Іс-қимыл деталінің түрлері: Психологиялық деталь қызметі – кейіпкердің ішкі жан-дүниесін, оның
уайым-қайғысын білдіреді.
Характерологиялық деталь қызметі – кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқы
оның жеке тұлғасымен байланысты. Зерттеуші А.Ф.Лосев: «Дене – адам
жанының тірі сұлбасы. Мен бір қарағанда-ақ, алдымда тұрған адамның іс-
6
әрекеттерін айтпағанда, сөйлеу мәнері, көзінің қиығы, маңдайындағы
сызықтары, қолы мен аяғын қалай қойғаны, денесінің түсі, даусына қарап-ақ
қандай адам екенін танып, жаңылмай айта аламын» деген екен.