол еңбектер жайында өз ойымызды ортаға салдық. 
Сонымен қатар өткен 1983 жылы қазіргі әдеби процеске жақын 
келіп араласқан сын кітаптары мен сын мақалалар жинақтары 
жарық көрді. Ендігі сөз сондай еңбектер хақында.
Олардың  бір  парасы  –  Серік  Қирабаевтың  «Шындық 
және  шеберлік»,  Зейнолла  Қабдоловтың  екі  томдық  «Таңда­
малысының»  екінші  кітабы,  Камал  Смайловтың  «Өмірдің 
өзімен  өлшесек»,  Бақытжан  Майтановтың  «Көркемдік  нәрі», 
Мырзатай Серғалиевтың «Кең өріс» /бәрі де «Жазушы» баспа-
сынан шыққан. Қ.Е./ – сын кітаптары мен мақалалар жинағы.
Аға буын сыншылар – Серік Қирабаев та, Зейнолла Қабдолов 
та әр шығарманы өзінше танып, әр қаламгерді өзінше тұлғалап, 
соны  қырынан  танытып  талдай  білетін  қазақ  әдебиеттану 
ғылымының  көрнекті  өкілдері.  Өткір  жанрдың  өткен  жылғы 
/1983/  тәжірибесінде  өрісі  кең,  қарымы  мол  екі  сыншының 
қалам  туындыларының  жүргені  жақсы-ақ.  Өйткені  аталмыш 
екі  автор  туындыларына  «ағаға  қарап  іні  өсер»  деген  мақал 
сөздің өзегімен көз тастап талап та қоюға, кейінгі жастарға үлгі 
етіп ұсынуға, ұсына отырып салмақ салуға да мүмкіндік бар. 
Сондықтан да аға жолының ауырлығын біле тұра, ол кісілерге 
талаптың төмендемесін сезіндірсек дейміз.
Стилист  жазушы  З.Қабдоловтың  қос  томдық  таңдамалы 
шығармалар  жинағының  екінші  кітабы  –  әдебиеттану  ғы лы-
мының еншісіне тиіпті. Белгілі ғалым-жазушының өмірлік қы-
зығына айналдырып, өз сөзімен айтсақ «егіз қатар» ұстап келе 
жатқан көркем өнер мен ғылымның ол кісі шығармашылығын-
да  жарыса  көрінуі  жарасымды.  Екінші  томдағы  «Сөз  өнері» 
студент-филологтарға жансерік болып келе жатқан жақсы ең-
бек.  Жетпісінші  жылдардың  биігі,  табысы  саналып,  жақсы 
ба ғаға  ие  болған  еңбек  жайлы  тағы  қайталап,  жаңғыртып  не 

430
431
айта қояйық қапелімде? Бағасы – баға, биігі – биік. Әйтсе де 
өзі  тұрғылас  теоретик-ғалымдардың  кабинеті  терезесінен  көз 
тастасақ,  ақсақал  Тимофевтен  бастап  оқулық  жазумен  шек-
телмей,  теорияның  ішкі  тетіктеріне,  жекелеген  салаларына 
ден қойып, арнайы қарастырып жүргенін көреміз. Адамян се-
кілді ұлт әдебиетшілерінің эстетика мәселесін ұлт материалы 
негізінде  көтеретін  еңбегі  орыс  тіліне  аударылып,  Одақтық  
баспалардан  жарық  көргені  де  есімізде.  Әріптес  армян  ғалы- 
мы ның әрекеті қанаттас қазақ ғалымына ой салмас па?!
Томдағы бірсыпыра мақала ғалым-жазушының алдындағы 
ағалары, замандас-тұрғыластары, кейінгі буын інілері шы ғар-
машылығы хақындағы ой-толғамдары. Жаңару да, аз да болса, 
жаңалық  та  –  осында.  З.Қабдолов  эсселері  таным  сұлулығы, 
сезімдарлығы, тіл мәйегімен жаныңды баурайды, ойыңа қозғау 
салады. Тек, әдемі танулар бірыңғай бағалауларға бұрып кет-
кенде, мақалалар сын пікірінсіз, талдаусыз, тәтті күйінде қалып 
қойыпты. Тәңірі жақсы мен жаманды айыра таныр Көз берген-
де, көргенді айта аларлық төгілген Тіл бергенде, ғалымның бір 
кісінің маңдайынан «шертпеуі» қалай деп ойлап қойдық…
«Шындық және шеберлік» – өнімді қалам тербейтін Серік 
Қирабаевтың мақала, эссе, жолжазбаларынан бас құраған. Аға 
сыншы  еңбегінен  бізге  «Қазақ  романының  жаңа  бағдары», 
«По  весть  хақында»,  «Сын  туралы  сөз»,  «Сыншы  мұраты», 
«Сыр шыл поэзия» секілді соны ой арқалаған, әр жанр үлгісін 
талдаған мақалалары ұнады. Асылы Қирабаев қаламына таны-
ған, білгенін бұлталаққа салмай тура айтар нақтылық тән. Жо-
ғарыдағы мақалаларынан біз сыншының сол мінезін табамыз.
«Қазақ әдебиеті» газеті бетінде осы кітап турасында Нәмәт 
Келімбетов арнайы мақала жазып, ойын былай түйіпті: «…әде­
биеттану ғылымына қосылған үлес деуге болады» /24 ақпан, 
1984 жыл/ Әдебиеттанудың ауыр жүгін арқалаудан бір танбай 
келе жатқан аға сыншыдан әдебиетке салмақ қоспас сөз күтуге 
бола ма? Әрине жоқ. Әйтсе де сындағы Сері-ағамыздың жанр 
несібесін жолжазбаға бөліп беруінен, үнемі тыңнан жол салып 
үйренген  сыншының  бұрын  жазып,  жариялаған  мақа ла ларын 
қайта  ұсынуы,  естелікке  барғыштауы  көңілге  күдік  ұялатпай 
қала алмады…
Таусылу, сарқылудың беті әрі, біз өз мүддесінен ұлт әде бие-
тінің мерейін жоғары қойып үйренген қос сыншы-ғалымнан да 
қаны сорғалаған шындықты айтар, тұздықты еңбектер күтеміз.
