Сақтардың мәдениеті



Дата28.11.2023
өлшемі5,4 Mb.
#130946
Байланысты:
Сақтардың мәдениеті

  • САҚ МӘДЕНИЕТІ

Сақтар туралы жалпы мәлімет

  • Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.
  • Бұл халық өзін өзі сака, сақ деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 塞 — Sai, көне қытайша: *sək).
  • Оларды көне гректер скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған.
  • Сақтар мекендеген жерлер.
  • Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.

Сақ мәдениеті

  • Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

АҢ СТИЛІ

  • Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.з.д. 7 -6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдысаяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қаружараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, желдауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған

Сақтардың рәсімдері

  • Сақтардың (скиф) тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен шаруашылығы еуропалық және азиялық сақтарға (скиф) ортақ болды. «Қазақтарда елін қорғауға аттанған жауынгерлер сұқ саусағын құрбандыққа шалынған боз биенің қанына батырып, оны жалап тұрып ант берген. Бұл ғұрып жылқыны қасиетті санағаннан кейін туған ырым» — дейді З.Самашев. Ежелгі көшпенділердің бітімгершілік рәсімінде өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Геродоттың деректерінде сақтар (скиф) қанмен шарап араластырып, ыдысқа қылышты батырған соң, сол шарапты кезектесіп ұрттап ішкен. Мұндай көріністер ежелгі көшпенділердің құмыраларында бейнеленсе, ал орта ғасырда өмір сүрген қыпшақтар соғысқа аттанғанда бір-бірімен «қан бітімгершілік» ғұрпын жасаған. Көшпенділердің қоғамда өмір сүрген ортасына орай наным-сенімдеріне байланысты өткізілетін рұсімдер аздаған өзгерістерге ұшырап отырды. Соған қарамастан көшпенділер ғасырлар бойы дәстүрлі тұрмыс — тіршілігін сақтап қалды. Мұндай ғұрып қыпшақтарда XVIII ғасырға дейін балбал тастарға ойып бейнеленген. Қолына ыдыс ұстап бейнеленген жауынгер кейпіндегі балбал тастар Евразия аймағында орта ғасырда кеңінен тұрғызылған. Сондықтан ежелгі сақтардың (скиф) бітімгершілік салттарының көрінісін алтын пластиналар мен құмыралардан ғана емес тас ескерткіштерден де көреміз.

Сақтардың наным сенімдері

  • Сақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі негізгі наным-сенімдер, салт-дәстүрлер мал мен аспан денелеріне қатысты болған. Оларға тылсым бір күштің иесі көкке қатысты космогониялық таңбалар ежелгі жазу мен олардың қолөнері мен бейнелеу өнерінің негізін қалайды.
  • Аспан денелерімен ежелгі адамдардың өмірі өте тығыз байланысты болған. Аспандағы аққан жұлдыз көшпенділердің наным-сенімдерінде адам өмірінің сөнуін тұспалдайды деп сенген. Сақтардың (скиф) қорғандарынан табылған қола айналар күннің (солярлік) рәміздік ұғымын береді. Кейіннен бұл үрдіс басқа кезеңдерде де жалғасын тапты.

Сақтардың (скиф) массагет тайпалары

  • Массагеттер (сақтар) күнге табынған, сондықтан оларда күнге арнайы құрбандыққа жылқы шалу дәстүрі ғұрпы. Массагеттер туралы тарихи деректер парсылықтардың тасқа түсірген сына жазуларында кездеседі. Геродот, Ксенфонт массагеттерді қас жауынгер ретінде сипаттайды. Олар малшаруашылығымен қатар аң аулаумен айналысқан. Массагеттер бір әйелге ғана үйленген, егер олардың басқа әйелге көңілі түссе сол үйдің төбесіне найзасын қадап кететін салты болған. Массагеттерде иссендондықтар сияқты қайтыс болған адамның етін жеу ғұрпы болған. Олар аурудан қайтыс болған адамды ғана жерлейтін.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!

  • Орындаған:Исамиев Әмірғали,Қанатов Эльжан


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет