Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет87/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Мұрынға тамшы тамызу
Мақсаты: Мұрын жолдарының қабыну процесін жою, өткізгіштігін жақсарту, мұрынжұтқыншақтан инфекцияның өтуінің алдын алу.
Көрсеткіші: риниттер
Кері көрсеткіштері: жоқ
Керекті құралдар:

  • Резеңке қолғап.

  • Дәрілік препараты.

  • Қауіпсіз пипетка.

  • Шиыршықталған мақта, шариктер.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен танысу (аты, жарамдық мерзімі).

  5. Мұрын жолдарын стерильды мақта шиыршықтарымен тазалау.

  6. Баланың басын аздап артқа шалқайту, тамшыны енгізетін жағына қаратып бұру.

  7. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын көтеру.

  8. Дәріні пипеткаға сорып алу.

  9. Төменгі мұрын жолына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек.

  10. Мұрынның қанатын мұрын қырына басу.

  11. Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамызу.

  12. Пипетканы дез.ерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

  13. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: 1. тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240)


1,5-3 айдағы балаларға арналған жаттығулар комплексі
Бұл жаттығулар балалардың шартсыз рефлекстеріне негізделген жалпы сипалау және белсенді қозғалыстардан құралған
1. Массаж- қолды, аяқты, арқаны, ішті сипалау (а,б,в,г).
2. Белсенді қозғалыстар- аяқтың басына, омыртқа жотасының жазылуына, рефлекторлы еңбектеуге бағытталған жаттығулар (д,е,ж).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет