Үшінші ерлік, немесе Шәкәрім хикаясы
Ғалым кітапханасы. Аз да болса саз, мазмұнымен, сапасы-
мен айрықшаланатын кітапхана қаншама сырды бүгіп жа -
тыр ішіне. Әуел баста осы кітапханаға жиналып, сөреден кәделі
орын алған көне де сирек кездесетін кітаптардың біразы бұл
күнде шәкірттерінің қолында жүр. Ол мәселеге оралармыз.
Әзірге осы кітапханаға қатысты бір мөлтек сыр бар айтатын.
Ғалым кітапханасындағы әрбір кітаптың да шежіредей сыры
бар шығар-ау. Айталық, латын алфавитімен басылып шыққан
мына бір кітап. «А.С.Пушкин. «Таңдамалы шығармалар»,
Қ.Қ.Ә.Б., 1935 жыл. Жинаған, сөз басын жазған Кенжебайұлы
Бейсембай.»
Кітапты қолға алып, оқып қарай бастаймыз. Бейсекең
«Пушкин туралы» деп аталатын көлемді алғысөз жазыпты. Бір
ғажабы – мақала отызыншы жылдары жазды дейтіндей емес,
күні бүгін жазылғандай актуальды. Және бір ғажабы – сөз басы
ретінде жазылған бұл мақаласы ғалымның ешқандай кітабына
кірмепті. Алғысөз кім, не туралы? Әрине, Пушкин дәуірі және
оның әдеби мұрасы туралы. Сонымен бірге аудармашылар ту-
ралы да. Кімдер ол аудармашылар? Аудармашылар Абай, Мір-
жақып, Бернияз Күлеев, Шәкәрім, Аймауытұлы Жүсіпбек, Іли-
яс Жансүгірұлы. 1935 жылы ұлы ақын Пушкин жыр жинағы-
на қазақтың жоғарыда аты аталған ақындарының аудармасын
78
79
енгізу оңай ма еді? Басқаны қайдам, 1935 жылы Шәкәрім,
Міржақып, Бернияз, Жүсіпбек есімдерін еркін атау, олардың
мейлі төл туындысы, мейлі аудармасын еркін насихаттауға
жол тарыла түскен болатын. Әзірге біз тақырыбымызға орай
тек Шәкәрім Құдайбердиев пен Бейсембай Кенжебайұлы ара-
қатынасына ғана тоқталамыз. Шәкәрім есіміне қатысты Бей-
секең қандай рухани ерлік жасады?
Шәкәрім 1931 жылы 2 қазанда зұлымдықпен өлтірілді. Сол
сәттен бастап аяулы ақын аты аталмайтын халге түсті. Оған
саяси ауыр-ауыр жалалар жабылды. Мәйіті терең құдыққа
тасталғаны секілді оның аяулы есімі де түрлі жала, күйемен
тұмшаланды. Ақынның көзін көрген, сөзін естіген адамдардың
өзі оның атын атап, әдеби мұрасын әңгімелеуден сырттады.
Осының баршасы ғалымдардың зорлығы, уақыт-замананың
қор лығы еді. Міне, осындай қиын-қыстау сәтте Бейсембай Кен-
жебайұлы Пушкиннің қаза болғанына жүз жыл толуын желеу
етіп ақынның қазақ тілінде “Таңдамалы өлеңдер” жинағын
құрастырып шығарды. Көлемі шағын жыр жинағына кездейсоқ
аударманы емес, қазақтың сайдың тасындай ірі ақындарының
аударма өлеңдерін енгізді. Соның бірі – Шәкәрім аударған –
“Дубровский”. Жұрт күйесі жұғардай жан сауғалап қашып,
дұшпандары уақыттың қира-кезеңдігін пайдаланып Шәкәрім
төңірегінде үлкен саяси науқан ұйымдастырып жатқанда Бей-
секеңнің басына сор тілегендей сұранып-тіленіп Шәкәрімге
жұғысуы ерлік емей не? Шәкәрім аудармасын жинаққа жай
ғана енгізіп қойса мейлі-ау.
