аталатын
алғысөзінде әкім Әли Бектаев: «Бұл өңірден, өздері өмір сүрген
дәуірлерде түстеніп (?), түнеп өткен (?) Асанқайғы, Қорқыт
Ата ларды былай қойғанда, Түркістанда тұрып ғылым, білім,
өнер қуған Ахмет Иасауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақыр
ғани секілді ұлы ғұлама ақындар болған. Бергі ХІХХХ ға сыр
лардағы Шортанбай Қанайұлы, Мұсабек Байзақұлы, Саттар
Ерубаев, Зияш Қалауовалар қазақ әдебиетінің алғаш қы (?) даму
дәуірлеріндегі (?) зор ықпалды ақындар.», «Қаныбек Са рыбаев қо
ғамдағы кемшіліктер мен кереғар көзқарастарға қарсы атойлап
шапқанда, өлеңнің найзасын көкке шаншыған жауынгер ақын»
(?), «Қаныбектің халық ақыны (?) екендігіне граниттей кепілдік»
(?), «Менің түсінігімше (түсінігіңнен ай налайын?), Қаныбектей
ақын қазақта тым көп емес, ол осы ғасырдағы (?) адамдарға
әлі де көп әсерін тигізетін өлең пір лерінің (?) бірі»
(Қ.Сарыбаев
«Жүрегімнің алауы», Нұрлы әлем. 2008 ж. 3-4 бет)» – деп,
өзбекше айтқанда шарапқа «кәйіп» болып отырғандай лепіріп
жазады.
Түркістанның «кемеңгер әкімі» сөздің де бағасы, сөздің
де киесі барын парықтап жатпайды. Басқаны білмеймін, мына
ойқы-шойқы сөйлем Абайдың не өлі, не тірі екенін білмейтін,
бір кітапты бетін ашса ашқан шығар, аяғына жетіп оқымаған
адамның ұғымы! Қазақ әдебиетінің алғашқы даму дәуірлері
қайда, біреу қайда? Бағзы дәуірлерде Саттар Ерубаев, Зияш
Қалауова неғып жүр, көкем-ау? Өзі білмейтін қазақ әдебиетінің
бағзы дәуірлерінде Әли Бектаевтың не әкесінің құны бар екен?
Бұл нені көрсетеді? Бұл – алдымен әдебиетті сыйлағанды
жинап қойғанымызды, әдебиетке деген бір түйір құрметіміздің
қалмағанын көрсетеді. Қазақ мұны «көзінің еті өскендік» – деп
атайды. Екіншіден, әдебиет қадірін кетіріп отырған басқа емес,
– жергілікті жерлерде Президент өкілі саналатын, өздері кітап
оқымайтын, кітап түгілі күнделікті баспасөзді қарамайтын қы-
зық қуған әкімдер екенін, олардың қастерлі сөз қадірін кетіріп,
тұқымын тұздай құртып бара жатқанын көрсетеді. Үшіншіден,
аудан, қала әкімдері – өздерін Президент өкілі ретінде білімді,
биязы ұстамай – аудан, қалаға бөлінетін қаражатты өктемдік-
554
555
пен қолға уыстайтын, көргенінен көзақы сұрайтын сұрамсақ,
көзқаман әкімдердің жергілікті бұқара тірлігіне жөнді-жөн-
сіз араласып мәтіби болып отырғанын, олардың өздерін жер-
гілікті жердің дербес ханы ретінде ұстайтынының көрінісі!
Жоғарыда аталған «Оңтүстік Қазақстан» энциклопедиясының
ұйымдастырушысы да облыс идеологиясы тізгінін ұстап отыр-
ған – осы – Әли Бектаев мырза! Ондағы «кәкірлерді» тізіп жат-
пай-ақ, әзірге бір мысалмен шектелейін. «А.Кенжеев С.Мұқа
новтың «Қашқар қызы» спектакліндегі Шоқан ролінде»
(265
бет) – деп жазады. Оқып отырып «Сәбит Мұқанов жарықтық
режиссер болып кеткен бе?» – деп ойладым. Дұрысы – «А.Кен
жеев С.Мұқановтың «Қашқар қызы» пьесасы бойынша қойылған
спектакльде Шоқан ролінде»!
Сөз еріксіз драматургия, театр
тақырыбына ойысып барады. Айнаш Есали «Спектакльді корей
тіліне Ен Гын Цой аударған» («Қазақ драматургының пьеса-
сы», («Егемен Қазақстан» 6 мамыр, №№160(25557) 2009 ж.).
О заман да бұ заман спектакльді аударған адамды естігеніміз
осы.. Астапыралла! Мүмкін режиссер сценарийін аударған
болар?
Сәбит Мұқанов жарықтық сөз болып қалды ғой. Аталған
қазақ жазушысына қатысты және бір мысал келтіруге мәж-
бүрмін. «Сәбит Мұқановтың қызы(?) Мәриям апай(?) атам мен
анам туралы: «Әртістердің ішінде сөзге әуестіктері жоқ нағыз,
ең сыпайы өнер адамдары – осылар»
дегенді айтып отыратын».
(Қызжібек Бәкірдің «Төлеген мен Қыз Жібек» деп аталып
кеткен қазақтың халық әртістері Мүлік Сүртібаев пен Әйкен
Мұсабекқызы туралы сыр-сұхбаты. «Жас қазақ» газеті, №47-48
(316-317) 30.11.2007 ж).
Баяғыда Сәбит жарықтықтың «Өмір мектебін» өзбек тіліне
аударғысы келген Насыр Фазылов шығарма авторына хат жа-
зып аталмыш үш томдықты сұратады. Сол хатта «Жеңгей
өзбек қызы деседі ғой» – дейді. Сұраған үш томдығын буып-
түйген Сәбең «Әзірге әйелім қазақ қызы. Аты – Мәриям. Қазақ-
өзбек «ауыл аралас, қойы қоралас» халықпыз ғой, егер өзбек
ағайын бір қызын ұйғарса, ойланып көреміз дә» – деп әзілге
шаптырып хат жазып жіберген. Ғайыптан-тайып Сәбең тірі
болып Қызжібек Бәкірдің сыр-сұхбатын оқыса «Мәриям менің
қызым емес, жүретін қызым» – деп қалжыңдар ма еді, қайтер
еді?! Аңызға айналған Мәриям ананы Сәбеңнің жары ретінде
не есітіп білмеген, не оқып түймеген жорналист үшін жүзің
дуылдап ұяласың. Басқаша не істейсің? Оқымау, білмеу қазір
дәстүрге айналған заман...
Тұлға атарлық үлкен кісілердің әңгімесін тыңдау, естелігін
аузынан жазып алып, шындығын бұрмаламай, стильдік бір-
із ділікпен жариялау – кісілік мәдениеттің, қаламгерлік ұқып-
тылықтың көрінісі болса керек. Мұндай әдеттен мен де аман
емеспін. Алайда, бұл да абайлайтын, сақ болатын шауруа.
Кейіпкеріңнің айтпағанын айтты қылып, әйтпесе оның таби-
ғатына сыйымсыз одағай-содағай сөздерді тықпалап жатсақ –
ұяттың көкесі сол болмақ. Сыйлас аға Мамытбек Қалдыбаев
халқымыздың даңқты азаматы Бауыржан Момышұлын көбірек
сөйлетеді. Баукең айтқан кейбір сөздерде тиянақтылық жоқты-
ғын байқайсың. «Мен 1944 жылы барлық қолжазбамды, хат -
тар ды Қазақ ССР-і Ғылым академиясының мұражайына (?)
тапсырып, майданға қайта кеттім» («Ақылды хаттар», «Жас
алаш» №20, 11 науырыз 2009 ж) – дейді Баукең Мамытбекке.
Осындағы «мұражайға» көңілім сенбейді. Біріншіден, Бәукең
заманында «мұражай» айналымға енбеген сөз. Болмаған. Кейін
бір тапқышбектер тауып «музей» сөзінің орнына жұмсағысы
келіп үйірге қосқан болды. Үйірге қосылса бұйырмасын. «Му-
зей» – халықаралық қолданыстағы сөз. Оны тәржімалап не
ұтамыз? Екіншіден, мен осы сөзді Бәукең айтқанына күмән-
данамын. Неге? Өйткені, Баукең бар материалын неге «мұра-
жайға», яки музейге тапсырады? Ол кезде Қазақ ССР Ғылым
академиясында музей бола қойды ма екен? Дүдәмал. Мүмкін
Бәукеңнің айтып отырғаны тағы да сөзбілместер «мұрағат»
атап жүрген «архив» болар. Онда да бір жайды ескеру керек.
