СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)


Сыншы сыр-дәптері жайлы сыр



Pdf көрінісі
бет35/41
Дата28.12.2016
өлшемі2,26 Mb.
#667
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41

3.Сыншы сыр-дәптері жайлы сыр
Қайталап айтқанға арымайтын сөздер бар. Әдебиет – киелі 
ұғым, әдебиет пен өнер – қасиет. Оны сыйламау қасірет. Әдеби­
ет  есігін  жасқана  қаққан  әрбір  жас  өзі  таңдаған,  өзі  жалына 
жармасқалы отырған жанр тарихына бойлауы, бірауық алдыңғы 
толқын ағалар қаламынан шыққан, қалдырып кеткен дүниелерін 
имене оқуға міндетті. Отты жас бәлкім ұната қоймас оларды. 
Бәрібір оқуға тиісті. Әдебиет менен басталады деген надан ұғым 
иектеп кетпес үшін де оқуға міндетті.
Жетпісінші  жылдардың  аяғы.  «Лениншіл  жас»  газетінде 
қыз мет  істеймін.  Бір  күні  өмірден  жас  кеткен  марқұм  сыншы 
Қалжан Нұрмахановтың кітаптарын парақтадым. Үйіріп әкет­
ті. Бір түрлі отты, ойлы секілді көрінді. Отты жастың ойла­
ры  жас  кеудеге  құйылды  келіп,  құйылды  келіп.  Қызығып  кетке­
нім болар «Парасат поэзиясы» аталатын эссе жазып, аталмыш 
газеттің 1979 жылғы 21­23 шілдедегі сандарында жарияладым. 
Ұмытылыңқырап бара жатқан марқұм сыншы мұрасы жайын да 
жазылған  жас  баланың  мақаласына  газеттің  қос  санын  бірдей 
қиған, сол кездегі бас редактор Сейдахмет Бердіқұловқа жүрек те 
ризашылық мол.
Газет  шыққан  күні  таңертеңгілік  бөлімде  отыр  едім,  ал­

486
487
дымдағы ақ телефон безілдеп қоя берді. Көтердім. Арғы беттегі 
әйел  дауысы  мені  сұрады.  «Мен»  –  дедім.  «Айналайын!»  –  деді 
де  әлгі  әйел  дауыс  салып  жылап  қоя  берді.  «Ағамды  тірілткен 
айналайын! – деді, тағы бірде. Әйел үні үзік­үзік. Сөйлесіп жа­
рымадық. Менің түсінгенім арнайы телефон шалған кісі – Қазына 
Нұрмаханова.  Қалжан  Нұрмахановтың  туған  қарындасы.  Ри за­
лығын айтты. Үйіне қонаққа шақырды…
Орайында айта кету керек, «Парасат поэзиясы» әдебиетке 
жаңа келіп жатқан жас жігітке бірсыпыра абырой әкелді. Ға­
жап ақын Сырбай Мәуленов бірде үйіне ертіп алып кетті. Дас­
тарқан  үстінде  өзінің  Қалжанмен  достығын  сыр  қылып  айт­
ты.  Кітапханасында  өлеңі  өртке  тиген  дауылдай  Қасым  ақын ­ 
ның  ертеректе  шыққан  «Дауыл»  аталатын  жинағы  сақталып­
ты. Қалжан марқұм сыйлаған екен. Аюдай алып денелі Сыр­ағам 
қорбаңдап барып кітапханасынан арнайы алып келіп, «Дауылдың» 
алғашқы бетіне Қалжан жазған сый­сөзді оқыды…
Және бір күні редакция тапсырмасымен сұмдық ойшыл ақын, 
жұртына  жұмбақ  болып  оралатын  Жұмекен  Нәжімедденовке 
баруға тура келді. Барудағы мақсатым – бір әмбебап Әубекіров 
есімді өнертапқыш «өкіртіп» өлең жазып, тасқа басылған үш­
төрт «кітабын» редакцияға алып келді. «Өлеңдеріңіз жарамайд» 
десек, кеуделеп болмайды. Кеудесіндегі өнертапқыштық медаль­
дарын  соққылап  бастырмалатып  мазамызды  алды.  Ақыры  ша­
расыз  күйде,  «Өзіңіз  сыйлайтын,  сөзіне  тұратын  бір­екі  ақын­ 
ды  атаңыз»  –  дедік.  Ақкөз  әпербақан  өлеңші  Қадыр  Мырзалиев  
пен  Жұмекен  Нәжімедденовті  атады.  Міне,  сол  Әубекіровтің 
(өзі  солай  жазады)  «томын»  қолтықтап  «Мектеп»  баспасына 
келдім.
Жұмекен жарықтық маған бір қарап алып, миығынан мырс­
мырс  күлді.  Өзім  тәңірідей  табынатын  ақын  күлкісінен  ың ғай­
сызданып ішімді жиып алдым. Байқампаз ақын:
– Мен сені шал екен десем. 
– Неге олай ойлайсыз?
–  Қалжекең  жайлы  мақалаң  тым  есейіңкі,  ал  өзің  баласың 
ғой… – деп бір тоқтады.
Сыншы  қарындасы  –  Қазына  осы  баспада  қызмет  істейді 
екен. Жұмекеңмен бірге ол кісі де ризалығын айтып жатты. Ал, 
Жұмекең Қалжанға ерекше ықыласты екен.
Сол кезде мұндай жылы сөзді Қуандық Шаңғытбаев, Мұза­
фар  Әлімбаев,  Оспанхан  Әубәкіров,  Бекен  Әбдіразақов,  Сағат 
Әшімбаев  секілді  ағалардан  естідім.  Мақаламнан  кейін  Осағаң 
«Құрымсары  Құлбек»  –  атап  кетті  өле­өлгенше.  Ал,  марқұм 
Сағат  Әшімбаев  әдеби  жыл  қорытындысында  жасаған  баян­
дамасында:  «Осы  ретте  жас  сыншыларымыздың  этикасы  мен 
эстетикасындағы  жақсы  бір  нышанды  бөліп  айтқым  келеді. 
Болашақта  бұл  нышан  дәстүрге  айналып  жатса  құба­құп  бо­
лар еді. Ол кейбір жас сыншыларымыздың аға ұрпақ – алдыңғы 
ұрпаққа  деген  байсалды  көзқарасы,  оның  ішінде  өмірдің  қатал 
заңы  өткен  шақпен  атауға  мәжбүр  еткендердің  толымды 
твор чествосы  туралы  жылы  ілтипатпен  жазған  мақалала ­ 
ры,  атап  айтқанда  Қ.Ергөбековтың  «Лениншіл  жас»  газетінің 
(21­23  июль,  1979)  екі  нөмірінде  белгілі  сыншы  Қалжан  Нұр­
маханов  туралы  жарияланған  «Парасат  поэзиясы»  деген  па ра­
сатты мақаласы білімділігімен, адамгершілік рухпен жа зылған.
…аталған  мақалаларда  «жоғалған  пышақтың  сабы  ал­
тын»  едіге  салып  жөн­жосықсыз  құрыққа  сырық  жалғап  сөй ­ 
леу жоқ, керісінше нәзік талдау мен өткір толғаудың келісімі бар, 
ең  бастысы  әдеп,  ізет,  ілтипат  және  әділдігін  айтуға  ұмтылу 
бар». (С.Әшімбаев, «Парасатқа құштарлық», А., 1985, 148­149­
беттер) – деп бағалады. 
Жассынбай жақсы сөздерімен демеген ағаларға алғыс әрине. 
Алайда  қазір  қайталап  оқысам  мақалама  көңіл  қоңылтақсиды. 
Бақсам  замандастары,  аға  тұтқан  інілері,  туыстары  өмірден 
ерте  кеткен  /небәрі  отыз  бес  жыл  ғұмыр  кешкен/,  аз  ғұмырда 
бірсыпыра еңбек жасап, айналасымен сыйласып өткен Қалжекеңді 
сағынған  екен…  Құрметтің  төркінін  енді  аңғарған  боларсыз­
дар…
Шын сыншы – философ.
Шет  елде  философ  аталатын  арнайы  мамандық  бола  бер­
мейді. Философ болу үшін арнайы мамандық иесі болу шарт емес. 
Философиялық  ой  биігінде  болу  шарт.  Қалжан  философиялық 
ой­ағымы қан тамырын ұстай білген сыншы еді. Ол – әдебиетті 
көркем  өнердің  бір  түрі  деп  қарады.  Адам  өмірін  талдамай­
тын, философиялық ой айтпайтын әдебиетті мойындаған жоқ. 
Әдебиет көркем өнер түрі ретінде адам баласын ойландыратын, 
толғандыратын,  шешім  іздеттіретін  болсын  деп  ойлады.  Ал, 
жалаң философиялық ойға құрылып, кейіпкер табиғаты көркем де 
шынайы өріс таппайтын шығармасымақты да Қалжан қабылдай 
алған жоқ.
Шын сыншы – көркем өнердің бар саласы үшін де қабілетті, 
үлкен эстетикалық тұлға!
Әдебиет сыншысы Қалжан Нұрмаханов – қай бір сәттерде 
өнертанушы да болып көрінеді. Күй табиғатын жетік түсінеді. 

488
489
Түсінеді  дейміз­ау,  терең  түйсінеді.  Ол  күй  өнері  жайында  да 
табиғи толғанған сыншы­өнертанушы.
Ол жылдары әдебиет сыншылары одақтық деңгейге көтеріле 
алған жоқ­ты. Сондай­ақ ділгір сәтте қазақ әдебиетінен Одақ­
тық  деңгейде  ой  толғау  Қалжан  Нұрмаханов  еншісіне  тиіпті. 
Республика ішінде мақала жазса – әдеби процесті бүкілодақтық 
өреде, өзара салыстырып, өзара сабақтастырып жазды Қалжан. 
Республика  тысында  мақала  жазса  –  қазақ  әдебиетіндегі  құн­
дылықтарды  одақ  деңгейіне,  одақтық  әдеби  процеспен  ұш тас­
тыра жазды Қалжан.
Сөйтіп, бір жағынан қазақ әдеби сынының өрісін кеңейтсе, 
екінші жағынан қазақ әдебиетін одаққа танытып өркенін кемел­
дендірді.
Дулы жастық шақтың бір күні белгілі ақын Бекен Әбдір аза­
қовтың от басында болып, жары Қазына Нұрмаханова екеуінің 
сый­құрметін көрдім. Қалжанның қызы Маржанмен таныстым. 
Қыршын  кеткен  сыншының  аз  да  болса  саз  кітапханасы  күйеу 
баласы  мен  қарындасы  кітап  сөресінде,  архиві,  жазу­сызуы 
қастерленіп сақтаулы, фотосуреттер де қызықты. Өзін көрмеген 
жанның жансыз бейнесімен тұңғыш кездесіп отырмын.
Үй  иелерімен  бірсыпыра  сырласып,  қараңғылық  қоюланып, 
қайтар сәтте:
– Сен мына жазбаларды мұқият қарап шық. Үңіліп оқы! – деп, 
Бекен Әбдіразақов Қалжекеңнің күллі қойын дәптер, блокнотта­
рын сөмкеме салып берді.
Үйге  келіп  қарасам  марқұмның  бала  кезден  бастап,  аяқ­
тамаған  романынан  үзінді,  сын  мақалаларының  қолжазбасы, 
күнделіктері,  әркім­әркіммен  жазысқан  хаттары,  жеделхат­
тар… Эпистолярлық мұра, санаулы жылдың күнделігі мені әмсе 
қызықтырды.  Оларды  оқыған  сайын  мен  сыншы  жанына  жіті 
үңілгендей,  тағдырына  терең  бойлағандай  болдым.  Қатты  қы­
зығып,  көп  әсерлендім.  Бірсыпыра  уақыт  толғатып  «Әуеннен» 
басталған  достық  әуен»,  «Таным  сабақтары»  аталатын  эссе, 
мақалалар  жазып,  «Лениншіл  жас»  («Жас  алаш»)  газеті,  «Жа­ 
лын» журналында жарияладым. Қалың оқушы қауымның қабыл­
дауы жаман болған жоқ…
Мойындай сөйлеу шарт, Қалжан Нұрмаханов жазбалары уа­
қытында маған қатты әсер етті. Енді есейген көңілмен қарап, 
мен Қалжандай сыншының қандай қасиеттерін ұнаттым екен? 