Зерттеуші И.Тертерян бір мақаласында батыс әдебиеті со-
циологиялық  талдауға  ерекше  ден  қойып  отырғанын  айта-
ды. /«Контекст 1979 г., 1980, стр 156/ КСРО Жазушылар Ода-
ғының  хатшысы,  сыншы  Юрий  Суровцев  көп  ұлтты  кеңес 
әдебиетінің жетістік-кемшілігін саралауда социологиялық тал-
дау әдісінің қажеттігін ескертіп, өз мақалаларында осы бағытты 
жандандырғысы келіп жүргені мәлім. /«Литература и социоло-
гия»  1977/.  Әрине,  социологиялық  талдау  дегенде  әдебиеттің 
балаң кезіндегі ұрда-жық сын көрінісін ұқпау ләзім. Бұл әдеби 
талдаудың  мәдениеті  жетілген  соны  жолы.  Өткір  публицист, 
өнертанушы  Камал  Смайыловтың  «Өмірдің  өзімен  өлшесек» 
аталатын  кітабы  социологиялық  талдау  талабындағы  еңбек. 
Статистикалық  фактілердің  мол  қамтылып,  күнделікті  хабар 
дерегінің жойқын қатыстырылуы еңбекке қызықты сипат бер-
ген. Сөз жоқ, қазақ әдебиеттану ғылымындағы соны бағдарды 
байқатар ізденіс жемісі. Соны бағыт ұстанған «Өмірдің өзімен 
өлшесек» кітабы хақында «Қазақ әдебиеті» /11 ақпан, 1983 ж/  
жариялаған  пікірге  қосыла  отырып,  қосымша  айтарымыз  – 
фактіні  мол  қамтыған,  сол  арқылы  уақыт  талабын  жіті  аң ға-
ратын  публицист  нақты  шығарманы  талдауға  келгенде  шо-
қырақтай  береді.  Социолог-сыншының  ендігі  назар  салар, 
ізденер тұсы – осы болса керек. 
Дарынды ғалым, білгір сыншы
Бақытжан Майтанов негізінен қазақ прозасын, оның ішінде 
романды  талдауды  мақсатына  айналдырып  жүр.  Оның  әдеби 
сында  ескерусіздеу  өткен  «Қазақ  прозасындағы  замандас 
бейнесі» (1982 ж) атты зерттеуі де негізінен қазақ романдары-
на арналатын. Қолымыздағы «Көркемдік нәрі» монументалдық 
проза – тарихи-революциялық тақырыпта жазылған «Тар жол 
тайғақ кешу», «Ботагөз», «Тоқаш Бокин», «Ақ Жайық», «Қан 
мен тер» романдарын портрет, пейзаж, диалог, монолог секіл-

432
433
ді көркемдік компоненттер арқылы келіп соны қырынан қарас-
тырады. Бұл – шеберлік мәселесіне дендеп бару, шы ғармашы - 
лық ішіне ену деген сөз. Жаңаша талдау мәнері бұ рын әр қыры - 
нан-ақ  зерттелді  ғой  деп  жүрген  мақтанышты  шығарма лары-
мызды соны қырынан ашыпты ғалым. «Көркемдік нәрі» – «Жа-
зушы»  баспасы,  сын  редакциясы  жарыққа  шығарған  кітап-
тардың  ішіндегі  үздігі.  Жас  сыншының  жақсы  туындысы. 
Сыншыға  бір  ескертпе:  Бақытжан  бұрын  қиын  проблеманың 
өзін  оңай,  жеңіл  ойға  қонымды  жеткізер  еді,  енді  қарапайым 
мәселенің  өзін  орынсыз  қиындатып  баяндар  әдет  тапқандай 
ма? Әйтеуір еңбек ауырлау оқылады. Ғылыми стиль екенін де 
білеміз. Әйтсе де осы мәселе төңірегінде автор ойланып көрсе 
жарасатындай.
Мерзімді  баспасөзде  сын-мақаларымен  көрініп  жүрген 
Мырзатай  Серғалиевтың  «Кең  өріс»  жинағының  ерекшелікті 
екі  мінезіне  тоқталу  шарт.  Ол  әр  кезде  жазған  мақалаларын 
жанр-жанр бойынша жинақтап, композициялық тұрғыдан қай-
та қараған. Сондықтан да оның кітабы әңгіме, повесть, роман 
жайлы жанрлық талдау болып шыққан. Тақырыптық жағынан 
кітап біршама тұтастық тапқан. Бұл – бір. Екіншіден Мырзатай 
әдеби сында көп сөз бола қоймаған, ағын арасында аңғарылмай 
өтіп  бара  жатқан  шығармаларға  зер  салып,  әділ  талдауға  ба-
рады. Осы екі мінез – «Кең өрісті» оқушысына бірқос сүйікті 
көрсетеді.
Сөйте тұра, Серғалиев-сыншыға айтар ескерпеміз бар. Ол 
шығармаларға  белгілі  бір  күретамыр  проблема  өзегімен  кел-
мегендіктен  талдауы  шашыраңқы,  туындыларды  бас-басына 
жеке талдап, басын зорлап игендіктен ыдыраңқы шыға береді. 
Жекелеген рецензиялар жинағындай, жәй мақалалар тізбегіндей 
әсер ететіні де сондықтан болса керек. 
гәп тілде ме, ділде ме?
Қазақ әдебиетінің өрісін ойлағанда – ұлт туындыларының 
Одақтық басылым беттерінде насихатталуының әлсіздігін мо-
йындамасқа шарамыз жоқ. Әдеби сынның дәрменсіздігі көзге 
ұрар тұс – осы. Қазақ әдеби сыны Одақтық аренаға шыға алмай-
ақ келеді. Ол биікке жетудің екі жолы бар. Одақтық деңгейде 
пікір айтып жүрген орыс сыншыларының назарын ұлт әдебиеті 
туындыларына аудару – сол жолдың бірі болса, екіншісі орыс 
тілінде жазатын ұлт кадрын дайындау.
Міне, осы жайларды ойға алғанда өткен 1983 жылы орыс 
тілінде жазылып «Жазушы» баспасынан жарық көрген «В пой­
сках истины», «Портреты», «Параметры» сын-мақалалар жи - 
нақтарына аз-кем тоқталып өту артықтық етпейді.
Евгений Сидров сын жинағына бұдан бұрын жарық көрген 
«Время.  Писатель.  Стиль.»  /Москва,  1980  г/  кітабында  жа-
рияланған  мақалалары  қайта  еніпті.  Санаулы  толықтыру  бар. 
Әйтсе  де  бізді  сүйсіндіретіні  –  Одақтық  басылымдарда  сөй-
леп  жүрген  белгілі  сыншының  Жұбан  Молдағалиев,  Олжас 
Сүлейменов,  Әбіш  Кекілбаев  секілді  қазақ  әдебиетінің  ірі 
өкілдері шығармашылығын қарастыратыны!
Қазақ әдебиетінің бар жақсылығын жарғақ құлағы жастық-
қа тимей насихаттаумен келе жатқан Николай Ровенский жаңа 
кітабында  Дулат  Исабеков  буынына  дейін  келіп,  қазақ  жазу-
шылары  көркем  сөзін  қызына  әңгімелеп,  талдап  жатса  қуана 
білуіміз керек. 
Кезінде сын мақаласымен «Огонек» секілді Орталық жур-
нал жамбысын түсірген Аян Нысаналин кітабының әсіресе өз 
замандастары шығармалары жайында ащылы-тұщылы ойлары 
оқушысын бейқам қалдырмайды.
1983  жылдың  әдеби  процесін  өзінше  толықтырып  тұрған 
үш  авторға  айтар  тілек  –  Сіздердің  мінбелеріңіз  Одақтық, 
Орталық  басылымдар  болса,  Сіздер  бұдан  да  биік  мінбеден 
сөйлесеңіздер екен.
Шашау ойлар
1983 жылы «Өнер» мен «Жалын» баспалары әдеби сынға 
бір-бір жинақ ұстап келеді. Ол – балалар әдебиетіне арналған 
«Сөзстан» /«Жалын»/ мен «Кино. Жылдар. Ойлар.» /«Өнер»/ 
мақалалар жинағы.

434
435
Қабыш Сиранов – қазақ кино сынының негізін салушы, әрі 
өрге сүйреп өнімді еңбек еткен талант иесі еді. «Кино. Жылдар. 
Ойлар.»  –  осындай  дарын  иесінің  сонау  қырқыншы  жылдар - 
дан  өзі  көз  жұмғанға  дейінгі  әр  кез  жазған  мақалаларының 
басын  қосыпты.  Жақсы  «Алғысөз»  жазып,  жанашырлық  көр-
сеткен Камал Смайыловқа, құрастырған Б.Дәрімбетовке риза-
шылық  білдіреміз.  Ал,  «Сөзстан»  жинағын  осы  жолдардың 
авторы құрастырғандықтан, дәл қазір пікір айтып жату артық. 
Енді, осы екі жинақтан пікір жинақтасақ.
«Жалын»  соңғы  жылдары  «Жастар  жастар  туралы», 
«Сөз стан»  секілді  әдебиетіміздің  әралуан  мәселелеріне  құ- 
рылған  сәтті  жинақтар  шығара  бастады.  Онысына  рахмет. 
Біздің  ойымызша  осы  баспа  ендігі  жерде  «Сын  кітабын  шы- 
ғаруға  хақы мыз  жоқ»  деп  қарап  отырғанша,  жылына  (неме-
се  екі  жылда)  балалар  әдебиеті  мәселелеріне  арналған  бір 
жинақ шығарып отырса құба-құп болар еді. Москвада мұндай 
жинақтың «Детская литература» (Москва) деген атпен біреуі, 
Санкт-Петербургта  «Литература  для  детей»  деген  есіммен 
екіншісі жылма-жыл шығып тұратынын ескерсек «Жалынның» 
бір жинаққа тәуекел ететін реті бар. Бұл – шындап келгенде өзі 
шығарған кітап өнімдерін саралап, талдап отыруға оңтайлы бо-
лар  еді.  Әрі  мұндай  әдеби  сын  жинағын  жылма-жыл  шығару 
– республика балалар әдебиетін дамытуға көптен-көп септесер 
бірден-бір дұрыс жол! «Жалын» мұндай жинақпен шектелмей, 
қазақ  балалар  жазушылары  хақында  бір  сыни  очерк  кітабын 
шығарып отырса да артықтық етпес еді деп ойлаймыз. 
«Өнер» баспасы да театр, кино, бейнелеу өнері проблема-
ларын  қарастыратын  жылма-жылдық  бір  жинақ  шығарудан 
ұтпаса, ұтылмаса керек.
Жанр жастығы
Жылдың әдеби сынын әңгімелегенде, осы жанрға мерзімді 
баспасөздің  қатынасын,  жас  сыншылардың  мақалаларын  айт-
пай өту – әділдік болмас еді. Жанрды өркендететін тың күш – 
жаңа буын, жастар. Жанрға жастар мерзімді баспасөзден келеді. 
Соңғы жылдар межесінде Б.Майтанов, А.Егеубаев, Ж.Дәдеба-
ев,  Б.Ыбырайымов,  Ж.Ерманов,  Ә.Бөпежанова,  С.Жұмабеков, 
Ә.Бейсебаев секілді жас сыншылар қарқындап мақала жазып, 
бспасөз  бетінде  жақсы  көрінді.  Әдеби  сынның  салмағын  аз 
жазу, көп жазу – анықтамайды. Терең талдай жазылар білімді 
мақала анықтайды.
Аты  аталған  жастардан  (олар  да  жасамыс  тартып  келеді.) 
Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев, Б.Ыбырайымов мақалалары білімді, 
ойлы жазылады. Ең басытысы – сүйекті шығармаларды талдау 
бар. Ал, Б.Ыбырайымов, С.Жұмабеков проблема қояды, алғы 
шарттарын дұрыс баяндайды. Шығарманы талдауға бой ұрған- 
да проблема ұмыт болады да, мақала рецензияға айналып кете 
барады. Ж.Ерманов, Ә.Бейсебаевтар – мақалаларын жол тауып 
жарыққа шығып жататын орта қол, сапасы төмен жинақтарды 
талдауға  құрады.  Сыншыл  бағытта  талдап  та  шығады.  Бірақ, 
проблемаға  құрылмағандықтан,  талданар  жинақтың  сапасы 
олардың мақалаларының деңгейін көтеріп, көрсете бермейді.
Белгілі бір әдеби проблема қою мен талдауды сәтті ұш тас-
тырып келе жатқан сыншы деп Жанғара Дәдебаев пен Бақыт- 
 жан Майтановты айта аламыз. Олардың мақалаларында проб- 
леманың  қойылуы,  талдау  өзегіне  айналуы,  шешілуі  сәтті 
сабақтасып, жалғасып жатады.
Жас сыншылар мақалаларынан аңғарған мынадай үш кем-
шілікті атап айту шарт. Көркемдігі 0-ге тең шығарманы біздің 
жас сыншылар алады да, бірде-бір кемшіліксіз бірыңғай мақтап 
өте шығады. Ондайда сыншыға кітаптың мазмұны азық бола-
ды.  Шығарма  мазмұнын  қайталап  айтып  берсе  жеткілікті… 
Содан келіп, кемшіліктен өзге ештеңесі жоқ кітап оқырманды 
адастырады,  талғамын  бұзады.  Әдеби  ортада  аталып  жүреді. 
Сәбит Досановтың «Екінші өмір» романы жайында жазылған 
Дінәш  Нұрмағамбетовтың  «Өмір  сыры»  («Жұлдыз»  2-кітап) 
мақаласын осындай сүреңсіз сын «үлгісіне» жатқызар едік.
Екінші бір кемшілік – сапасыздығы соншалық – «шығарма 
шықпаған» – деп бір ауыз сөзбен түйе салудың орнына біз дің 
сыншыларымыз уақыт алдырып сюжеттік желі дұрыс тар тыл -
маған, композициясы олпы-солпы, образы шықпаған деп га зет-
тің  бір  бетін  алып  мақала  жазады.  Әлгі  компоненттердің  бірі 

436
437
дұрыс  орындалмаған  жерде  шығарма  недәуір  ақсайды,  көр-
кем дікке нұқсан келеді, ал соның баршасы көңілден шық паған 
жерде көркемдік жайында әңгіме қозғауға бола ма? Шы ғарма 
бар  деуге  бола  ма?  Әрине  болмайды.  Демек,  шығарма  жоқ. 
Көркемдігі 0-ге тең шығарманы талдап сыншы қызылмай бо-
лады, оқушының уақытын алады. Кейде осындай сыннан кейін, 
«аталған  кемшіліктер  жөнделсе  кітап  қатып  кеткелі  тұр»  деп 
пікір түйетініміз бар…
Үшінші  кемшілік  «мата  даңқымен  бөз  өтедінің»  кебі.  Та- 
қырып  актуальды.  Аса  қажет  тақырып.  Бірақ,  шығарма  жоқ. 
Мұндай сұранысты байсалды суреткерге қарағанда, халтекең- 
дер байқағыш, қаққыш келетін әдет қой. Ар-ұяты бар жазушы 
зерттеймін дегенше ақ көз халтекең «пісіріп, түсіріп» үлгереді. 
Тақырыпқа алданып қала ма, жастарды қойып, кейде ірі, білімді 
сыншы, жазушы ағайынның өзі, осындай шығармалар жайында 
көсіліп жазып жатады. Бұған мысал көп. Күнде кездеседі.
Кейде сыншы тәжірибесіздігінен кететін, кейде әдейі ұйым - 
дастырумен жазылатын, мұның үшеуі де әдеби сынды аз ды ра-
тын, ешкімге абырой әпермейтін, қағаздың обалына қал ғаннан 
басқа көк тиын пайдасы жоқ халтуралық қаракеттер.
Өкінішке қарай, осы үш түрлі кемшіліктің үшеуі де қазақ 
әдеби сынында бар. Жеткілікті дәрежеде. 
Бізде бір қате түсінік бар. «Сын – хабар тілінде жазылуы ке-
рек, оған көңіл сазы, толғаныс қажетсіз» – деп біледі кей жолда-
стар. Бұл – біздіңше қате. Олай болған жағдайда «әдеби-көркем 
сын» деген ұғым шықпаған болар еді ғой. Демек, әдеби сынға 
әрқилы көркемдік тәсіл араласып отыруы жарасымды.
Сағат Әшімбаевтың «Абай айтқан…» («Жұлдыз» 12-кітап) 
мақаласын сынның толғанысқа құрылған түрі деп білсек керек. 
Өткен ғасырда өмір сүрген демократ сыншылар әдеби шы ғар-
маны  әңгімелей  отырып,  қоғамдық  құбылыстарды  талдауға,  
өмір сырына бойлауға барғаны мәлім. Олардың қалам мәнерін-
де  сын  қоғамдық  ойдың  қозғаушысы.  Ондай  мақалалардың 
танымдық  ролі,  сапасы  жоғары  болып  келетіні  анық.  Сағат 
Әшімбаев мақаласынан осы дәстүр ізін көргендей болдық.
Жалпы қазақ әдеби сынының қандай проблемалары бар? Ан-
дре Моруа, Виктор Шкловский, Ираклий Андронников, Гилер - 
мо Диас Плаха, А.Макаров, Л.Анинский, Ал.Михаилов, М.Храп-
ченко, Н.Гей, Ф.Кузнецов, А.Гидаш, Д.Йеш, Р.Мұста фин – әлем-
дік әдебиет сынына формалық жаңалық әкелген тұлғалар.
Бізде сыншылардың осындай қызықты типтері бар ма?
«Художественная биография», «Повести о прозе», «Поис­
кий и находки», «Исследования и находки» – әдебиетшілер дің 
алға қойған мақсатына сай, «жанрлық» анықтаулар.
Бізде осындай еңбектер бар ма?
А.Бучис, Т.Асқаров, Н.Джусойты, Қ.Сұлтанов – Одақтық әде  - 
би проблемаларға араласып жүрген ұлт әдебиеті сыншылары. 
Бізге неге осындай сыншылар тәрбиелеп шығармасқа?
Қазіргі қазақ әдеби сынының аты бар да, заты жоқ дерлік. 
Соның көбінен сыншыл ойларды көре бермейміз. Тіпті талдау-
ды қойып, бірыңғай мақтау, сырт бағалауға көбірек кетіп бара 
жатқан жоқпыз ба? Қарт әдебиетші Виктор Шкловский отызын-
шы жылдары бір жиында: «Мы должны ненавидеть друг­друга, 
если мы смотрим на себя с высоты наших предков» (В.Каверин 
«Вечерний день», 1983, стр. 102) депті. Әдебиет келешегі, та-
лант бағы үшін бір-бірімізді «жек көруге» болады ғой.
Қазақ әдеби сынын жас деуге келмейді. Өйткені қолымызда 
ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің әрісі фольклордан тартып, бүгін-
ге  дейін  жалғап,  баяндаған  сын  тарихы  жайлы  монументал- 
дық еңбегі «Сын тарихы», «Оңаша отау» бар. Жас жанрдың 
тарихы мұншалықты болмаса керек. Жүз жылдық тарихы жа- 
зылып,  хатталғанда,  зерттелген  жанрға  жастық  жоқ.  Самар- 
қаулық жайы бір бөлек.
