Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Нәтижені бағалау: өткізіліп жатқан әрекеттерден соң 20-30мин кейін дене қызуы.0,2-0,3градусқа түсуі керек



бет54/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Нәтижені бағалау: өткізіліп жатқан әрекеттерден соң 20-30мин кейін дене қызуы.0,2-0,3градусқа түсуі керек


Ескерту: ерте жастағы балаларға аспирин, цефекон ,балауыздар қолдануға болмайды

Судың көмегімен физикалық салқындату алгоритмі
Мақсаты: дене қызуын түсіру.
Көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:

  • Су 20-220С.

  • Губка

  • Сағат.

  • Лоток.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. 20-220С суды 2 лотокқа құйып аламыз

  5. Суға малынған губк ірі қан тамырлары орналасқан жерлерді сүрту: самай, ұйқы артериясының маңы, қолтық асты, тізе асты және шат қыртыстары.

  6. Губканы лотокқа тастау.

  7. Қолды жуу және құрғату.

  8. 20-30 минуттан кейін дене температурасын өлшеу.

Нәтижені бағалау: өткізіліп жатқан әрекеттерден соң 20-30мин кейін дене қызуы.0,2-0,3градусқа түсуі керек


Ескерту: 1. Сүртуді әр 10-15 минут сайын қайталап отыру қажет.
2. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдістеріне көшу керек.

Стенозды ларингит (жалған круп)
Стенозды ларингит-көмей тұсындағы тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс алу жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатын жедел ауру.
Даму механизмі:

  1. Дыбыс тесігі маңының тарылуы.

  2. Байланыс асты аймақтың ісінуі.

  3. Көмей қуысында қақырықтың жиналуы.

Клиникалық белгілері:

  • Дауыстың қарлығуы.

  • «ит үрген» тәріздес жөтел.

  • Тыныс тапшылық белгілері.

  • Бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет