2019/2020 о.ж. 2-сыныптағы тәрбие жұмысының мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру.
Міндеттері:
Сыныпта денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
Оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
Табиғатты қорғауға,қоршаған ортаны бағалауға тәрбиелеу;
отбасын сынып жұмысының тәрбие жүйесіне араластыру.
Оқушы бойында рухани-адамгершілік тәрбие негізін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие арқылы жан сұлулығы мен мейірімділік қасиеттерін жетілдіру
Сыныптағы, мектепішілік,қоғамдық жұмыстарға жұмыстарға белсене қатысуға дағдыландыру.