Академия бөлек те, архив бөлек. «Архив» деп дабырайтып ай-
тарлықтай Академияда ол жылдары орталық архив болмаса
керек. Ал, Академияға қарасты бір институттың архиві болса
бір сәрі. Баукеңнің сөзін кейінгі ұрпаққа жеткізу парыз. Бірақ
сол парызды әңгіме айтушы кейіпкерді шатастырмай, әңгіме-
сіне кісі иланатындай, көңілге қонымды етіп жеткізу пара-
саттылықты қажет етеді.
Тағы бірде ескерткіштерді тонап, қиратып бара жатқан
боль шевиктерге Лениннің тиымы Баукең аузымен былай бе-
ріледі: «Бейбастыққа (дұрысы «бейбастақтыққа» болар.) жол
берілмесін. Ескерткіштер, шіркеулер скульпторлық өнердің
жоғары туындылары, Россия тарихының құжаттары. Оларға
қол тигізуге болмайды» (Сол сұхбаттан). Оу, ағайын, ескерт-
кіштеріңді қайдам, «шіркеу» – сәулет өнерінің туындысы емес
556
557
пе?! «жоғары туындылары», «Россия тарихының құжат тары»
– секілді олақ сөз, сөйлемдер де «А, деп аузын ашса афоризм
атып кететін» Баукеңнің ауызша туындысына ұқса майды...
Оның үстіне В.И.Ленин жарықтық КСРО-дағы мешіт терді
жаптырып, шіркеуде жиналған алтын қорға қол салып жіберген
имансыз адам райында әшкереленеді бүгінде.
Тағы бір мысал келтірейін.
«– Менің тақырыбым «Ұлы Отан соғысы және қазақ әде-
биеті» болғандықтан, – деп бастады Баукең сөзін, – сол естен
кетпес сұрапыл күндердегі халқымыздың дүниеде теңдесі
жоқ қаһармандықтары мен ерліктеріне ерекше тоқталуыма
(?) құқым жоқ! Ұлы Отан соғысы бүкіл халқымыздың қаһар-
мандық мектебі болды. Бүкіл халық болып әділет үшін кү-
ресты. Олардың шындық жеңетіндігіне көздері жетті. Өз
Отанын, жерін, елін қасық қаны қалғанша қорғады. Жиырма
миллионнан астам ұл-қыздарымыз бостандық (?) үшін жанын
пида етті». (Әбдіғаппар Айтоқыұлы «Демеушім де, жебеушім
де Д.А. Қонаев»// Б. Әжібеков «Тұғырлы тұлғалар», Алматы –
2008 ж. 2009 бет.)
Осында меніңше екі жаңсақтық орын алған. Біріншіден,
Бауыржан Момышұлы майдандастарының теңдесі жоқ ер лік-
теріне «тоқталуыма» емес, «тоқталмауыма» құқым жоқ – десе
керек. Қисын солай! Екіншіден, естеліктегі елін қорғады, жерін
қорғады – деген сөздерді Баукең айтқанына күман жоқ. Ал,
«бостандық» үшін жанын пида етті деген сөз ол кезде айтыла
қоймайтын. Қисынға келмейді. Баукеңдей батыр ұлан қолымен
от көсейміз. Оны тұлғалаймыз деп оның аузына уақытқа
сыймайтын сөз саламыз. Бұл – естелік жанры үшін әдепсіздік
болып табылады.
Тағы да осы автор (Әбдіғаппар Айтоқыұлы. Қ.е.) былай
деп жазады:
« – Онда жаз! – деп бұйырды.
Баукең айтып отыр, мен жазып отырмын.
Өзім батыр, жазушы атағым бар,
Көп қатын алды деген шатағым бар,
Көк есек оттай берсін жайлауында,
Халқым бар баға берер, жанымды ұғар.
(Төртінші жолы Баукеңдікі бұлай емес еді, мен аздап өз-
герттім)» (Сонда. 208 бет).
Осы жолдарды оқып отырып біз халқымыздың батыр ұлы
Бауыржан Момышұлы жөнінде естелік айтып, оның тұлғасын
ірілендіреміз деп отырып абыройын төгіп жүрміз бе? – деп
ойлаймын.
Алдымен айтарымыз, Баукеңнің бұл өлеңі елге екі-үш
нұс қада танымал. Өзінің дербес тарихы бар. Баукең тағдыр
айдауымен әйгілі әртіс Шахан Мусиннің жары – Камашқа үй-
ленеді. Сол тұста екі қарт коммунист «Қазақ әдебиеті» газетіне
Баукеңнің бұл ісін сынап жазады. Орталық Комитет Баукеңнің
мәселесін қарайтын болады. Қазақстан Жазушылар Одағының
бірінші хатшысы атақты жазушымыз Ғабит Мүсірепов, «Қазақ
әдебиеті» газетінің Бас редакторы білімді азамат, тамаша ау-
дармашы, білікті ғалым Жұмағали Ысмағұлов. Баукең әлгі екі
хатты классик жазушымыз Ғабит Мүсірепов ұйымдастырды
деп ойлайды. Мына өлең сол тұста шыққан. Баукең Орталық
Комитетке ақталып жауап жазады. Бір данасын (көшірмесін)
өзі «Мені жазушылыққа әкелген ағам» деп есептейтін Сәбит
Мұқановқа жолдайды. Көшірме хаттың бетінде Ғабең туралы,
мақала авторлары туралы сөздің тура мағынасында «боғауыз
сөздер» жазылған. С. Мұқанов жарықтық , «Ох, эх, ты Бау
ырджан! Архивке!» – деп қол тартқан хат бетіне. Кейін
мақаланы ұйымдастыруға Ғабеңнің қатысы болмағанын біліп
Баукең кешірім сұрайды. Мына, өлеңсымақ Баукеңнің сол бір
ыстық-суықты қызба кермеге тап болған кезінде жазылған.
«Өлеңсымақ» деуімізде мән бар. Өлеңнің мен білетін нұсқасы
бұдан басқарақ. Онда Баукең «Өзім батыр» – деп мақтанбайды.
«Батыр, жазушы» – деген атағым бар» – дейді хабарлама тү-
рінде. «Көк есек оттай берсін жайлауында» – деген жол жоқ ол
өлеңде. Бұл да Баукеңнің бәсін асырмайтын арзан сөз. Айтоқы
айтып отырған төртінші жол тіпті басқаша. Ол – боғауыз
сөз. Оны өзгерткенін автор мойындап отыр. Ал, Баукең-
нің өлеңін өзгертуге Айтоқыұлына кім құқық берген? Бау-
кең бі реудің өз атынан өлең жазып беруіне зәру тұлға емес.
Баукең атынан өлең жазу қай әдепке сияды? Қысқасы, Баукең
жайында естелік жазушылар батырдың абыройын асыра алып
жүрген жоқ. Білмей жазады. Өзінше «өңдейді», «жөндейді»,
аузына арзан сөз салады. Сөйтіп Баукеңді пендешілік батпа-
ғына батырады.
Көзін көріп, сөзін әр жағдайда естігендіктен айтамыз,
Баукең айтып еді деген әңгімелерді бүгінге жеткізушілердің
мейлінше сақ болмағы мақұл. Баукеңдей дана адам, бір есеп-
558
559
тен трагедиялық тұлға – көңіл күйдің де адамы еді. Ол кісі
өзі туралы да, өзге туралы да түрлі жағдайға байланысты
асыра сөйлеп, артықтау айтып жіберуі де мүмкін болатын.
Ғ.Мүсірепов пен Баукең, Н.Оңдасынов пен Баукең, Баукең мен
М.Ғабдуллин, С.Мұқанов пен Баукең, Ә.Тәжібаев пен Баукең
арақатынастары әрқилы айтылып келеді. Ол әңгімелерді бү-
гінгі күнге жеткізушілер бір Бәукеңнің айтуында тыңдаушы-
лар. Олар кейбір мәселелерді шала-шарпы тыңдап, Баукең ай-
тып еді деп талдамай да талғамай бүгінгі оқырманға ұсынып
жүр. Өз басым осы кісілердің арақатынасын, араларындағы
артық-кем әңгімені екі жақты тыңдаған адаммын. «Қас біті-
реміз деп жүріп көз шығарып алмайық...» дегендей Баукеңді
мақтаймыз, оның даңқын асырамыз деп отырып, аңызға ай-
налған адамның бейнесін аласартып алмайық дегім келеді.
Мен Баукеңнің өзімен 1980 жылдың 20-шы қарашасынан
тартып 12 күн әңгімелесіп, «Қаһарман қаламгер» аталатын теле-
хабар жасағанмын. Телетаспамен бірге магнитофон лентасына
дауысын жазып отыруды құнттадым. Сол 12 күндік әңгімеден
«Жездем болған Бауыржан» аталатын деректі мемуарлық
дүние жазсам ба деп те ойлаймын. Оны уақыт көрсетер.
Сонда бір аңғарғаным қазақтың аса дарынды перзенті қиял
қанатында отырып, кейде «балбырап» отырып алдындағы
ағалары, өзі, тіпті жалғыз ұлы мен келіні туралы да артық
айтып жіберетініне куә болғанмын. Баукеңнің архивімен де
таныспын. Замандастарына жазған эпистолярлық дүниелерін
де оқыдым. Әдептен де, шындықтан да асып кетіп отыратыны
болады Баукеңнің. «Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен»
– деп Сәбит ағасы айтпақшы Бауыржан да ет пен сүйектен
жаралған адам. Артық айтып, кем түсушілік болатын ол кісіде
де. Батыр аңғал! Қызды-қыздымен «Арпалыстың» да, «Аңыз
бен ақиқаттың» да авторы МЕН-деп жіберетіні, «Наша семья»
мемуарын қазақ фольклоры байлығын молынан қосып еркін
де, тамылжыта «Ұшқан ұя» деген атпен қайта жазып шыққан
Тұтқабай Иманбековке «Шығарма авторы МЕН емес СЕН»
деп өз қолымен қолхат жазып беретіні болатын.Өз көзімізбен
оқыған едік. Артық кетіп, артынан баласынан кіші баладан
кешірім сұраған сәттері бар. Олардың кейбірі архивтерде.
Кейбірі баспасөзде кезінде төбе көрсетіп те қалған. Сәбеңе жаз -
ған хатында қарт коммунистерді сыпыра боқтап алып, «екі
Бауыржан бар: бірі аңызға айналған, бірі өмірдегі нақты адам.
Момышұлы туралы сөйлегенде осыны қатты ескеру керек
емес пе?» – деген өзі де. «Мені мақтаса да, жамандаса да, өте
көпіртіп айтады. Кейбіреулер мақтаймын деп, жамандағанын
білмей қалады» – деген сөзді айтқан да Бәукеңнің өзі. Бәукең
табиғатында әділ еді ғой. Өзінің артық кеткен, асыра сілтеген
жерін өзі бөлетін. Олай ету жазушы ағайынға тән табиғат. «Я
так много грешил в своей деятельности, – депті Брюсов 1904
жылы ғалым С.А.Венгеровке, өзінің өмірі туралы артықтау
«бөсіп» қойғанын байқап. – что теперь мое единственное
желание – как можно меньше выставлять свою личность на
показ, скрыть ее – в стихах за внешними образами, в статьях
за отвлечением мысли, в автобиографии за непререкаемыми
фактами» (Д.Максимовтың «Брюсов – критик» аталатын
алғысөзінен. М., Худ. Лит. 1987. т.П. С.8-9.)
Бәукең тура сөзге тұратын дәділ еді. 1980 жылдың 20-шы
қарашасы күні екеуара ұрысқа бергісіз керілдескен әңгіме
үстінде (әрине айқайлайтын Бәукең) «Еңбекші қазақ» (?)етіп
газет атын өзгерткен Тұрар Рысқұлов деп жеңсік бермей кеу-
деледі. Мен профессор Бейсембай Кенжебайұлынан есті ге-
нім бар, ол кезгі «Пушкин атындағы кітапханадан» – Сәуле
Ақынжанова арқылы оқығаным бар, Тұрар Рысқұлов газетте аз
ғана уақыт істеген, (ұмытпасам бір жарым ай ғана. Сол аз ғана
уақыттың ішінде Міржақып Дулатұлын қызметтен босатып жі-
берген) онда да Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінде
«Баспасөз» секторы меңгерушісі бола жүріп, редакторлықты
қоса атқарған. Газет атын өзгерткен Смағұл Садуақасов – дедім.
Басында көнбегендей болғанымен, ойланып қалды.
Өзі әділ де дәділ Баукең жайында өмірде туған інісіндей
сыйласқан журналист-жазушы К.Қазыбаев: «Ақырып та сөй
лейді, асырып та сөйлейді ол. Бірақ ар жағында зіл тұр майды,
нұр тұрады. Ұққаныңды білсе мәзмайрам, жайсаң. Қара қыл
ды қақ жаратын әділдікке қоса әрекеттегі жалғандыққа, жа
дағайлыққа төзбейтін айбаттылық та жеткілікті. Жымыс
қылатып, жыбырлатып шуда сүйреткен немесе орағытып от
тап кеткен сөзден гөрі жаны дік еткізіп, төбесінен түсіре айта
тын бір сөзді қалайды. Және солай сөйлеудің асқан шеберінің
өзі. Жазған шығармаларының афоризмге, философиялық ой ларға
неге толы екенін енді ұғына бастадық. Өзі сынды ойы құнды
адаммен ұзақ отырып әңгімелесуге әрқашан әзір, жалықпайды,
өзі де жалықтырмайды. Ондай әңгімелерден соң отты көздері
560
561
нұрланып, жайма шуақ жайдары күйге түседі. Сөзі де жұмса
рып, кеңкілдеп рахаттана күліп алады. Әңгіме бітсе де ақырын
ыңылға басып, жаңағы бір ләззатты әрі қарай өздігінен жал
ғастыра түскен кейпін байқайсың»
– деген. Өз басым осы имани
пікірге шүбәсіз иланады.
С.Ақтаевтың «Батырлығына бір пенденің таласы болма
ғанымен Бауыржан Момышұлы туралы алыпқашпа сөз көп.
Қайсысына сеніп, қайсысын серпіп тастауды білмей кейде дал
боласың».
(С.Ақтаев «Қос батырдың бауыры // Азамат еді
еңселі. Алматы. Білім-2007 ж. 71 бет.) – деген пікіріне де ден
қоюды сұранамын.
Айтқалы отырғаным: сөз жеткізуші жетелі болмай тұлға
айтқан әңгіме тағлымды сипат ала алмайды. Ең басты мәселе
Баукең айтқан әңгіменің санын көбейтеміз деп жүріп сапасын
аздырып аңызға айналған тұлғаға ақау түсіріп алмауды ойлау
керек қой.
Орайында керемет стилист орыс жазушысы, қазақ тақы-
рыбына да қатырып қалам тартқан, Ұлы Отан соғысы аталатын
әділетсіз, жексұрын соғыс жылдарында ығысып келіп М.О.Әу-
езовтің үйінде тұрған, содан да кесе-шәйнек сылдыраған шы-
ғар, әйтеуір Мәскеудегі Орталық Мемлекеттік Әдебиет пен өнер
архивінде сақталған эпистолярлық жазбаларында Мұқаңнан
тартып бірсыпыра қазақ жазушылары туралы қатқыл сөйлейтін
Константин Паустовскийдің Эдуард Багрицкий туралы айтқан
бір әңгімесі ойға оралады. «Можно заранее предупредить
биографов Эдуарда Багрицкого, что им придется хлебнуть много
горя, или, как говорят, «узнать, почем фунт лиха», потому что
биографию Багрицкого установить трудно.
Багрицкий столько рассказывал о себе удивительных не бы
лиц, они в конце концов так крепко срослись с его жизнью, что
порой невозможно распознать, где истина, а где легенда. Не
возможно восстановить правду, «одну только правду и ничего,
кроме правды»
(Избр. В 2-х т. Т.2. С.174) – деген еді К.Паус-
товский. Өмірде ағалы-інілідей бір-бірімен жақын болған
Сәбең мен Баукеңнің айтқан әңгімелері ғана емес, түрлі жағ-
дайға байланысты алуан адамдарға жазған хаттарының өзі
кейде бір-біріне қарама қайшы шығып жатуы әбден мүмкін.
Сондықтан олар айтты деген әңгімеде мейлінше абай болу
керек те, тұлғаларды бағалағанда әдеби туындыларына көбірек
назар аудару керек.
Сөзінен гөрі өзін көбірек сыйлайтын Қасым Әзімханов:
«Алайда, энциклопедиялық білімі бар (?), нағыз талантты
режиссер, ғұлама ұстаз болатын. Қазіргі атышулы (?) әртістердің
бәрі (?) сол кісінің шәкірттері еді ғой» – (Қ.Әзімханов «Ғибрат-
ты ғұмыр», А. Нұрлы әлем, 2006 ж.122 бет.) деп жазады Асқар
Тоқпанов туралы. Әрине, кейіпкер сөзі. Десек те Асқар Тоқпа-
нов өмірде Баукеңе жалаң еліктеймін деп беделін түсіріп алған
өнер адамы еді. Өзі жайында «Қазақтың тұңғыш режиссері-
мін» деп сөйлейтін марқұм. Ол аз болса «Абай» спектаклін
қойған режиссер өзара сұхбатта қыза-қыза келе М.Әуезовтей
даңғылға пьесаны спектакль ретінде қояр сәтте мен жазып
бергенмін... дегенге дейін жетіп қалушы еді. Бәрі де артық.
Тірідегі театр тарланы пікірі де артық, өлідей оның атына таңып
асыра сөйлеп жатуымыз да, бәрі-бәрі артық.
Қатар-құрбы азамат, жазушы Серік Жанәбіл «Оңтүстік
Қазақстан» газеті тілшісімен «Өзімді данышпан санаушы
едім...» («Оңтүстік Қазақстан» №22-23 (18632) 14.02.2009 ж)
атап, сұхбат жасапты. Қаламдас сөзіне құлақ түрелік «1992
жылы академик (?) Қасимановтың ұлы, режиссер Елжас Қа-
си манов телефильм жасады». Жарықтық Сәкең – Садық Қа-
симановты білуші едім. Жақсы этнограф болатын. Кезінде
«Қазақ халқының қолөнері» («Қазақстан» баспасы 1995 ж) ата-
латын жақсы еңбегі жарық көрген. Қазақтың ескі тұрмысын,
салт-дәстүрін жақсы білетін азамат еді. Біліп жазған, сүйіп
жаз ған кітаптың қашанда қадірлі болатын әдеті. Сәкең еңбегі
этнография саласындағы сәтті еңбектердің бірі санаймын. Бі-
рақ, бірақ осы «бірақ» қиын болып тұр. Қиын болатыны – Садық
Қасиманов «академик» емес еді. Академик атағына лайық білімі
жоқ деуден аулақпын. Бірақ, Сәкең «академик» атанбай-ақ, оны
ойына да алмай, ақырын жүріп, өзінің анық білімді еңбегін
жазды. Қазіргі «таяқ лақтырсаң академиктің» басына тиетін
заманға жете алмады. Жеткен күнде соған таласып жатпас еді
деп ойлаймын. Өйткені, Сәкең жарықтық еңбегін емген арлы
кісі болатын. Серік құрбы Елжастың әкесін байқамай, тіпті біл-
мей «академик» атандырып отыр. Осы оқыс пікір өз басымнан
кешкен бір әбестігіміді еске түсіреді. Ертеректе «Лениншіл
жас» газетіне «Жастар прозасы және ұлттық характер»
аталатын мақала жазғанмын. Мақалада бедел пікір керек бол-
ғанда «академик Н.К.Гей былай дейді» – деп жіберіппін.
Затында «Сөз өнері», өзге де бірсыпыра теориялық еңбектер
562
563
берген Н.К.Гей академик десе жарасатын білімді кісі. Бірақ
академик емес. Ал, менің мақаламда «академик» атанып кете
барды. Менің осы қателігімді кезінде білімді ғалым Бақытжан
Майтанов ескерте айтып жөндеді. Мақаламның кітаптық
нұсқасында «академик» сөзі алынып тасталды. Орынды сын
мініңді түзеуге септеседі. Жалған намысшылдық бұл араға
жүрмейді. Өз басымнан өткен жай. Өз кесімім.
Серік дос аталмыш сұхбатта тағы «Өткенде бір газеттен
Шерхан Мұртазаны алаштың азаматы дегенді оқып таң
қалдым. Шерханның алашқа қатысы қанша? Тұрар Рысқұлов,
Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің алаш
қа қатысы жоқ, партияның (?) сөзін сөйлегендер. Осы жағы
нан қателеспеуге тиіспіз»
Достарыңызбен бөлісу: |