Сын жанры неге өрістемей келеді? Неге әлі күнге ойы ба- 
лаң, бойы шарғы?
Менің есіме мынадай бір әңгіме оралады.
Сәбит  Мұқанов  өмірінің  ақырында  отызыншы  жылдары 
жазған әдеби зерттеуіне қайта оралған ғой. Қайта қарап отырған 
үстіне тұрғылас бір ғалым келіп кіріпті.
– Сәке, не істеп отырсыз?
– Балаң кезде жазылған зерттеу еді. Қайта қарап жатырмын. 
Жөндейтін  жері  көп  екен.  Осы  сендер  де  өздерің  өткен  соң, 
өшіп  кетпейтіндей  етіп,  зерттеулеріңді  неге  жөндемейсіңдер? 
Қазір жағдай жақсы ғой, – депті тұстас ғалымға қарап. 

438
439
Сонда ол тұрып:
–  Өзім  өлгеннен  кейін  неге  қара  су  теріс  ақпайды,  Сәке. 
Өзім барда концепциям тұрса, оқулығым қолда жүрсе жетеді. 
Әдебиеттанудың өмірі онсыз да қысқа – деп жауап беріпті. 
Енді екеуі де үнсіз…
Мүмкін  жәй  әңгіме,  мүмкін  болған  оқиға.  Бірақ,  сөлі  – 
шындық. Қазақ әдебиетшілерін құртып жүрген нәрсе – ұлттық 
әдебиеттану  ғылымының  келешегіне  күдікпен  қараушылық! 
Содан соң өз еңбектерінің өріс, дәреже-деңгейіне сенбеу. Олар-
дың еңбектерінің жауапсыз жазылатыны, өздерінен бұрын өліп 
қалатыны, немесе «өлуге» бейім тұратыны сондықтан.
Әдеби сынды аздырып бара жатқан – көркем сөз өкілдері. 
Жазушылар. Әрине, көркем шығармашылық психологиясын бі-
летін ақын-жазушының сынға араласуы құптарлық. Объективті 
талдауға бой ұрып жазар болса – ырыс. Мұхтар Әуезов, Сәбит 
Мұқанов, Ғабит Мүсірепов секілді шеберлердің әдеби зерттеу, 
сын мақалалары бізге осыны түйсіндірген. Өкінішке қарай, осы 
дәстүр қазір бұзылды. Жазушылар арасында көңілжықпастық 
орын тепті. Сыншы емеспін, мені кім тергер деген оймен өтірік 
мақтанға  жол  беретін  мінез  шықты.  Біреуді  дерексіз  ұрсып, 
жекіп, біреуді дәлелсіз мақтайтын алғысөз көбейді.
Біз  жазушы  ағайынның  жоғарыдағы  «алыптар  тобының» 
дәстүріне адал болуын қалар едік.
Бүгінгі  сынды  қалай  түсіну  керек?  «Общественная  цен­
ность литературоведения в его влиянии на развитие художе­
ственной  культуры,  в  конечном  счете  на  развитие  духовной 
жизни общества» – дейді академик М.Б.Храпченко.
Жоқ демейік, бізде әдеби сын бар. Бірақ, бүгінгі уақыт рухы-
мен сәйкес қарағанда әдеби сын әлсіз, көп жағдайда дәрменсіз. 
Виктор Шкловский: «Искусству нужны революции и землетря­
сения» /«Лит. газета» 1984 г, № 7, 15 февраля/ – дейді.
Қазақ әдеби сынына төңкеріс демейік, он балдық серпіліс, 
сілкініс, қозғалыс керек.
1984 ж.
жазуШы МеН   
СыНШы ыНТыМаҒы қажеТ
Жастар газеті «Лениншіл жас»
1
 қызықты пікірталас ұйым-
дастырып  отыр.  Жазушы  «Мен  сыншы  болсам…»,  сыншы 
«Мен  жазушы  болсам…»  деген  райда  сөз  алады.  Расында 
осы  сауалдар  жазушы  мен  сыншы  ынтымағына  бастаса  құ-
ба-құп.  Жарияланып  жатқан  мақалаларды  оқыған  сәтте,  өзің-
нің  әдебиетке  азды-көпті  қатысыңды  ойлайсың.  Азғантай 
тәжірибеңді ойша електеп бүгінгі күн талабынан табыла алма-
ғаныңа  қынжыласың.  Әуел  баста,  қазақ  әдебиетінің  қазіргі 
жай-күйінен  практикалық  дәрежеде  басталған  әңгіме  Бақыт- 
жан Майтанов мақаласынан теориялық мәселеге ойысты. Бір- 
ақ, пікірталас жалпылық сипат алып бара жатқандай. Біздіңше, 
практикалық  деңгейде  көтерілген  мәселені  қазақ  әдебиетінің 
қазіргі  халімен  сабақтастырып,  жетістік-кемшілігін  саралауға 
пайдалануымыз керек.
Қай  кездегі,  әр  кездегідей  қазақ  әдебиетінде  жазушы  мен 
сыншының ынтымағы, өзара түсінісу, көзқарас бірлігі жоқ. Сол 
ынтымақ,  бірліктің  жоқтығынан  /әйтпесе  аздығынан/  әдебиет 
тек зиян шегіп келеді. Қандай жазушы да менің шығармашылы-
ғыма белгілі бір қазақ сыншысының ықпалы тиді деп мойын - 
дай  қоймайды.  Сондай-ақ  сыншы  ағайын  да  көзінің  тірісінде 
біздің осы замандасымыз классик деп бір жазушыны бағалап 
көрген емес. Көбіне көзі кеткен соң өкініш араластырып отырып 
қана мойындаймыз. Осының қайсысы да, мейлі жазушы, мейлі 
сын шы, қаламгерлік мәдениеттің төмендігінен.
Бізде  Пушкин  поэзиясы  әдебиетке  Белинскийдей  сыншы- 
 ны  сыйлады,  Белинский  Пушкинді  ұлылық  биігіне  көтерді. 
Қазақ  әдебиетінде  Мұхтар  Әуезов  бар.  Ал,  Мұхаңа  үзеңгілес 
сыншы әдебиетте неге жоқ? – деген пікір бар. Ойланатын жай. 