– деп ойланамын. Сұраққа мынадай жауаптар тапқандай бола­
мын.
Бірінші,  сын  мақалалары  мен  жеке  жазбаларынан  Қалжан­
ның романтиктігі аңғарылады. Бұл жас өренге ерекше ықпалды 
қасиет қой. 
Екінші, Қалжан сыншының публицистігі. Сыншылар әдетте 
қатқылдау қалыптасып, көбіне қанатсыздау қалам тербейді ғой. 
Ал, Қалжан үні отты, өткір, публицистік үн. Публицистік қаси­
ет  оның  барша  жазбаларына  оттылық,  уыттылық  дарытқан. 
Сыншының романтикалық бейілі мен публицистік оттылығында 
от  оранған  Баубек  Бұлқышев  пен  өзі  ұстаз  тұтқан  Мұқан  
Иманжанов  жан  дүниесі  мен  қалам  қимылының  қызу  әсері 
жатқандай көрінеді, маған.
Үшіншіден,  Қалжан  сырласып  отырып  жазатын  сыншы. 
Қағида­қисындарға көбірек ден қоятын сыншы, ғалым ағайын аз 
сөзді болайын деген жақсы ниет жетегінде отырып, оқушымен 
сырласуды ұмыт қалдырады ғой. Ондай жағдайда сыншы жаны 
жабық  қалып  қояды,  жан  байлығы  қағазға  түсе  бермейді.  Бі­
лімділік  жан  байлығын  жеткізуге  дәрменді  бола  бермейді.  Қал­
жанда суреткердің жан байлығы бар екен. Сазгердей нәзік, ақын­
дай  сезімдер  ол  көркем  шығармашылық  сезінуді  бастан  кеше 
отырып  жазады  екен  сын  мақалаларын.  Оны  сыншы  райында 
ерекшелеген бұл қасиет мені тағы ойландырмай қала алмады.
Төртіншіден,  қазақы  ортада  өссе  де  Мәскеу  мектебін  көр­
ген  Қалжан  білімдар.  М.Богданова,  Климович  секілді  шығыс 
халықтары  әдебиетіне  жақын  ғалымдардан  дәріс  алған,  ұлт 
әдебиеті  жанашыры  А.А.Фадеевті  қызыға  қадағалап,  қызыға 
бақылайтын  сыншы  сезінуі  үздік.  Оның  мақалаларында  үйкү­
шіктік жоқ, үйреністің үлкен ғибраты бар. Кейде музыка жай­
ында сөйлеп, кейде суретші тағдырын іздеп сарылар сәттері де 
ұнасымды. Бұл қалай әсер етпесін жас сыншыға?!
Бесіншіден, Қалжан – ауыр тағдыр иесі. Өмірден де, өнерден 
де тапқан рахаты, татқан ләззаты аз, жәбір­жапа, жоқшылық, 
ауру­сырқаулы күн кешкен жан.
Мемуарлық жазбаларын оқи отырып, сыншының жан­дү ни­
есіне  терең  бойлаған  сайын  менің  көңілімде  тағдыры  ауыр,  өзі 
алғыр сыншы Қалжан Нұрмаханов образы тұлғалана берді. Мен 
эссе, мақалаларымда асылы осы жайларды жазсам керек.
Жап­жас  Қалжан  Нұрмахановтың  Мұхтар  Әуезов,  Сәбит 
Мұқанов,  Түгелбай  Сыдықбеков  сынды  алыптармен  сыйласып, 
Шың ғыс Айтматовтай жанартаудай атылып әлемдік деңгейге 
шыққан жазушымен сырлас дос болып бірге жүруі де көп жайт­
ты аңғартып жатқандай еді. Олар Қалжанға әдебиет адамына 

490
491
сенгендей сенген, жақын адамына сеніскендей сеніскен. Қалжан 
архивінен табылған мына бір жазбаны оқиықшы:
«Қалжан!
«Досыма  хаттың»  журналға  ықшамдап  алған  вариантын 
үстірт болса да қарап шықтым. Дұрыс сияқты. Аздаған редак­
ция қостым, оны өз данаңа көшіріп алуыңды өтінем. Опечатка­
лар бар сияқты, оны қарайсың ғой.
Мына дананы маған қайтар, ертең!
Сәлеммен Сәбит.
6­ІV­1960 ж, Алматы».
Сәбең жазбасы сенген көңілдің өзімсінген сөзі емес пе?! 
Әйтпесе,  Мұхтар  Әуезовтің  Мәскеуге  барғанда  Қалжанды 
баласынбай, бөлмесіне шақырып алып, орысша басылып жатқан 
«Абай жолы» эпопеясын ортаға алып, бірге қарасатын, ұлы жа­
зушы мен студенттің өзара кеңесетін сәттерін айтсаңызшы!
Арнайы  барып  жолығып,  әңгімелескенде  қырғыз  жазушысы 
Түгелбай  Сыдықбеков  те  қазақ  сыншысына  ерекше  ықыласты 
екенін  аңғардық.  Шыңғыс  Айтматов  болса  да.  Кездескен  сайын 
Қалжан  сыншыны  айналып  өтпейтін.  Әңгіме  арқауына  айнал­
дырады. Бәлкім, мені  ішке тартып жақын көруінде де Қалжан 
марқұмның азды­көпті рөлі бар.
Америкаға  аттанып  бара  жатқан  Шыңғыс  Айтматовтың 
Қалжан  қазасын  естіген  бойда  ұшаққа  алған  билетін  жан  қал­
тасына салып, қос жүргізушіні қабат қамтып, жеделдетіп Ал­
матыға  жетіп  келуі,  сыншы,  аудармашы  анасы  алдында  басын 
иіп көңіл айтуы, «Қазақ әдебиеті» газетіне қысқа­нұсқа қоштасу 
сөзін жазып, жеделдетіп қайтуы ше?!
