Нәтижесін бағалау: асқазан жуындысы тазартылғанша жүргізіледі.
Ескерту: 1. Қолданылған ерітінділердің температурасы +20-+220болуы керек.
2.Шаюға арналған судың көлемі баланың жасына сай болуы керек:
1 жасқа дейін-100 мл/кг.
1 жастан жоғары-1 литр/жасына.
Инсулинді енгізу ережесі Мақсаты: баланы дәрігердің тағайындауымен емдеу, гипергликемиялық комадан шығару.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы, балада гипегликемияның анықталуы.
Кері көрсеткіші:гипогликемия.
Инсулинді енгізу ережесі:
инсулинді инсулин шприцімен енгізу керек
инсулинді қатал дозамен, тағайындалған уақытында енгізу қажет
1 шприцке ұзақ уақтылы және қысқа уақтылы әсер ететін инсулинді араластыруға болмайды
Енгізер алдында флаконды 25-300 С жылытып, жақсылап сілку керек.
инсулинді тері астына енгізу керек,
енгізу орнын 6-7 күнде 1 рет ауыстырып отыру қажет.
өңденген теріні кептіру
инсулин іштің алдыңғы бөлігінен тез сіңеді.
Ыстық ванналар, жылытқыш қою сіңуді тездетеді.
инсулинді енгізгеннен соң 15-20 минуттан соң пациентті тамақтандыру керек
инсулин бөлме температурасында болу керек, тоңазытқышта 4-60С-та сақталады.
Инсулин енгізетін орындар штрихпен белгіленген
Құлақ маңына жылытқыш компрессін қою Мақсаты:
Құлақтың, құлақ маңының қабыну процесін азайту және жою.