«…Абай мен Шәкәрім өздерінше аударған. Әсіресе Абай
тек идеясын, ұзынырғасын ғана алған…«Дубровский» орыс
шасында қара әңгіме. Шәкәрім оны өлеңмен аудар ған. Өлең
мен аударғанда сөзбесөз аудармай, мағынасын аударған. Бұл
жөнінде Шәкәрім мынаны жазады:
Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін
……………………………………………
Сүйтсе де кете қойман шетке басып
Айтамын алыстамай шын сапасын, –
дейді» /А.С.Пушкин. «Таңдамалы өлеңдер», ҚИХЛ, 1935, 18-
19-беттер/ – деп Абай мен Шәкәрімді өзара сабақтастырып,
олардың аударма принциптерін аша насихаттайды. Осының
өзі білген кісіге ол жылдары отпен ойнағандық қой. Ақ көз
белсенділер үшін Бейсекең басын істі қылуға таптырмас факті
ғой бұл! Кезінде құдай қаққан, тәңрі сақтаған екен, Бейсекеңді.
Енді бүгін біз бұл деректі Бейсекеңнің уақыт ығымен еспей,
саяси дауылдарға қарсы тұрып жасаған қайсар әрекетінің бірі
деп бағалаймыз. Ерлік айқаймен жасалмас. Қарсылықтың бәрі
қолға шоқпар ұстау емес. Ерлік – естелік, білімділік. Ерлік –
желбуаз қызыл сөз емес, нақты іс-әрекет. Ақкөз белсенділер
Шәкәрім есімін тарихтан өшіреміз деп айқай салып ұрандап
жүргенде, бір қауым ел олардан жасқанып жасып қалып жат-
қанда ғалымның мына қам-қаракеті жойқын ерлікке жатады.
Тағы бір жайды айта кетейік. Одан бері талай уақыт өтті.
Уақыт қателігін кәрі Тарих өзі жөндеді. Кезең қасіреті ке йін-
гі ұрпақ қуанышына орын берді. “Дубровский” – Бейсе кең
құрастырған жинақ арқылы Шәкәрім кітабына кірді. Зерт теу-
шілер Бесекеңнің «Дубровскийге» жасаған трактовкасын ай-
на-қатесіз қайталады бүгін. Бірақ, Бейсекең атынан емес, өз
аттарынан… Бұл дұрыс емес, әрине.
Дұшпандар ақын басын жұтқанмен де тынбады. Олар ақын
есімін тарихтан өшіреміз деп әрекеттенді. Жасыратын не бар,
олардың қанды шеңгел қарақшылық әрекеті күні кешеге дейін
көп жерлерден, үлкен орындардан қолдау тауып келді. Шәкә-
рім есімі уақытша шегінді. Ақын есімі шегінген сайын ғалым
бекінді. Өзінің негізгі ғылыми тақырыбын зерттеп жаза жүріп
қазақ әдебиеті тарихының орны үңірейген кетігін толтыруды
қос-қабат ойлай жүрді. Бұған екі мысал келтірсек жеткілікті.
Бірінші: Елуінші жылдары Қайым Мұхаметханов
«Абайдың ақындық айналасы /шәкірттері/» деген тақырыпта
кандидаттық диссертация жазып, ғылыми атақ қорғамақ
болыпты. Соған орай ғалым күнделігіне Абайдың шәкірттері
хақында тебірене, тепсіне, астарлай өз ойларын жазыпты.
«Абайдың маңында ешкім, ешқандай шәкірттері болмаған тұл
ұстаз десек, онымыз шындыққа, тарихқа қиянат, өрескел хата
болады. Өйткені, дұрысында өмірде Абайдың маңында түрлі
ақындар мен әншілер, әңгімешілер мен музыкашылар болған;
бәрі де Абайдан ақыл-кеңес алған, үйренген» – деген жолдардан
Бейсекеңнің іздеп отырғаны Шәкәрім екенін сезгендей бо-
ламыз. Демек, Бейсекең ол жылдары қазіргі белгілі ғалым Қа-
йым Мұхаметханов диссертациясын жақтау, қолдау арқылы да
Шәкәрімнің «мұтылған» деп өзі айтқандай ұмытыла жаздаған
шәкірттеріне шипа болуға тырысқанын көреміз…
80
81
Екінші: Алпысыншы жылдары өзінің сүйікті шәкіртінің
бірі Рымғали Нұрғалиевқа зорлағандай етіп, ол кезде жабық
жатқан “Әуезовтің ұлтшылдық туындылары” аталатын – тра-
гедияларын тақырып ретінде ұсынады. Қарсылығына қарамай,
келешек ырысты көздеп, шәкіртіне тақырыпты таңады. Тақы-
рыпты шәкіртіне зорлағандай етіп таңыпты, онда тұрған не бар?
Аталмыш тақырыпта «Еңлік-Кебек» міндетті түрде сөз бола-
ды. «Еңлік-Кебек» сөз болған жерде міндетті түрде Шәкәрім
қозғалады. Мұқаңның бетін ашушы, тұсауын кесуші райында
да Шәкәрім тақырыптан шетін қала алмайды. Бұл жайларды
аяулы ғалым айнымас, әзіз жүректі ұстаз сезбеді дейсіз бе?
Сезді. Сезсе, буыны қатып, топшысы бекімеген шәкіртіне обал
болар деп ойламады ма? Ойлады. Ғылым – тәуекел ісі. Бәрін
көру керек, бәріне көну керек.
Сезімтал шәкірттің безілдейтініндейі бар екен. «Трагедия
табиғаты» аталатын кітабын шығару бойында үстінен мойны -
на қылмысты істі қиып салған ашулы арыздар қаптады да кет -
ті. Шәкірттің көзі жасты. Ұстаздың көңілі қамығыңқы. Аспан-
ды қара бұлт торлаған осындай күндердің бірінде Бейсекеңнің
үйінде Шәкәрімнің соңына шырақ алып түскен Әбзәли Қа ра-
сартов отырды. Аз-кем әңгімеден кейін шәкірт бала Рымғали
Нұрғалиев шақырылды. Шырылдаған шәкірт баланы көргенде
діні қатты Қарасартов та жібіді. Бейсекең шәкіртін қорғап,
сол арқылы Шәкәрімді қорғап Қарасартовқа костюм-шалбар
кигізіп, жолына қаражат беріп шығарып салды.
Бұл – ғылым жолының қаншалық ауырлығының айғағы.
Бұл – шәкәрімтану жолының қаншалық қиын болғандығы-
ның көрінісі.
Бұл – шәкірт талантын тасқа шауып кетілдірмей, көзін
тауып тасқа салып жетілдіретін ұстаз мінезі.
Бұл – шын шәкіртін әкесіндей, анасындай қорғайтын
шынайы ұстаздық үлгісі еді.
Қалай дегенде де Бейсекеңнің Қарасартовпен Кереку
таныстығының бір пайдасы тиген еді.
Шәкәрім Құдайбердиевтің ақталғанын аяулы ғалым көр-
меді. Қайырымсыз уақыт айтқызбаған талай ойлар іште кетті-
ау, шіркін.
Шәкәрім хикаясы осылай шертіледі. Ғалымның рухани бір
ерлігі осылай өнеге шашады.
Төртінші ерлік,
немесе «едіге батыр» жыры туралы
Тарих соқпағында халыққа жасалған қысымның табы көп-
теген адамның тағдырында жатыр. Ол жылдары қарғыс таң-
басы әсіресе елім деп еңіреген ерлерге, халықтың рухани же-
текшілеріне, парасат иелеріне айрықша қатты басылғанын
бүгіндері айқын сезіп отырмыз. Қайырымсыз уақыттың қара
дауылы илемеген, иілдірмеген жан ол жылдары некен-саяқ еді.
Қайырымсыз уақыт қасіретіне ол жылдары адамдар ғана
емес, адам баласы оқып, санасына сәуле түсірер, рухтанар-
әруақтанар рухани игіліктер – жекелеген шығармалар да тап
болды. Бұған басқаны былай қойып, әуел баста қарғыстың
қара таңбасы қатты басылғаны сонша, бертінге дейін аяқ-
талмаған «Едіге батыр» жырын айтсақ та жеткілікті. Орыс
самодержавиесі мен орыс халқы аралығына теңдік белгісін
қою секілді қате қағиданың кесір-кесепатынан кезінде жабы-
лып қалған бұл жыр жөнінде одақтық, республикалық баспасөз
беттерінде соңғы кезде әңгіме көтеріле бастады. Мәселен, «Из-
вестия» газетінің 1989 жылғы шілденің 24-індегі 175-номерінде
жарияланған атақты тюрколог, тарих ғылымының докторы Лев
Гумилевтің «Адамгершілік бәрінен асқақ» аталатын сұхбатын -
да «Едіге батыр» жыры жөнінде ізгілікті көзқарас, жаңаша пай-
ымдау бар. Аталмыш жырдың нақақ күйгені жөнінде көрнекті
қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы ұлттық Ғылым ака де-
миясының корреспондент-мүшесі Рахманқұл Бердібаев та «Со-
циалистік Қазақстан» газетінің 1989 жылғы шілденің 6-нда-
ғы номерінде жарияланған «Жаңару рухымен» аталатын сұх-
батында естір құлаққа жетерліктей жетелі сөз айтты. Жас
ғалым Едіге Мағауин жырды арнайы зерттей бастады. Бұл
– жыр тағдырына байланысты мәселенің бүгінгі көрінісі. Ал
кеше ше?
Кеше – жыр жөнінде қаһарлы қаулы шығар тұста, қаулы
шыққан соң да біздің ғалымдарымыз қандай қаракет үстінде
болды?
Қашан да саясаттың қолы ұзын. Саясаттың құрығы да
ұзын. Әділет, әділдік деген асыл ұғымдарды аяққа таптаудың
неше түрлі амал-айласын әкімшілік-әміршілдік әдіс басшы-
лары білетін. Олар халық аяулысына қара күйе жағатын
белсенділерді сол халық арасынан оп-оңай таба қоятын. Әке
82
83
мен баланы жауластырған уақыт үшін бір жүріп, бір тұрған,
жарты тілім қара нанды бөле-жара жеген қиыспас достарды
бір-біріне дұшпан, бірінің ісіне бірін куәгер ете қою ол жылда-
ры оншалық қиынға түспеді. Қырқыншы жылдары «Едіге ба-
тыр» жырының басына да қаралы күн туып келе жатты. Халық
тағдырын бір уыс қылып қалтасына салып алған «көсемдердің»
аузының қалай қисаярын аңғарғыш, қазақ батырлар жыры-
нан диссертация қорғап ғалым атанған кейбір азаматтарымыз
«Едіге батыр» жырына да қара шоқпарын ала жүгірді. 1932-
33, 1937-38 жылдардың содырлы сойқанынан қатары селдірей
сиреп шыққан, қалғанының өзі қоянжүрек хал кешіп отырған
қазақ оқымыстылары арасында бұл жыр тағдырына ара тү-
сер лік қыранжүрек ғалымдар аз еді. «Халық жауы» аталатын
науқаннан аман қалған бірен-сарандары «Едігенің» басын
қор ғау былай тұрсын, өз бастарын зорға қорғап жүрді. Міне,
осындай қиын-қыстау кезеңде халық жырының тағдырын өз
тағдырынан жоғары қойып, нартәуекелмен белін буып, басын
бәйгеге тігіп, «Едіге батыр» жырының тағдырын қорғай саяси
додаға түскен азаматтың бірегейі отыз бес-отыз алты жастағы
журналист, кейін дүниеден көрнекті ғалым болып өткен аяулы
азамат – Бейсембай Кенжебайұлы.
Бейсекең қазақтың батырлық жырын, оның ішінде «Едіге
батырды» қорғап бірнеше дүркін мақала жазды. Сол үшін де
Бейсекеңді замандастары талай мәрте «өлтіріп» сынады. Табан-
ды ғалым Б.Кенжебайұлы тайсалмай «Едіге батыр жыры ту
ралы» аталатын жаңа мақаласын жазып, «Әдебиет және искус-
ство» журналында жариялады. Қайырымсыз уақыттың қайсар
ұланы жазған ойлы мақаланы журналдың редакциялық алқасы
«Пікір алысу ретінде басылып отыр» деген ескертпемен жари-
ялапты. Жап-жас журналист халық жыры үшін басын бәйгеге
тігіп жазған мақаланы жариялаудағы осы ескертпенің өзінен
уақыттың қатал желі есіп тұр. Батыл мақаладан редакциялық
алқаның сақтанатынын пайымдаймыз. Адам баласы өзге түгілі,
өзіне сенуден қалған осындай апас-қапас уақытта жанын аямай
«жантүршігерлік» мақала жазып жариялаған ғалым ерлігіне
тәнті боламыз.
«Әдебиет және искусство» журналының 1940 жылғы бірік -
кен 7-8 санында жарияланған ғалым мақаласын оқып шығып
қайран қалғанымызды бүгін жасыра алмаймыз. Қайран қал ма-
ғанда ше? Біз әдетте «Едіге батыр» жыры жабылып қалған, ол
жөнінде ойласу, пікір алысу енді-енді төбе көрсете бастады деп
ойлаймыз ғой. Бақсақ, табанды ғалым қырқыншы жылдардың
өзінде жолы болмай жүрген бұл халық жыры хақында толғай-
толғай мақала жазып, кенеулі ой айтып, жырдың халықтық си-
патын кемел ашыпты. Жырдың тарихилығы, халықтық сипаты,
зерттелу жайын жүйрік әңгімелепті. Ғалымның талдау методо-
логиясы да жіті.
Мақала қырқыншы жылдары жазылған. Көзге елестетіп
көріңізші, ол жылдары қазақ фольклористері ауыз әдебиеті
нұс қаларына науқан ашып, бірлі-жарымын ғана қалдырып,
өз гесінің бәрін буржуазиялық эпос қатарында тізіп қойып қа-
ралаған кез ғой. Ал Москвадан қызмет бабымен Қазақстанға
жаңа ғана ауысып келген Бейсекең күйіп тұрған осындай әсіре
науқанға қарсы тұрып «Едіге батыр» жыры туралы аталған
осынау батыл да батыр мақаласын жазып жариялады. Нысанаға
батырлар жырының ішінен ең қатты сыналған, қарғыс таңба сы
қатты басылған «Едіге батыр» жырын ала отырып, сол саяси
науқанға өзінің ой-пікірімен қарсы тұрды. Қай уақытта да саяси
науқанға беріліңкірейтін қимас іні-досы М.Ғабдуллинді сынай
отырып, халық жырын ақтағысы келді. Алайда, ол жылдары
Бейсекең секілді халық мұрасын қастерлеушілер бірен-саран
еді де, науқанға көзді жұма кірісушілер көп еді. Көп көптігін
істеді…
Ізгілік қашанда сәби, қашанда аяулы. Ғалымның ізгі ойы
дер мерзімінде жүзеге аспады, сынға ұшырады, әзіз ойы үшін
басына әлденеше рет бұлт үйірілді. Дер мезгілінде дейміз-ау,
«Едіге батыр» жырының дауы ұзақ жылдарға созылды.
Әдетте біз ғылыми пікір тез ескіріп, ғылыми мақала тез
көнеріп қалатындай көреміз ғой. Алайда, ғалымның аталмыш
мақаласы күні бүгін жазылғандай әсер етеді. Шынын айтқанда
едігетану тап осы Бейсекең көтерген деңгейден тереңдеп те
кете алған жоқ. Мәселе – жырдың жеке басын дүркін-дүркін
күн тәртібіне көтеріп, оны ақтау деңгейінен әріге ұласпай жа-
тыр. Асылы, енді едігетануда тереңдеу, жан-жақты зерттеу қа-
жет-ақ. Ғалымның қырқыншы жылы жазылып жарық көрген
осынау мақаласының бізге ұғындырары да осы ой болса керек.
Ғалымның кезекті ерлігінің бірі, міне осындай!
84
85
бесінші ерлік,
немесе ханды арашалаған ҚАРА
Бірде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының
академик хатшысы, тарихшы Рамазан Сүлейменов /әдебиетші
ғалым Серік Негимов арқылы/ бізден Бейсекеңнің «Абылай»
/1941 ж/ аталатын кітапшасын сұратты. Сұрататын себебі кітап
қолданыстан алынып тасталған. Кітапханаларда пайдалануға
тыйым салынған. Беріп жібердік. Бірсыпыра уақыттан кейін
тарихшы ғалымның Абылай жөнінде зерттеу кітабы жарық
көрді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде Бейсембай Кен же-
байұлының кітабы аталмапты. Асығыстау қызынып Рамазан
Бимашұлына бардым. Ақы сұрамайтын қазақы сәлемнен соң
ашу шашыңқырап әңгіме айттым, кітапты қайтарып беруін та-
лап еттім.
– Кітабыңыз шығыпты. Құтты болсын. Бірақ Бейсекең кі-
табын пайдаланып, тізімде көрсетпепсіз. Кісілігіңізге рахмет!
Кітапты қайтарыңыз.
– Үйде еді. Ертең әкеліп берейін. Өзің отырып әңгіме
тыңдашы…
Ғалым әңгіме сабақтады. Мен тыңдадым.
– Сырт бітіміне қарасаң момын ғана адамның Абылай
хан жайында кітап жазуға күшжігерді қайдан тапқанына
қайранмын – дейді Рамазан Сүлейменов. – Қазір бәріміз де
Абылайшыл болып жатырмыз ғой. Соның өзінде қай мығамыз.
Ал, қырқыншы жылдары Абылай атын ататпайтын еді ғой.
Өзі баспаның бас редакторы болып тұрғасын кітап жазды,
жарыққа шығарды. Бірақ қалай айдалып, атылып кетпеген,
қалай аман қалды? – деп қайран қаламын. Бұл шағын кітап
қайтпас қайсарлықтың, үлкен парасат, қайталанбас ерліктің
куәсі.
Сен өкпелеме маған. Мен Бейсекең еңбегін кітабымда
пайдаланған едім. Пайдаланғанымды жасырмай, сілтемеде
көрсеткен едім. Амал қанша, кітап әлі ақталмапты. «Көр
сетуге рұқсат жоқ» деп алып тастады. Қазір уақыт жақсарып
келеді ғой. Кітабымды қазақша шығарсам деген ойым бар.
Аударуға жәрдем бер. Сонда бәріне көзің жетеді.»
Біз осы жайға бәтуаласып қоштасқан едік.
Ұлы хан – Абылай жайында Мұхтар Әуезов роман жазбақ
болған уақытында. Алайда, жазушы арманы жүзеге аспады.
Арман өлді. Қатал уақыт, соқыр саясат ұлы жазушы арманын
тұншықтырды, қиял қанатын қырықты. Өкінішті. Ал Бейсекең
кітапшасы шағын да болса ақар-шақар уақытта жарық көріп
үлгерді. Жарық көріп үлгергендіктен оқырманға хан кемелі –
Абылай жөнінде он-сан ой айтты, ойландырды. Оқырман ойы-
на ұлттық рух екті. Орыстанып қалғыған санаға қазақылық екті.
Партия өктемдігінен жұрт хан атаулыдан ат-тонын ала қашып
жатқан кезде жаңбырша жауып тұрған оқтың арасынан аман
өткен оқ қағары бар жауынгерлердей саяси саңлау сәтті пайда-
ланып Абылай хан жайында әңгіме маздатты. Шағын кітаптың
құнды, мәнді сәттеріне тоқталайық.
Б.Кенжебайұлы жазады: «Абылайдың тегі де, өзі де хан бо
лып өткен. Абылайдың өзі қазаққа қырық сегіз жыл хан болған.
Бұл жөнінде атақты Арыстан ақын былай дейді:
Қылады Мәкержеде байлар сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.
Сұрасаң Абылайдың туған жері
Хан болған қырық сегіз жыл Көкшетауда.
Осыған қарап, кейбір жолдастар Абылайдан аттонын
алып қашады: ол хан болған, хан деген ескішіл болады ғой
дейді».
Байқайсыз ба, ғалым мәселені сол кездің өзінде қалай
қояды? «Абылай» осындай мәселе қойысымен де құнды. Бұл
– кітаптың алғашқы жетістігі. Сұраумен ойды қозғап, жаңаша
жауапқа шақырып отыр. Жауабын тыңдайық: «…хан біткеннің
бәрі бірдей халықтың дұшпаны, хан біткеннің бәрі бірдей
ескішіл болмайды. Белгілі бір тарихи жағдайлардың арқасында
үстем тап уәкілдерінің, мысалы, би, бек, хан, патша, тағы
тағылардың жалпы халық жырын жырлайтыны, жалпы От
анды қорғайтыны болады».
Бұл – «Абылайдың» үлкен жетістігі. Кітаптың жетістігі –
автордың жетістігі. Алдында ғана «Билер дәуірінің әдебиеті»
– атағаны үшін Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» аталатын
кітабын жапқан. «Билер сөзін атап, қазақтың шешендік сөзде-
рін зерттегені үшін Әмина Мәмбетованың көрмеген құқайы
жоқ. Хан, бек, би атаулы қолданыстан алынып, әдебиеттерден
аласталған, құбыжық саналған уақытта Бейсекеңнің Абылайды
Отаншыл хан деп ақтау-жақтауы сұмдық үлкен кісілік, ажалы-
на асыққан баладай ерте айтылған сөз.
«Қазақтың қазақ хандығы тұсындағы кейбір хандары,
әсіресе Абылай хан… жалпы халықтың, елотанның мүддесін
86
87
көздеді, шет ел жаулап алушыларына қарсы, қазақ халқының
өз алдына ерікті ел болып тұруы жолында күресті» – дейді-ау
тағы. Тағы да батыр ойлы, батыл сөз! Әр сөзінің қатер туғызар
тар кезеңде, әр сөз, сөйлем сайын өршіп сөйлеуі кісіні қайран
қалдырады.
«Абылай ақылды адам болады. Бұл қазақ халқының ауыз
әдебиетіндегі материалдармен қатар көрші мемлекеттер
дің үкімет адамдарының айтқандарынан да байқалады» –
дейді және бір сәтте. Бір ғажабы – Б.Кенжебайұлы шағын ға-
на тарихи очерк кітабын көп-көп ізденіспен, тыңнан мол мә-
лімет пайдалана отырып, ой-концепциясын ресми, ғылыми
пі кірлермен тұздықтап, дәмдеп жазады. Бұл, бір ғажабы, өз
концепциясын дәлелдеу жолы болса, бір жағынан қорғаныс
жолы. А.Левшин, Н.Кошкин пікірлерін өте сәтті алады. «Абы
лай тәжірибесі, ақылайласы жағынан болсын, қол астындағы
халқының саны, күші жағынан болсын, сондайақ өзінің Ресей
патшалығымен, Қытайдың бөгде ханымен жүргізген тапқыр,
шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың
бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінәйім мінезді,
жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне
тарта, ерте білетін еді» – дейді. Бұл – түркі халықтары тари-
хына еңбегі мол сіңген А.Левшин толғамы.
«Қазақтың хандары мен сұлтандары, жағдайына қарай,
біресе Ресей патшалығына, біресе Қытай патшалығына уәде
беріп, саған бағыныштымыз деп жүрді. Асылында олар Ресей
патшалығына да, Қытай патшалығына да бағынбай, тәуелді
болмай, өз алдына болып, өзінше іс жүргізді». Бұл – Н.Кошкин
толғамы.
«Сүйтіп, өзінің де, өзгенің де күшін дұрыс бағалап, со ған
қарай өзінше саясат ұстауы, төңіректегі елдермен орынды
қарымқатынас жүргізуі арқасында Абылай қазақ хал қының
басын құрап, елдігін қайта орнатты. Сондықтан ақын:
Үш жүз боп, барғаннан соң тойын қылды,
Жан көрмеген әртүрлі ойын қылды.
Абылай өзі болып тұрғанында
Қай жердегі патша да мойын бұрды –
деп, Абылайдың Үш жүзді құрап, өз алдына ел еткенін, Абы
лаймен басқа ел патшаларының санасқанын суреттейді».
Бұл – Бейсембай Кенжебайұлының байламы.
Міне, Абылайханның толық тұлғасы.
Б.Кенжебайұлының бұл жазбасының жанры қандай? Бұл
жазба жанры – тарихи очерк. Тарихи еңбектерді, ел аңызын,
ертеде өмір сүрген ақын дастан, толғауларын ұтымды жым-
дастыра пайдалана отырып Абылайдай киелі хан тұлғасын
ол өмір сүрген келбетімен қамшы өріміндей өзектестіре өріп,
тұтастырып шығады.
Тарихи очерктің тағы бір сәтінде Бейсембай Кенжебайұлы:
«Абылайға дейін болсын, Абылайдың тұсында болсын қазақ
халқының арман еткені: 1/ өз алдына ерікті ел болып, өзін
өзі меңгеру, 2/ ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етіп,
шаруашылығын шалқыту, 3/ бір ауызды, ынтымақты болып,
Отанын, елдігін қорғау еді» – деп жазады.
Бұл – жинақтау сөз, қорытынды ойлар.
Ойлар тынысты алынып, тығыз, тұжырымды айтылуымен
де құнды шығар-ау. Сонымен бірге, осынау еңбектің өн бойынан
да, әмсе осы жинақтау ойлардан «қазір қайда сол ынтымағың,
қайда қазір сол еркіндігің?» – деген астарлы ойлар андыздап,
астарлы сұраулар жауап тілей қарап тұрғандай болатынын
қайтерсің.
1941 жылы 20 қарашада жазылып аяқталған еңбектен осын-
дай ойлар айтылып жатса – адуындылық, азулылық емес пе?!
Қай мәселеде де жадау-жалпы қырқыншы жылдары хан Абы-
лай жайында осындай батыл байламды тарихи очерк жазудың
өзі ерлік қой.
Бейсекең архивін ашып, жоспарына ден қойсақ, оның Едіге,
Абылай, Кенесары дегендей ұштаған тарихи очерк жазу ойын -
да болғанын аңғарамыз. Едіге жайында жазды, Абылай жайын-
да жазды, Кенесары жайында жазбақ болып Ташкент архивтері-
нен көптеген материал көшіріп, көп кітапты конспектілепті.
Өкініші – уақыттың ұйқы-тұйқылығынан ғалымның бұл арма-
ны орындалмады. Ойға алған істерінің бірі орындалмағаны -
мен, қалғанының орындалғанына шүкіршілік етеміз. Қарапа-
йым ғана еңбектердің бүгінге әруақтанып, айбарланып жететін
себебі олар уақытынан оза айтылды, озық айтылды.
Бейсекеңнің «Абылай» /1941ж/ аталатын кітабын қолға
алған сайын марқұм академик Рамазан Сүлейменовтің «Осын-
дай кітап шығарған адамның қалай айдалып, қалай атылып
кетпегеніне қайранмын» – деген үні құлағыма келеді…
88
89
Достарыңызбен бөлісу: |