Бірақ,  мына  мәселені  де  ұмытпайық.  Ұлы  сыншы  В.Г.Белин- 
ский Пушкин ұлылығын толық ашты ма? Әрине жоқ. Олай ету 
мүмкін  де  емес  еді.  Ол  тек  Пушкиннің  ұлттық  ақын  екенін, 
өнер-өлеңінің ұлттық сипатын айна-қатесіз дәлелдеді. Ал бұл 
оның  ұлылығына  салынған  баспалдақ-пікір  болатын.  Ол  тек 
1
 «Лениншіл жас» газетінің 1984 жылғы 30 тамыздағы пікірта  ласына 
орай.

440
441
ұлылық  бетін  ғана  ашты.  Пушкин  ұлылығы  да,  ол  жайында 
жазған  Белинский  мақалалары  да  уақыт  беделінде  ержетті. 
Бірін-бірі таныған ақын мен сыншының қатар танылып, бірін-
бірі биіктетіп алып бара жатқанына да көп уақыт бола қойған 
жоқ қой. Некрасовты Пушкиннен жоғары қоюшылық, қала бер-
ді  ұлы  ақынды  тұстас  ақындармен  салыстырып,  теңгермеші-
лікке жол беру – орыс әдебиеттану ғылымында ХХ ғасырдың 
жиырмасыншы жылдарына дейін созылып келген құбылыс. Ол 
аз  десеңіз,  ұлы  Чеховты  белгісіз  Потапенкодан  төмен  қойған 
сәттер бар әдебиет тарихында. Осы пікірлердің қайсысы да ұлы 
сыншы  Белинский  мақалаларынан  кейін  айтылып,  жазылып 
келген жайлар. Демек, тек көркем шығарма ғана емес, сыншыл 
ой-пікір  де  уақыт  беделінде  ержетіп,  уақытпен  бірге  есейеді, 
уақыт өте келе бағаланады екен.
Данышпандар әрқашан уақыттан оза туады. Уақытпен бір-
ге есейіп, ұлылана беретіні мәлім. Ал сын дәл Белинскийдей 
тең  терезелес  түсіп  жатпаса  да  өз  дәуірінің  ұлылығын  (ұлы 
қа ламгерін)  дайындайтындығына  дау  болмаса  керек.  Қазақ 
әдебиетінде  сын  М.Әуезовке  ықпал  етпеді  деп  айта  алмасақ 
керек.  «Абай  жолы»  эпопеясының  басы-қасында  тілектес  бо- 
лып  жүрген  Б.Кенжебаев,  Е.Ысмайылов,  Х.Жұмалиев  пікір-
лерінің  Мұхаңа  ықпалы  болуы  сөзсіз.  Жазушының  өзі  де: 
«Оқушылар  пікірін  ескере  отырдым,  әр  түрлі  романдарға 
берілген  жұртшылық  бағасын  байқап  қарадым.  Одақ  кө­
леміндегі  және  республикалардағы  алдыңғы  қатарлы  сын нан 
үйрендім» – демейтін бе еді, атақты романның жа зы лу тарихы 
жайында  толғанғанда.  Бірақ,  Белинскийдің  Пуш кин  шығар- 
маларын  түгесе  талдамағаны  секілді  (олай  ету  мүм  кін  емес), 
қазақ  әдебиет  сыншылары  да  эпопеяның  шын  асыл  туынды 
екенін  айтып,  кейбір  проблемаларын  талдаумен  шектелді. 
Уақыт  –  «Абай  жолы»  эпопеясымен  бірге,  болашаққа  алғаш 
айтылған  балаң  пікірлерді  де  көркейтіп,  өсіріп  алып  барады. 
Айталық,  «Абай»  («Абай  жолы»  емес)  романын  сүйінші 
данасынан  «Қазақ  өмірінің  энциклопедиясы»  деп  бағалаған 
Б.Кенжебаев,  Қ.Шаңғытбаев  пікірі,  сөз  жоқ,  ұлы  жазушыны 
уақытында қанаттандырды. 
Жазушы  мен  сыншы  арасындағы  түсіністік  дедік.  Ұлы 
жазушы  М.Әуезовтің  әдеби  сынды  сыртқа  теппегеніне  куә 
болдық.  Сол  секілді  Ш.Айтматов  пен  Б.Панкин,  Ю.Бондарев 
пен Ф.Кузнецов арасындағы бүгінгі достыққа кісі қызықпауы 
мүмкін емес. Кезінде білгір сыншы А.Макаров көрнекті жазушы 
В.Астафьев творчествосына ерекше ықпал еткен болса, бүгін 
В.Астафьев  марқұм  сыншы  Макаров  жайында  кітап  жазып 
аяқтап отыр… Қандай жарасымды?! Қазақ әдебиетінде жазушы 
мен сыншының осындай ынтымағы жоқ. Жарасымды ынтымақ 
жоқ жерде әдебиет көп жағдайда зиян шегеді.
Кезекті кітабы жарыққа шыға қалса, «мен жайлы жазсаң - 
шы» деп сыншыны жазушы  жағадан алып жатқаны. Шығарма- 
сы сын көтере ме, жоқ па, онда жазушы ағайынның шаруасы 
болмайды. Және бірыңғай мақтау тілейтінін қайтерсің. Пікірді 
мысалмен  тұздықтау  керек.  Замандас  бір  жазушы  кітабы  жа-
рық  көрген  сайын  кісі  күлерлік  көтермелеу  сөздерін  жазып 
сыйлар еді. Сый соңы үнемі «пікір күтемін» деп аяқталатын. 
Жаздық.  Жақында  көшеде  жолықтық.  Ұсынған  қолды  алмай, 
қиғаштайды кеп. Қарауытып тұр:
–  Мен  алты  рет  ажалдан  қалған,  оқ  қағар  –  әруағым  бар 
киелі адаммын. Маған тиісе бермегенің жөн – дейді ол. Әрқи-
лы сұрақ туады. Әруақ оны неге дұрыс жазушы етпеген? Сын-
шыны  қорқытуға  жараған  әруақ  жақсы  шығарма  жазуға  неге 
жәрдемдеспеген? Шынтуайтында, ол сыншыға емес, алты рет 
ажалдан алып қалған, әрі-сәрі жазушы етіп, әуреге салған әруа-
ғына неге өкпелемейді?
