2018/19 оқу жылында 1-сыныптағы жүргізілген тәрбие жұмыстарынан мәлімет
1-сыныпта барлығы 6 оқушы.
Оқу жылы басында сыныптың тәрбие жоспары құрылып, бекітіліп, жұмыс жоспарына сай тәрбие сағаттары, ашық тәрбие сағаты, сыныптан тыс шаралар оздырылды. Әр аптаның дүйсенбісі күні тәрбие сағаты оздырылып отырды.
ҚыркүйекҚазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағытында «Мен кішкентай патриотпын!» атты ашық тәрбие сағаты білім күніне арналып, ата-аналардың қатысуымен «Заряд алу»тренингі, «Төрттік әдісі»,«Қадағалау» әдісі, «Аяқталмаған сөйлем» әдісі, «Синквейн» әдісі, «Жұмыс столы» әдісі,«Өрмекші торы» әдісі, Рефлексия: «Шеринг» тәсілдері қолданылып өткізілді. ,Рухани – адамгершілік тәрбие- «Мен- әдепті баламын» Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты-«Денсаулық-өмір негізі» Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие- «Еңбек-қуаныш, жалқаулық-дерт» Ұлттық тәрбие- «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»тақырыптарындағы тәрбие сағаттарында сұрақ-жауап, ойын, тренингтер, шығармашылық тапсырмалар әдістері қамтылып өткізілді.
ҚазанОтбасы тәрбиесі «Әкем-ақылшым, Анам-қамқоршым», Көпмәдениетті, көркем-эстетикалық-«Интернеттің пайдасы мен зияны» тәрбие сағатында «Шаттық шеңбері», «Миға шабуыл»,«Фишбоун», топпен жұмыс, постер қорғау, «Екі жұлдыз бір тілек» әдістері қолданылып оздырылып, нәтижесінда фотомәлімет тапсырылыды.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты-«Тазалық - денсаулық кепілі», Рухани-адамгершілік мәдениет –«Тіршілік негізі-еңбек»атты сынып сағаттары әңгіме сағаты, ойын сабақ түрлерінде ұйымдастырылды.
ҚарашаҚазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие-«Менің құқықтарым»,Ұлттық тәрбие «Ұлттық ойынның үйретері көп»,Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие- «Толеранттық-жеке қасиет» Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие- «Тұңғыш Елбасы» атты тәрбие сағттары ұйымдастырылды. АББ-нің қатынас қағазына сай, 5-қарашада «Жарық бол!» атты тәрбие сағаты өткізіліп, мұнда рөлдік ойын,топтық тапсырмалар, жұмбақтар беріліп, өту нәтижесінен фотомәлімет тапсырылды.
Желтоқсан Рухани-адамгершілік мәдениет- «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»-өнеге сағаты, Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие -«Желтоқсан-Тәуелсіздіктің Ұлы рухы»-тағылым сағаты ұйымдастырылып, видеороликтер, слайдтар қолданылды. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие «Қыс қызығы тамаша!» тақырыбында шығармашылық көрме сағаты өткізіліп, оқушылардың қыс мезгілі туралы суреттері мен шығармалары талқыланды.