Міне, жап­жас Қалжан осындай­осындай сенімдерге ие бол­
ған  уақытында.  Өкініші  сыншы  есімі  бірсыпыра  уақыт  ұмыт 
қала  жаздады.  Ал,  осындай  қызық  тағдырлы,  қиын  тағдырлы 
дарынға мойын бұрмасқа бола ма, сірә? Қалжан жайындағы эссе, 
мақалаларым да осындай жағдайдан туған менің мойын бұруым, 
жас көңілдің сөзін айтуым болатын. Өз дәрежесінде айта алдым 
ба, жоқ па – төреші оқырман қауым.
 Осы орайда айта кетер бір қызық хал бар. Билік қай уақыт­
та да әдебиет пен өнерге көрсетіп, көрсетпей, білдіріп, білдірмей 
үстемдігін  жүргізетін  әдеті.  Пушкин  өліміне  себепкер  Алек­
сандр  патшаңыздың  өзі  ақын  болғысы  келген  адам.  Пушкинді 
–  өзі  Пушкин  бола  алмағаны  үшін  жек  көрген.  Төменірек  түсіп 
сөйлесек, күнкөріс не істетпейді?! Қалжан Қазақ ССР Мәдени­ 
ет  министрлігінде  сценарий­репертуарлық  бөлімді  басқарады. 
Құр манғазыдай  ұлы  күйшінің  кезекті  мерейтойы.  Министр  ба­
яндама жасауы керек. Шығармашылықтан тысқары бола тұра 
атынан  кітап  жазылғанын  жақсы  көретін  саппас.  Қалжанға 
байыпты  баяндама  тапсырады.  Қай  мәселені  де  байсалды 
атқаратын  Қалжекең  әдемі  зерттеу­пайымдау  жазып  әкеледі. 
Баяндама жақсы оқылады. Жақсы тыңдалады.
Ертеңіне министр шақырады. Қалжан келеді.
– Жұрт жақсы қабылдады. Мынаны “Әдебиет және исску­
ство” жорналына жариялат! – дейді мансап.
Діңкесі құрыған Қалжан дайын зерттеуді жорналда жария­
латады. 
Мансап  бағынышты  Қалжанды  қайта  шақырады.  Қолына 
“Сенім хат” ұстатады:
– “Құрманғазыға” қойылған қаламақыны әкеліп бер!
Жазып  бер!  Бастырып  бер!  Қаламақыны  әкеліп  бер!  Бұдан 
артық  қорлық  болмас!”  –  депті  Қалжан.  Қорланған  Қалжан 
ұзамай бұл қызметінен де кетеді...
Жалғыз қарындасы – Қазына ҚазМУ бітіріп, қызмет іздейді.
Қазақстан  Жазушылар  Одағы  Басқарма  бастығы  Ғабиден 
Мұс тафин көзгелдек сырқатына ұшырап, дәрігерлер кітап оқуға 
тыйым салған. Аса бір қажетті кітаптарды әркім­әркімге дауы­
стап  оқытып  тыңдайды.  Шарасыз  күй.  Қайтсін  енді.  Қызмет 
іздеген Қазынаға Қазақстан Жазушылар Одағы жұмыс ұсынып, 
“Міндетің Ғабиден ақсақалға кітап оқып беру болады” дейді.
Қазына  ағасына  айтады.  Сонда  ағасы  айтыпты:  “Біреуге 
көзілдірік  болу  деген  не  пәле?  Министрге  қаламшылықтан  құ­
тыла  алмай  жүргенде,  сен  Ғабиденге  көзілдірік  болмай­ақ  қой, 
аштан өлсең де!”– деп бір­ақ кесіпті..Міне, Қалжан сыншының 
шын кейпі!
 Кейін келе сыншы хақындағы сырларым әлем таныған Айт­
матов  жайындағы  ізденіске  ұласты.  Тың  ізденіске  бастаған 
тіннің  бірі  де  сыншы  сыр­дәптеріндегі  қызықты  толғаныстар 
еді. Қазақ сыншысы дәптеріндегі толғаныстар шоң Шыңғыс өмі­
рі мен шығармашылық тағдырына бастап ала жөнелген­ді. Қа­
зақ қаламгерлері, оқырмандар арасында тәп­тәуір қабылданған, 
бірсыпыра  хат  алуыма  себепкер  «Алыс  көкжиектерді  аң сай­ 
мын»,  «Тау  мен  Даланы  туыстырған»,  «Шыңғыс  шыңы»  эс се, 
хикаялар  жайында  әңгіме  өз  алдына  бөлек.  Әзірге  әңгіме  Қал­ 
жан Нұрмаханов жайында. Айта кетер бір жай Айтматов пен 
Нұрмаханов  арасын  қамшының  өріміндей  өре,  байланыстыра 
баяндаған  өзара  қабилас  материалдарым  ұлт  әдебиетінде  де­ 
ректі әдебиеттану жасасам деген талпыныстан туған.

492
493
Қағылған  кірпіктей  жыпылықтап  уақыт  өтіп  жатыр.  За­
ман  құс  қанатындай  суылдайды.  Ғұлама  жылдар  парағын  су­
дырлатып  келмеске  кетті.  Жер­Ананың  тынышын  алып  адам­ 
зат  тіршілік  етіп  жатыр.  Жаңарған  уақыт,  өткен  жас,  өскен 
талғам  әдебиетке  деген  талабыңды,  кейде  тұтас  ой­пікіріңді 
өзгертеді. Өзгерген уақытпен бірге Қалжан әдеби мұрасына, ол 
жайында  жазылған  өз  эссе,  мақалаларыма  менің  көзқарасым 
өзгермейді  ме?  Алғашқы  аптығым  басылды,  адалдығым  қалды. 
Көп­көп сұқтануым басылды, сүйсінуім қалды…
Кезінде  мен  ешнәрсені  артық  айтпайтын,  ешнәрсені  кем 
бағаламайтын – әділқазы, ешкімге болмасын демейтін, орынсыз 
жомарттыққа тағы жоқ таразы – адам, профессор Бейсембай 
Кенжебаевтан Қалжан жөнінде пікір сұраған едім.
– Дарынды еді, білімді еді. Дарынын да, білімін де мақсатты 
іске жұмылдырып, шүйілдіріп еңбек ете алмады. Толыспай кетті. 
Қазақ  әдебиетіне  келе  жатқан  бетте  қаза  болды  –  деген  әз 
адам.
Менің  көңілімдегі  ыстық  ықыласқа  салқын  су  құйып,  жү­
регіндегі  отын  өшірейін  деп  айтқан  жоқ.  Өз  ойы,  өз  бағалауы, 
байламы – бары!
Араға бірсыпыра уақыт салып барып, суынып барып ойлан­
сам,  Қалжекеңнің  бергенінен  берері  көп  екен.  Бұл  да  трагедия! 
Ұлттық әдебиетке енді дендеп бет бұрған екен. Жастық атты 
асау тұлпар оны әр қиырға алып қаша беріпті. Әр жанр жалы­
на жармасыпты. Дарын мен білімді қабыстырып­қауыштырып 
әдебиетке, оның ішінде әдеби сынға шөңкиіп отырғанда көп­көп 
олжа әкелгендей екен деп ойлайсың кейде! Өкінішті!
Өтер  өтті,  кетер  кетті.  Кеткенді  қайтара  алмайсың,  өт­
кенге өкінгенмен өнер іс жоқ. Ал Қалжаннан қалған із бар. Небәрі 
отыз бес жыл ғұмыр кешкен қыршын әдебиетшіден бұдан артық 
не  талап  етерсің?!  Көптен  сала  ма,  аздан  сала  ма,  оны  да  бір 
құдай біледі. Ендігі аз сөз сыншы күнделігі жайында. 
Сыр­дәптерлер  сонау  сексенінші  жылдардан  бері  менің  қо­ 
лымда  жүр  еді.  Әрдайым­әрдайым  ақтарып,  қарап,  оқып  қоя­ 
тын  әдетім  бар­ды.  Соңғы  кездері  мақсатты  ізденіс  соңына 
түсіңкіредім.  Алаңым  –  Сәбит  Мұқанов  шеберханасы.  Әкемдей 
болған  әз  адам  Бейсембай  Кенжебаев  әдеби  мұрасы  тағы  бар. 
Қазақша айтқанда, ол кісіні ұмыту – құдайды ұмыту. Осы жасқа 
дейін  әр  өңір,  әр  буын  қазақ  азаматтарынан  айта  қалғандай 
жақсылық, көп қамқорлық көріп өстім. Өздерінің ар­ұжданымен 
қазіргі  уақыт  азаматтарынан  биік  тұрған  ол  аяулы  жандар 
жайында айтпасам – адалдығыма сын. «Халқым!» – деп қолына 
қалам  алып  жүрген  замандастарым  бар.  Өтпелі  кезең.  Қырық 
жыл  қырғын  болса  да  аталы  сөзді  өлтіруге  болмайды.  Бұлар 
жайында сын айтпағанда, сыншы сөйлемегенде, енді кім? Жос ­ 
пар  көп,  уақыт  аз.  Замана  қыспағын  жеңе  жүріп  жұмыс  іс­
тегім  келеді,  тағдыр  қыспағынан  сақтағай  тәңірі!  Қысқасы, 
отты  жастығымның  рухани  ойлы  серігінің  бірі  болған  Қалжан 
Нұрмаханов әдеби мұрасымен хоштасқалы отырмын…
Отбасының  жәдігерлігі  өз  мұрагері  қолында  болуға  тиісті. 
Сол  себепті  сыншы  сыр­дәптерінен  көп  бетті  көшіріп  алып, 
түпнұсқаны қызы – Маржанға қайтарып бергелі отырмын.. Кө­
шірмені  қайтадан  бір  оқып,  қаламгерлер  мен  қайраткерлердің 
мемуарлық  материалдарына  ыждағатты  бір  басылымға  ұсы­
нуды  жөн  көрдім.  Өмірден  қыршын  кеткен  албырт  сыншының 
кейбір артық­кем пікірлеріне замандастары өкпелемес. Күнделік, 
табиғатында,  субъективтік  жазбалар  жиынтығы  ғой.  Өзім 
қосарланып, сыншы тағдыры жайында жазған эссе, мақалаларым 
тарихын қозғай кеткеніме оқырман қауымнан алдын­ала кешірім 
өтінемін. Қалай десек те түрлі ойдың түпқазығы, – күллі ойдың 
құяр  арнасы  марқұм  Қалжан  Нұрмаханов  және  оның  күнделік 
дәптерінің тағдыры ғой… 
“Смерть есть то, после чего ничто не интересно”– депті 
әдебиет сыншысы, философ В.Розанов. Мүмкін өмірден 35 жа-
сында өткен Қалжан Нұрмаханов үшін ештеңе де қызық емес 
шығар.  Есесіне,  қыршын  талант  Қалжан  Нұрмахановтан  қал- 
ған әдеби мұра – рухани ой-толғаныстар тірілер үшін, кейінгі 
ұрпақ үшін қызықты. Тек, Алла-тағаладан оқитын ойлы ұрпақ 
бере көр қазаққа деп тілейік!

494
495
қоС ӨрІМ
  (Сыншы Рымғали Нұрғалиевтің екі кітабы туралы бір 
толғаныс)
Әдеби сынды біреу бар, енді біреу жоқ десіп жатады. Жанр 
жөнінде екі айырым пікірдің орын алуының өзіндік себептері 
бар.  Әрине  әдеби  сын  бар.  Өткір  жанрды  өрістетіп  жүрген 
сыншылар қосыны да жетерлік қазақ әдебиетінде. Бірақ, қазақ 
сыншыларының ыңғайпаздыққа ден қойып, әдебиеттің жоталы 
проблемаларына  бармай,  мерейтой  мақалаларды  жиі  жазып, 
сынсыз, бірыңғай мақталатын мақалалардың басын қосып кітап 
шығаруы жанр жайлы жеңіл айтылар желауыз пікірлерге жол 
беріп  жүргені  анық.  Қалай  дегенде  де  әдебиеттің  күретамыр 
проблемасына  бағышталатын  жұлын-жүйкесі  тұтас,  айтары 
мол, сыншыл пікірін ғылыми ойларымен жемдеп, жетілдіре ай-
татын сүбелі еңбектер қажет-ақ. Баспалар жарыққа шығуынан 
өшуі тез сын кітаптарын тоғыта бермей, негізгі бағытты сүйекті, 
сүбелі еңбектерді шығаруға бұрғаны дұрыс. 