Сынға бұл секілді сұрқай көзқарастар көп. Өкінішке қарай 
әлгі пікірлер жазушының өз өресін, кісілік мәдениеті шар ғы-
лығын танытады. Бұдан шығатын қорытынды, сынға шын та-
лант иесі емес, көз жасын көлдетіп жүріп кітап шығарып үй-
ренген,  тиюсыз  кеткен  кемталант  –  халтуршиктер  өкпелейді 
көбіне.  Адамзат  баласы  көркем  ойлай  бастағалы  көркем 
өнердің тек сыншыл ой-пікірімен көркейетінін көргісі, білгісі 
келмей тін де солар. Олардың алдына Юрий Бондаревтің «…ка­ 
кой  бы  критика  не  была,  как  бы  писатель  к  ней  относился, 
он не может жить без нее» – деген пікірін тосамыз. Мүмкін 
ойланар…
Біз  сыншыларды  сүттен  ақ,  судан  таза  деуден  аулақпыз. 

442
443
Бірде жазушы ағайының бірінің: «Сыншылар қызметі төмен 
жігіттерді  сынайды.  Ертең­ақ  лауазымды  қызметке  қолым 
жетсінші, өздері­ақ мақтайды» – дегені бар. Жазушының осы 
пікірінде жан бар. Неге десеңіз, орташа, тіпті шығармашылық 
мүмкіндігі ортадан төмен жігіттердің бірі лауазымды қызмет-
ке  ілікті  дегенше,  сыншы  ағайынның  ақсақал,  көксақалды 
бо лып  оның  көкжасық  шығармасын  марапаттауға  көзді  жұ-
мып  ұмтылады.  Содан  әлгі  лауазым  иесінің  көзі  бұлдырап, 
мақтауға  басы  айналып,  жылына  бір  жинақты  топылдатады 
кеп. Сыншылар да қағып алып мақтап жатады. Мақтауға әбден 
бой үйреткен ондай дәлдүріш зәуде сын естісе ерін бауырына 
алып  тулайды.  Жолыңды  тосады.  Пендешілікке  барады.  1981 
жылы әдеби жыл қорытындысында қызметі жоғары бір ақын - 
ды сынаймыз деп осындай өкпеге қалғанымыз бар… 
Шын асылды уақыт екшер-ау. Әдебиеттегі әділдік ертелі-
кеш орнығар. Бірақ, оған дейін тұнық дүние лайланып, әділдік 
бұрмаланып, кісінің иманы қасым болмай ма? Оған дейін шын 
талант қағажу көрмей ме? Өнер атты киелі ұғымның ақ қанаты 
күймей  ме?  Кітапқа  кеткен  тонна-тонна  қағаз,  туындыгерге 
төленген  мемлекеттік  қаржыны  қайтеміз?  Талғамы  бұзылған 
оқырманды не істейміз? 
Жалпы әдебиетте беделге бас иген жерде шындықтың көзі-
не кіреуке түспей тұрмайды. Кезінде бір жағымпаз, жандайшап 
М.Әуезов «Өскен өркенді» жаза бастағанда:
– Мұха, жаңа шығармаңыз «Абай жолынан» да күшті секіл-
ді, – депті. Алая қараған ұлы жазушы:
– Бар ғұмырымды арнап, бар қайратымды жұмасаған аяу-
лыма тіл тигізбе, тантыма, – деп тыйып тастаған екен…
Қазір бұрынғы шығармасымен бедел жинаған жазушының 
қаламына  ақ  қағазға  көк  сия  тамды  дегенше,  басы  академик 
болып, ақ-қарасын ажыратпай, байыбына бармай, аттана шауып, 
мақтап  жатқанымыз…  Бұдан  әдебиет  түгілі  қарт  қаламгердің 
өзіне зияннан өзге не бар десеңізші?
Ал, Михайлов «Критик в современной литературе – это 
мыслитель  и  теоретик,  идейный  борец,  тонкий  ценитель 
прекрасного»  –  дейді.  Ал,  әлгіндей  сыншысымақтардың  ма-
қалаларынан біз бұл талапты қайдан көрейік?
Қарап  отырсаңыз,  көзі  тірі  тұрып,  қалың-қалың  томдары 
автордың көз алдында өліп қалып жатқан жазушыларды бай-
қауға  болады.  Қалың  оқушыға  жетпей,  төңірегі,  баспа  қыз-
меткерлері ғана оқитын кітаптың өлгені емей немене? Шыңғыс 
Айтматов та қырғыз әдебиетінде автор және редактор – екі кісі 
ғана  оқитын  романдардың  көбейіп  кеткенін  ащына  жазғаны 
бар.Сол  секілді,  бедел  салып  жыл  аралатып  кітап  шығарып, 
жаңа  жазғаны  жетпесе,  ескісінің  өңін  айналдырып  қайта 
жариялататын  сыншы  ағайындарды  да  білеміз.  Елуден  жүзге 
дейінгі мүшел жас үшін жазу – мүшелтой мақалаларды топтап 
кітап  шығару  шарт  па?  Баспаны  шырылдатып  баспа  табағын 
алатын ол кітап кімге ой салады? Кімнің игілігіне айналады? 
Аға буын әдебиетшілер проблемасыз, мазмұндау, қайта баяндау 
ыңғайымен  жылына  15-20  мерейтойлық  мақала  жазғанша 
әдебиеттің  сусап  отырған  бір  проблемасын  өзек  етіп  екі-үш 
жылда  неге  ойлы  бір  ғана  кітап  бермейді  деп  те  ойланасың? 
Демек,  сыншы  тірі  тұрып,  көз  алдында  өліп  жатқан  сын 
кітаптары да бар деген сөз.
Осы жайларды ойласаң қатары күн санап сиреп бара жат-
қан жасыл орманға қарап отырып көңілің босайды, ішің удай 
ашиды…
Шығарма  алдымен  форма  десек  баяғы  формалистердің 
ізінен келіп шығар едік. Бірақ, кез-келген ойлы мазмұн ажарлы 
форма  тілейтіні  хақ.  Формалық  ізденіс  прозаиктерге  ғана  қа-
жет  пе?  Жоқ.  Сыншыларға  да  қажет.  Шкловский,  Макаров, 
Ан дронников,  Анинский  секілді  көптеген  қызықты  сыншы 
тұлғалар  бар  орыс  әдебиетінде.  Қазақ  сыншыларының  көбі 
біртекті. Мақалаларының дені бір қолдан шыққандай ұқсас.
Сын  кітабын  шығаруда  да  талап  төмен.  Қарт  профессор 
қайта-қайта  қайтарып,  академик  арқанмен  сүйрегендей  етіп 
жүріп қорғалған шала-жансар диссертацияны білетін едік. Сол 
беделмен  қорғалған  бедел-бедерсіз  кандидаттық  дисертация-
ның  қолжазбасы  сол  күйінде  «Жазушы»  баспасынан  1983 
жы лы  кітап  болып  басылып  шыққанда  жағамызды  ұстадық. 
Әдебиеттің адалдығы үшін жалаң аяқ жар кешетін сыншылар 
көз  жасын  көлдетіп  жалынып  жоспарға  ене  алмай  жүргенде, 
кейбіреулер  үп  етер  самалы  жоқ  қолжазбамен  ғылым  мен 
баспаны бір оқпен түсіріп жатады…

444
445
Қазақ әдеби сыны «одақ» деңгейіне де еркін көтеріле алмай 
келеді.  Ол  үшін  орысша  жазатын  сыншы  кадрын  дайындау 
керек пе? Ол үшін бәлкім қазақ тілінде орындалған еңбектер  дің 
таңдаулысын орыс тіліне аударту жөн бе? 1983 жылы «Моло­
дые  о  молодых»  –  сын  мақалалар  жинағы  орыс  және  украин 
әдебиет  сыншыларының  ынтымағымен  жарық  көрді.  Мұндай 
тәжірибені  қазақ  әдебиеті  үшін  де  қолдануға  болар.  Әрине, 
оның қайсысы да сеніммен кірісіп қол жеткізуге болатын істер. 
Ол үшін тек сынға адал көзқарас, жақсы жағдай қажет.
Соңғы кездері жақсы нышанды аңғарғандай болатынымыз 
рас.  «Жазушы»  бірді-екілі  жастарды  авторлыққа  тарта  бас-
тады.  «Жалын»  баспасы  «Сөзстан»,  «Жастар  жастар  туралы» 
сериялы  мақалалар  жинағын  шығаруды  жолға  қойды.  «Дет-
ская  литература»  /Москва/,  «Литература  для  детей»  /Ленин-
град/  үлгісінде  қазақ  балалар  әдебиеті  мәселелеріне  арнал-
ған жинақ шығаруды да қолға алатын болар бұл баспа. Соң ғы 
жылдары  С.Әшімбаев,  Ж.Әбдірашев,  Б.Сарбалаев,  Б.Май-
та нов,  Б.Ыбырайымов,  А.Егеубаев,  Қ.Керейқұлов  (жасамыс 
тар тып  барады)  секілді  жас  сыншылардың  кітабы  өндіріске 
«Жалын»  баспасы  арқылы  жолдама  алды.  Осының  баршасы 
жастар баспасы жанынан сын редакциясы ашылар деген үмітке 
жетелеген  еді.  Керісінше  «Жалын»  баспасы  сын  жинақтарын 
тоқтату туралы шешім қабылдады. Мұның өзі әдеби сынды өсіру 
емес,  өшіру  секілді  әсер  етеді.  «Жазушы»  баспасының  баспа 
табағы  шектеулі  бір  ғана  сын  редакциясы  барлық  сыншылар 
еңбегін жарыққа шығара ала ма? Жалпы сын редакциясынсыз 
баспа  болатынын  бұрын-соңды  естігендеріңіз  бар  ма?  1972 
жылғы  «Әдеби  көркем  сын  туралы»  қаулыдан  кейін  қазақ 
әде биетінде  де  сынға  жақсы  бетбұрыс  басталғаны  белгілі. 
Қиын дығы  мол  жанрға  жастар  келе  бастап  еді.  Енді  соның 
баршасының  екпіні  басылып,  еңсесі  түсіп,  бір  баспаның  бір 
ғана редакциясына көзін сатып, кезек күтуге тиісті болғаны ғой 
шамасы. Бұл мәселе – баспаны да, басқа да тиісті орындарды да 
ойландыруға керек.
Расында, әдеби сынға назар төмендеп жатқанда, Қ.Мұхам-
бетқалиев  пен  Б.Майтановтың  сын  және  сыншы  міндеті  жа-
йында  пікір  жарыстырып,  қазақ  қаламгерлеріне  талап  қойып 
жатуы  соншалық  сәйкесті  деп  қарау  қиын.  «Бүкілодақтық» 
деңгейге қазақ сыны көтеріле алмады деп өңеш созып, соңын 
өкінішке  айналдыруымыз  да  тек  үміт  пе  қалай?  Өйткені, 
оның  бәрі  міндеті  ауыр,  жолы  қиын,  сын  жанрына  адалдық, 
қамқорлыққа байланысты ғой.
Одақтық  деңгей  дегенде,  орысша  жазатын  кадр  дайын дау 
керектігі айтылды. Орыс тілінде жазатын жігіттер де бар біз де. 
Олар  жайында  ойласақ  көз  алдымызға  бір  әдебиет ші  ақ сақал - 
дың  тағдыры  келеді.  Ол  орысша  жазатын.  Респуб ли ка лық 
баспалардан  бір-екі  кітабы  орыс  тілінде  жарық  көрді  кезінде. 
Одақ ғалымдары қазақ әдебиетінің жай-күйін сол кі таптар арқы-
лы бағалай бастады. Үзінділер алынды. Бірақ, өкі ніші – орысша 
жазылды  деп  біз  малданып,  «мен  тек  орыс  ті лінде  жазамын» 
–  деп  ағамыздың  мақтануына  қарамастан,  ол  кітаптарда  қазақ 
әдебиетінің  күрделі  процесін,  шынайы  келбетін  көрсетерлік 
теориялық  тереңдік,  эстетикалық  талғам,  көркем  таным  жоқ-
ты. Ол кітаптар қазақ әдебиетшілерінің әр кездегі еңбектерінің 
нашар орысшаланған екінші нұсқасы секілді ғана еді…
Қазір  орыс  тілінде  жазып,  сын  мақалаларын  кітап  етіп 
шығарып  жүрген  жігіттерді  ойлағанда  әдебиетті  ұятқа  қал-
дырып, «өлмес кітап  жаздым» деп өзін  алдап  жүрген  осынау 
ақсақал көз алдымыздан кетпейді…
Қысқасы, судың да сұрауы бар дегендей, әдебиетте обалсыз 
жанр  болмайды.  Әдеби  сынды  келешек  ұрпақ  іздемес  деп 
ойламау керек. Мықтап іздейді. Сынды өрістету – шарт. Өскен 
сын  –  әдебиет  өрісінің  кепілі.  Ол  үшін  жазушы  мен  сыншы 
ынтымағы ауадай қажет.
1984 ж.

446
447

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет