Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, философ,
композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып,
орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды
көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық,
моральдық мәселелерін арқау еткен.
3 БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
3.1 А. Құнанбаевтың әлеуметтанулық көзқарастары
Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, әлеуметтік әділетсіздікпен күрескен, будда нормаларын өз дүниетанымдай қарастырды:
1. Өмірді өлтірме, қор қылма, сыйла;
2. Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз;
3. Армандықтан сақтан, әйелден аулақ бол;
4. Өтірік айтпа, шындықты айтуға қорықпа, бірақ ақиқатпен айт;
5. Жаныңнан өсек шығарма, біреудің айтқанын біреуге айтпа;
6. Ант ішпе;
7. Бос сөзге уақыт бөлме, орынды сөйле, әйтпесе үндеме;
8. Мақтан қума, күндеме, жақыныңның жақсылығына қуан;
9. Жүрегіңді ашудан тазарт, дұшпаныңды жек көрме;
10. Сенімсіздіктен құтыл, ақиқатты ұғуға тырыс.
Абайдың страта туралы ой-пікірлері
Қазақ қоғамының әлеуметтік таптық құрылымын қарастырып, оның байлар мен кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің
теңсіздіктен туындағанын, мүліктік теңсіздік бай мен кедей арасындағы алшақтығын қалыптастырып, әлеуметтік қарама-
қайшылыққа соқтыратынын түсіндіреді.
Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ыбырай (Ибраһим)
Алтынсарин (1841-1889) болды.
“Мақтубат”, “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің
бастауыш құралы” атты төл шығармалары – бүгінде қолға алынып, жарыққа шығып жатқан ұлттық
оқулықтарды қалыптастырудың үлгісі болатын құнды туындылар.
Достарыңызбен бөлісу: |