Белгілі  әдебиетші,  ғалым  Рымғали  Нұрғалиұлының  «Ай­
дын»  (Өнер,  1985),  «Телағыс»  (Жазушы,  1986),  аталатын  мо-
нография, зерттеу еңбектері – қазақ әдебиеттану ғылымы ме-
рекелік мақалалармен тосылып тұрғанда, дүниеге келген, селт 
еткізерлік елеулі еңбектер. Бір-біріне жалғас жарық көрген бұл 
іргелі зерттеулерде Рымғалидың аспиранттық пен профессор-
лық  биігі  арасында  жүріп  өткен  жолы,  кешкен  бейнеті  мен 
зейнеті, қаламгерлік тұтас тағдыры жатыр…
Бүгінгі  ғылым  докторы  Р.Нұрғалиұлы  –  қазақтың  қара 
шаңырақ оқу орны – ҚазМУ-дің алпысыншы жылдардағы ас-
пиранты.  Беделді  білімге  жеңдірген,  мансапты  ұлт  мүддесіне 
айырбастаған  ғалым,  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  патри-
архы  Бейсембай  Кенжебаевтың  сүйікті  үш  шәкіртінің  бірі. 
Әсіресе, жетпісінші жылдардың әдеби процесін күретамырдан 
ұстап ақ-қарадай ажырата танып анықтаған санаулы сыншы бар 
әдебиетімізде.  Сол  санаулының  бірі  –  Рымғали  Нұрғалиұлы! 
Санаулы сыншы еңбектерінің ерекшелігі – олар беделге қарай 
қойған жоқ, әдебиеттің тарихы мен теориясына тереңдеп бара 
білді, мақалаларында теориялық пайымдау мен сыншыл талдау 
жарыса жарасым тауып жатты. Айтылмыш ұнамды қасиеттер 
тұстастарының бірінде бастала беріп үзілді, екіншісінде жар-
ты  жолда  сарқылды,  үшіншісі  жанр  алмастырып  кетті.  Егіз 
қасиетті  берік  сақтап,  сүбелі  еңбекке  ұластыра  жеміс  бергені 
– Рымғали Нұрғалиұлы!
Алпысыншы  жылдардан  бүгінге  дейін  Рымғали  қаламы-
нан  «Талант  тағдыры»,  «Трагедия  табиғаты»,  «Өнер  алды 
қызыл тіл», «Күретамыр», «Драматургия поэтикасы» секіл - 
ді  сын,  ғылыми-зерттеу  еңбектері  туды.  Енді  міне  «Айдын» 
мен «Телағыс»… Сөз саптау мәдениеті соныға тартқан соңғы 
екі  монография  өзіне  дейінгі  еңбектердің  өңделіп,  толыққан, 
қайта  қаралған,  жаңаша  түлеген  ақтық  нұсқалары.  Инкуба-
тордан  шыққандай  ұқсас  кітап  жазу,  жазғанын  қайталай  ба-
стыру мұрат емес, салғырттыққа бой алдырып, ағыннан ажы-
рай алмай тоқырауға түсіп бара жатқан оқушыны ойландыру, 
көпшілік  көңілінен  орын  тебу  –  мұрат.  Жеке-дара  шыққан 
кез дерінде  Б.Кенжебаев,  Т.Нұртазин,  М.Ғабдуллин  секілді  ірі 
ғалымдар ілтипатына ілінген Рымғали Нұрғалиұлы кітаптары 
оқушы таным-білімін арттырған, оқушы сеніміне ие болған ең- 
бектер! Оның зерттеу еңбектері қазіргі қазақ әдебиетінің жай-
ын  тамыршыдай  тап  басар  білімділігімен,  дүниежүзі  әдебие-
ті  мысалдарында  салыстыра  қарастырар  жүйріктігімен,  жете 
талдар сыншыл ой тереңімен, стиль сұлулығымен өзгелерден 
оқшау,  шоқтықты  тұрады.  Өзін-өзі  жақтау,  қаламынан  шық-
қа нының  бәрін  жақсы  көру  –  қазақ  әдебиетінде  бар  індет. 
Ойы күнеске тартқан өрелі парасат иесі істер кәсіп емес бұл. 
Өзі  негізін  қаласқан  формализм  мектебінің  теориясын  кейін 
Виктор  Шкловскийдің  өзі  тас-талқан  етіп  сынады.  Міне,  рух 
мықтылығы.  Қос  монография  тұсында  Рымғали  Нұрғалиұлы 
да  бұрын  пәнәйі  себеппен  негізсіз  мақталған,  эстетикалық 
категориялардың  аты  аталғанымен,  талдауға  ұласпайтын  сәт-
терді қатты қысқартып, түбірімен жаңаша қарастырыпты. Ен-
дігі өлшем – автордың абырой-беделі емес, шығарманың шын 
болмысы.  Еңбекті  оқып,  оны  жазған  ғалымның  қандай  көңіл 
күйде отырғанын анық аңғарасың. Сүйеп салды сұлық сөйлеу 
емес, жанымен күйініп, сүйініп айту бар еңбектерде.
«Қазақ  драматургиясының  жанр  жүйесі»,  «Эстетические  
искания казахской драматургии», «Монография» – деп әрқилы 
аталатын  «Айдынның»  табан  тіреп  қарастырар  проблемасы  – 
қазақ драматургиясы. «Трагедия», «Комедия», «Драма» атала - 

496
497
тын  үш  бөлімге  жүйелене  жазылған  еңбекте  жанр  шарты  сәт 
сайын алдыңда тұрады. Ол зерттеушінің өзі де жүгінетін, өзгені  
де  жүгіндіретін,  бағдар  анықтайтын  темірқазығы  іспетті.  Бұл  
райда  біз  теоретик  ғалымды  табамыз.  Сол  бөлімдер  іштей 
«Эпикалық  трагедия»,  «Тарихи  трагедия»  (Трагедия),  «Сати-
ралық комедия», «Лирикалық комедия» (Комедия), «Қаһарман-
дық  драма»,  «Саяси-әлеуметтік  драма»,  «Ғұмырнамалық  дра - 
ма»  (Драма)  –  дегендей  саралана  жөнелер  тұста  шығарма 
табиғатын қапысыз бақылайтын білгір сыншымен кездесеміз. 
Теориялық ой мен практикалық талдаудың құп жарасымынан 
туған  «Айдынның»  қай  бөлім,  қайсы  тарауы  да  оқушысын 
бейтарап  қалдырмайды.  Драматургия  жанрының  қазақ  то пы-
рағындағы  жай-күйі  –  тарихы,  табиғаты,  қалыптасуы,  өркен-
деуі  –  жүйелене  талданып,  тарата  баяндалатын  монография - 
ның оқушысына берері мол.
«Айдының» атап қарастырары қазақ драматургиясы болса, 
«Телағыс»  әлденеше  жанр  үлгілерінің  мәселесіне  баратын 
зерттеу.  Қарастырылар  мәселенің  басымы  проза,  драматургия 
мен  сынның  кейбір  проблемасы,  аударма,  поэзия…  баршасы 
да бар «Телағыста». Автор ерекшелігі – осы көп жанрлы зерт-
теуді  беталды  бытыратпай  эстетикалық  категорияның  бірі  – 
әдеби  дәстүр  мен  әдеби  даму  проблемасы  көзімен  қарап,  сол 
проблема  өзегімен  жинақтап,  біртұтас  дүниеге  айналдырған. 
Бұл – зерттеуші ғалымның құлашын кең жаюы. Эстетикалық 
ой  тарихына  баруы,  теориялық  еңбектердегі  тұжырымдарды 
үзіп-үзіп айтып, өз қатынасын білдіріп отыруы – зерртеушілік 
машық, әрі автор мүмкіндігінің аясы. «Әдеби дәстүр», «Әдеби 
байланыс»,  «Әдеби  шығарма»,  «Әдеби  тұлға»,  «Әдеби  қоз-
 
ғалыс» – «Телағыс» тараулары. Ғалымның тынысы кең ойлары, 
өз  мүмкіндігін  еркін  танытқан  сәттері  –  «Әдеби  дәстүр», 
«Әдеби байланыс», жарылай «Әдеби шығарма» проблемаларын 
қарастырған  мезеттер.  «Әдеби  шығарма»  тарауы  жарысынан 
ауа  бере  тақымға  толмайтын,  ірі  әдеби  проблеманы  шешуде 
мұрындық  бола  алмайтын  шығармаларды  бірінен  соң  бірін 
тізбектей талдауға айналады. Тұтастай алғанда қызықты қию-
ласып,  сүймен  салсаң  ажырамастай  тұтасқандай  көрінетін 
«Әдеби  тұлға»  тарауында  бізге  ерекше  ұнаған  материалдар 
– Мұхтар Әуезов мұрасына арналған толғаныс пен «Қилы за-
ман»  повесі  жайлы  мақаланы  қалай  жазғандығы  жөніндегі 
мемуар лық  сипаттағы  эссе.  С.Бегалин  мұрасын  аяқталған 
шығармашылық  тағдыр  ретінде  қарастыру,  Ә.Тәжібаев  әдеби 
қызметін  жаңаша  сөйлету  –  автор  оңтайы  еді.  Ш.Әбенов, 
С.Қирабаев, Қ.Ыдырысов жөнінде кеңірек сөйлеуге мүмкіндігі 
бар  еді  туындыгердің.  Тарау  материалдарының  орналасуы  да 
біркелкілік  танытпайды.  «Әдеби  қозғалыс»  –  қызына  айтқан 
қызықты пікірлер куәсі. Әдеби жыл қорытындысында жасаған 
баяндамадан бас құраған материал «Соңғы сөз» – өз міндетін 
атқарып тұрған жоқ. Бұл мақаланы әр тарауға таратып қоя бер-
генде, түрлі теориялық пайымдауларға тиек болғандай екен.
Жеке-жеке  қысқа  тоқталып  өткен  еңбектерді  жинақтай 
айтқанда автордың қандай ерекшеліктерін аңғарамыз?
Рымғали Нұрғалиұлы еңбектері, біріншіден, күрделі проб-
лемаға құрылады. «Айдынның» қазақ драматургиясы жанрлық 
табиғатына  құрылуы,  «Телағыстың»  әдеби  дәстүр  мен  әдеби 
даму  проблемасына  арналуы  –  пікіріміздің  айғағы.  Әдеби 
процесті зерттеуде қазақ әдебиеттану ғылымында белең алып 
отырған  бір  кемшілік  бар.  Ол  –  ғалым-сыншыларымыздың 
не  бірыңғай  теорияға  бой  ұруы,  не  теориялық  пайымдаусыз 
жалаң  талдауға  ден  қоюшылық.  Р.Нұрғалиұлы  еңбектерінің 
екінші ерекшелігі – теориялық ой мен практикалық талдауды 
тең  ұстап,  жарыстыра  қатар  пайдаланатындығы.  Бұл  мінез 
«Айдынға»  тұтастай,  «Телағысқа»  ішінара  тән.  Неге  десеңіз, 
«Телағыста»  теориялық  проблема  жоспарлы  жүргізілгенімен, 
талдауға келгенде ғалымның әр кезде жазған мақала, жасаған 
баяндамаларының басын иіп келтіруге тырысушылығы – тепе-
теңдік,  өзара  сабақтастыққа  зиянын  тигізген.  Үшіншіден,  ға-
лым талдауы жанрлық, текстологиялық, стильдік өреде жүзеге 
асады.  Жанрлық  талдау  «Айдынның»  бүкіл  болмысына  тән. 
Ол тіпті кітаптың композициялық бітімін де анықтап тұр. Тек-
с тологиялық  салыстыру,  дәттету  –  «Айдынның»  «Трагедия» 
бөліміне,  «Телағыстың»  «Әдеби  байланыс»  тарауларына  өте-
мөте тән. Бұл ретте ғалым жазушы шеберханасына дейін еркін 
еніп барады. Стильдік ізденістерді бақылау – Рекеңнің шағын 
мақаладан  үлкен  монографияға  дейін  қатты  қадағалайтын 
сыншылық дағдысы десе болғандай. Төртіншіден, өзгеге қояр 
талабын  алдымен  өзі  алдына  ұстайтындай,  стильдік  мәнер-
машығы бөлек. Ғалым-сыншы ретінде Рекең қазақ әдебиеттану 
ғылымындағы  дәстүрді  қанағат  тұтпай,  орыс  әдебиетшілері 

498
499
қаламын,  ертелі-кеш  өмір  сүрген  филологиялық  мектеп  үлгі-
лерін есте ұстайды. Абай поэзиясы тіл өрнегі М.Әуезовті қа-
наттандырған  деп  жүрміз  ғой.  Сол  секілді,  драматургиядағы  
ин версиялық  стиль,  диалогтағы  мінез,  М.Әуезовтің  шабытты 
ақпа-төкпе  стилінің  Р.Нұрғалиұлы  зерттеулеріне  тигізген  ша-
рапаты мол. Тілді жазу, түйіп айтса да – түйдекті ой айту, ас-
тарлай,  ишаралап  сынау  –  Рымғали  сыншының  мәнер-ма шы-
ғы.
Әрқайсысы мол-мол жүк көтерген қос монографиядағы сан-
алуан пікір, пайымдау, талдауға толайым қызығып, сұқтанып, 
риза болып қолдап отырасың. Тіпті осы қалай дерлік сәттерде 
де ғалым пікірі – өзіндік пайымдау ретінде өмір сүруге тиісті 
екендігін  сезінесің.  Осы  қалай  деп  ойланарлық  сәттер  қос 
монографияда көп пе? Әйтсе де бар. Мәселен, сыншы еңбегі 
ерекшелігі  –  «…суреткерлік  шеберлік»  («Телағыс»  54-55-
беттер)  –  депті  ғалым.  Силлогизммен  ойлап,  ойын  талдауға 
құрып жазатын сыншы үшін «суреткерлік шеберліктің» ауылы 
алыс,  қажеті  де  шамалы  ғой.  Қабдікәрім  Ыдырысов  мұрасы 
жайлы  эссе  «жоғалған  пышақтың  сабы  алтын»  дегендей 
талдаусыз  сырт  бағалауға  құрылыпты.  Стилист  сыншы  «Көп 
жылдар бойы…» (242-бет) деп «көп» сөзімен көптік жалғауын 
қос  қатар  пайдаланады.  Кейде  фактыны  алдыңа  жайып  сал-
дым,  шешім  өзіңде  дегендей  сүйейсалды  пікір  айтушылық 
кездеседі. Мәселен «Телағыстың» 312-бетінде жазушы ағайын 
сын  мақалалар  жинағын  қайта-қайта  кітап  етіп  бастыратыны 
айтылады.  Автор  қолдай  ма,  жоқ  па?  Сыншы  үкімі  қайда? 
«Айдында»  баспа  тарапынан  жіберілген  әріп  қателері,  соның 
салдарынан  мағынасы  өзгерген  сөйлемдер  баршылық.  «Ұлы 
Отан  социалистік  революциясы»  (5-бет.  Бұл  қандай  револю­
ция?),  Ә.Тәжібаевтың  «Қазақ  драматургиясының  очеркі» 
(391-бет.)  (Аталған  еңбек  С.Ордалиевтікі).  Сілтемелердің  бірі 
орысша,  бірі  қазақша  беріледі.  Автор  бір  сөзінде  «Дүниеден 
қыршын  кеткенімен  комсомол  тарихында  үлкен  із  тастаған 
тамаша  азамат  –  Ғани  Мұратбаев  жайлы  шығарма  ту ды­
рудың қиындығы жоқ» («Айдын», 390-бет) депті. Себебін, «Ол 
публицистік мақалалар жазып, аударма жасаса да, өзі тура ­ 
лы, істеген қызметтері жөнінде мемуарлық ситпаттағы нәр­
селер қалдырып үлгермеген» (Сонда. 390-бет) – деп түсіндіреді 
ғалым. Әрине, бұл – Ғани Мұратбаев өмірі жайында шығарма 
жазудың қиын еместігін дәлелдеуде жеңіл де, жетімсіз аргумент. 
Әрқилы автор қаламынан шыққан көп-көп кітап тізімі берілген 
кіріспеде неге екенін қос томдық көп авторлы «Қазақ театрының 
тарихы» аталмайды. Айтылған кемшіліктер қай монографияның 
да бағасын түсіре алмайды.
Рымғали Нұрғалиұлы – әдебиеттану ғылымына қазақ тра-
гедиясын зерттеуші көптің бірі болып келіп еді, қазір оның бұл 
саладағы  еңбегі  қазақ  драматургиясы  поэтикасын  анықтауда 
жетекші  тенденцияға,  өзі  басты  зерттеушіге  айналып  отыр. 
Мұның  куәсі  –  «Айдын».  Қазақ  әдебиеттану  ғылымына 
М.Әуезов  тағдырын  зерделей  келген  Рымғали  Нұрғалиұлы 
қазір көп жанрлы қазақ әдебиетінің қай жанры жөнінде де ойлы, 
парасатты еңбек бере бастаған жан-жақты ғалым-сыншы. Бұл 
ойдың кепілі – «Телағыс».
Филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Рымғали 
Нұрғалиұлын  алдыңғы  толқынның  қайсысы  да  өзіне  шәкірт 
санауы табиғи құбылыс, бірақ мәселе, өзіне сенетін кейінгі буын 
жастардың оны ұстаз тұтуында. Рымағли Нұрғалиұлы – кейінгі 
буын  жас  әдебиетші,  сыншылар  ұстазы.  Үйелмелі-сүйелмелі 
өмірге  келген  «Айдын»  мен  «Телағыс»  ғалым-сыншының 
ширек  ғасырлық  қаламгерлік  жолының  жемісі,  тындырымды 
еңбек есебі.
23 наурыз 1986 ж.

500
501

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет