АВРЕЛИЙ АВГУСТИН (ШІРКЕУ ӘКЕЙІ)
(354-430 гг.)
“Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы»
Негізі идеялары:
Августин өзінің теологиялық шығармаларында Құдайды —
жоғарғы болмыс деп қарастырады. Құдай дүниені жоқтан
қажеттілікке байланысты емес, өз еркімен жаратты деп
есептейді.
– Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып
оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп
қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген
сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген
сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр.
ФОМА АКВИНСКИЙ (АКВИНАТ) (1225-1274)
≪Сумма теологии≫
≪Сумма против язычников≫
Негізгі идеялары:
-Мемлекеттік биліктің дербес, табиғи жолмен қалыптасуын
жақтады, оған діндарлардың араласуына қарсы шықты- «Сумма теологии» атты басты шығармасында табиғат
патшалығы мен байлық патшалығы шектелу құралына
айналды.
Фома Аквинский Құдай тұрмысының бес негізін ұсынды: 1)
қозғалыс қозғалыссыз бірінші қозғаушының бастауы; 2)
себептілік пен зерттеу тізбегі мәңгі болуы мүмкін емес –
яғни, бірінші себептілікті анықтау қажет; 3) өмірде
кездейсоқтық басты бола алмайды, қандайда бір қажеттілік
болуы қажет; 4) барлық заттар өз ерекшеліктерімен
өзгешеленеді, бірақ бәрінен жоғарғы бір зат болуы қажет; 5)
өмірдегі жалпылық Құдайды бастау негізінде қарастырады.
1.4. Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-құқықтық ойлар Қайта өрлеу дәуірі – (XIV – XVIII ғғ.)
- ілімі:
- мемлекет қоғамдық келісімнің нәтижесі ретінде;
- құқықтық мемлекет туралы;
- азаматтық қоғам туралы;
- билік бөлінісі туралы;
- демократия туралы;
Төмендегідей әлеуметтік-саяси ағымдар қалыптасты:
- либерализм; консерватизм; социализм және т.б.