Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет49/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

 
3.1.3  Тарихи-мәдени  деталь  –  жүріс-тұрыс  тілі  елдің,  дәуірдің  мәдени 
фонымен  қалыптасады,  сол  арқылы  оның  нормалары  мен  дәстүрі  көрініс 
табады.  Жазушының  шығармасы  жүріс-тұрыс  нормасының  өзгеруі  мен  жаңа 
форманы  сақтап  қалады.  Ыбырай  Алтынсариннің  «Қыпшақ  Сейітқұл» 
новелласы ХІХ ғасырдың 30-жылдарында өмір сүрген ерен еңбек иесі Қыпшақ 
Сейітқұл  Мамановқа  арналған.  Новеллада  аз  ғана  үйлі  ауылын  бүтін  елге 
айналдырған  Қыпшақ  Сейітқұл  және  көшпелі  қазақ  елі  үшін  жаңалық  болып 
саналатын  егін шаруашылығы, Жердің пайдасы туралы жазылған. Сондықтан 
да  бұл  новелладан  тарихи-мәдени  детальдікездестіруіміз  әбден  заңды:  «Мына 
жақта  Үргеніш,  Қоқаннан,  мына  жақта  қалмақтан  шетірек  және  жаманшылық 
болса,  қалың  Қыпшақ  деген  руға  жақынырақ  екен  деп,  сол  жерді  ұнатып 
қайтқан  соң,  қысты  өткізіп,  жаздың  жылы  уақытында  кедейлерді  жалаңаш-
жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді» [41]. Қазақ жеріне қызығып, талай 
жаугершілікті  бастаған  дұшпандардан  іргесін  аулақ  салып,  отырықшылықты 
дамытып, онысын саудаға ұластырған ел мен ел арасында сауда-саттық қарым-
қатынасын  дамытқандығын  көреміз.  Жазушының  «Бай  баласы  мен  жарлы 
баласы»  туындысында  кездесетін  «Жоқ,  әкем:  үйрек,  қаз  адал  құстар, 
мұқтаждықта  құдайтағала  бұларды  адамға  алып,  тамақ  етуге  бұйырады,  бiрақ 
тiрiлей  байлап-матап  әуре  ету  обал  деп  айтушы  едi,  әуре  етпей  бауыздап 
алалық»  деген  Үсен  сөздерінен  асқа  адалдық  пен  сенім,  құдайды  мойындау 
пиғылы байқалады. Бұл – халық арасында діннің беті түзу екендігін білдіретін 
тарихи-мәдени деталь үлгісі бола алады.   
Қазақ  новеллистикасында  тарихи-мәдени  детальдың  көркем  үлгілерін  бере 
білген жазушы Б.Майлин екені талассыз. Оның жоғарыда сөз болған «Күлпаш» 
новелласында  қазақ  тарихындағы  қасіретті  кезең  –  ашаршылық  жайында  сөз 
болады.  Аштық  Күлпаштың  жағын  суалдырып,  жүзін  сарғайтып  адам 
қарағысыз  қылып  барып,  ақырында  ісікке  айналдырады.  Сонда  да  болса 
Күлпаш  бір  артық  сөз  айтып,  ешкімге  мұңын  шақпайды.  Осы  тұста  қазақтың 
қанына сіңген тағы бір қасиеті тереңдей ашылады. Ол  – шыдамдылық. Өзінен 
басқалардың  да  жағдайының  оңып  тұрмағанын  түсініп,  түйсініп,  басына 
түскенін  соңғы  қал-қадары  жеткенше  көтеріп  алуға  іштей  бекінеді.  Автордың 
тағы бір дәл байқағаны – қазақ әйелдерінің құдайға ерекше әлі келетіндігі. Іші 
қабысып, жүрегі қарайып, көзі бұлдырап, өлім сағатын күткендей ыпыны кетіп 
отырса  да  әлі  келетіні,  мұңын  шағатыны  –  бір  құдай:  «Құдай-ай,  не 
қылмысымыздан  бұл  күйге  түстік  екен»  деп  жылап  жіберді.  Бүртік-бүртік 
ыстық жас үстіндегі жарғақ тонның омырауынан сырғанай бастады» деген 
детальдан  аштықтан  әлі  құрыған  әйелдің  көзінің  жасын  сүртуге  де  қауқарсыз 


127 
 
екенін  байқау  қиын  емес.  Негізінде  Күлпаш  күйеуінің  сағын  сындырып, 
басқамен бақытты болуды көксеген адам емес, әуелде өзін айналдырып жүрген 
Раушанға  ырық  бермеді.  Бірақ,  екі-үш  ай  аштық  шеңгелін  қаттырақ  салып, 
ызғарын  төгіп,  бүрліктірген  соң,  тұрмысы  қиындап,  әсіресе,  баласының  тамақ 
сұрап жылағанына жаны төзбеген соң, Жұмағазыға тиюге келісім береді. Осы 
шешімге  келген  тұсында  автор  кейіпкерді  «уһ!»  деп  ауыр  күрсіндірген  дерт-
детальды енгізеді. Бұл – таза психологиялық деталь. Бұл күрсінудің астарында 
көп нәрсе жатыр. Бұл күрсіну – күн батардың алдында қатындардың от жағып, 
тамақ асатын қиын тұрмысын еске түсіргендіктен шығып отырған күрсіну емес, 
бұл  жүректі  қаптап  топтанып,  іші-бауырын  елжіретіп,  тұла  бойын  удай 
жайлаған қалың қасіреттің, ауыр дерттің ұшқыны еді.  
Март болып, боран басылып, күн шығып, жер ызғары қайта бастағанда ауыл 
сыртындағы  жіңішке  жолмен  аяңдай  басып,  сол  жақ  қойнындағы  етін  сипап-
сипап  келе  жатқан  Күлпашпен  бірге  біз  де  оның  соңынан  қуана  үмітпен 
ілесеміз. Өйткені, оның ойында байы мен баласын аштықтан құтқару ғана емес, 
Мақтым ренжімесе, ескі тұрмысқа қайта оралу да бар. Бірақ, Күлпаштың үміті 
ақталмайтындығын,  новелланың  соңы  біз  күткендей  емес,  мүлде  басқа 
жағдайда  аяқталатындығын  автор  мына  бір  деталь  арқылы  анық  аңғартады: 
«Күлпаш  үйіне  жетті.  Лапастың  есігіне  көзі  түсіп,  жүрегі  қалтырап 
тіксініңкіреді. Есіктің алды күртік қар, із дегеннен дым жоқ!» [97,85]. Әрі қарай 
«Күлпаш жүрегі лүпілдей соғып, жандәрмен қайраттанып, зорға дегенде есікті 
сықырлатып ашып, ішке кіргенде шын бақытсыздық күтіп тұр еді. Пеш түбінде 
ұйлығып,  бүк  түсіп  жатқан  әкелі-балалы  екеуін  көріп,  ұлын  сүйейін  деп 
ұмтылғанда көзі адырайып, аузы ашылып, тісі ақсиып жатқан Мақтымға түсіп, 
не болғанын өзі де білмей, өліп жатқан байы мен баласын құшақтай құлады». 
Бұл  детальдар  бақытсыз  отбасына  түскен  тағдыр  тауқыметінің  зіл  батпан 
ауырлығын, Күлпаш сорлының жаны езіліп, күйзелуін әсерлі сездіреді. Бұл бір 
ғана  кедей  үйінің  ауыр  трагедиясы  ретінде  суреттелгенімен,  бұдан  зорлыққа, 
қолдан  жасалған  қиянатқа    негізделген  өткен  дәуірдің  қатал  күйін  сезініп, 
халқымыздың шарасыз өксігін тану қиын емес. Новелланың басында сіңлісінің 
сөзіне  сеніп,  ұлы  мен  күйеуін  аштықтан  құтқару  үшін,  тамақ  үшін  күйеуге 
шыққан Күлпаш ақыр соңында ауыр трагедияға душар болып, аңырап жылап, 
өмір  бойы  өзіне  ең  ыстық,  аяулы  жандарымен  бірге  өліп  кетпегеніне  өкініп 
өтетін күйде қалды.   
Осы айтылған «Күлпаш» новелласымен «Әже» новелласының сюжеті ұқсас. 
Екі  новелланың  да  басты  кейіпкерлері  отбасы,  күйеуі,  бала-шағасын  тастап, 
тоқалдыққа келіседі. Екеуі де күйеулеріне ұнатып қосылады, тату-тәтті отбасы 
болады,  екеуінің  де  күйеуі  момын  болады.  Жастан  қосылғандықтан, 
араларында  көңіл  қаларлық  реніш  болмаған  Күлпаш  мұндай  әрекетке 
амалсыздан барса, Злиха желігіп, елеске ереді. Жеңгетайсымақтардың көпірген 
сөзіне  сеніп,  екеуі  де  байлыққа  күмп  етеміз  деген  оймен  «алтын  босағасын» 
тәрк  еткенімен,  құлшылықта  күндерін  өткізеді.  «Жау  жоқ  деме  жар  астында» 
дегендей,  екеуінің  де  бақытына  ор  қазып,  пұшайман  күйге  түсірген  өз 
туыстары:  Күлпаштың  сіңлісі  Раушан болса; Злиханың  бөлесі  Қоржынтай  еді. 


128 
 
Сағымға  ерген  ессіз  Злиханың  бесіктегі  емізулі  ұлы  мен  әлі  ес  тоқтатпаған 
кішкентай  қызын  мүсәпір  етіп  тастап  кеткенде,  жары  Сарымсақтың  сағы 
сынып,  кәріптік  күйге  түсіп  қатты  азаптанғанын  автор:  «сақалына  жабысқан 
көздің жасы сауыс болып қатып, ілгері басқан аяғы кейін кетіп, салбырап үйіне 
келді» [97,195] деген деталь арқылы береді. Шарасы таусылған, ертеңгі күннен 
үміті  үзілген  жанның  аянышты  халі  еді  бұл.  Өмірі  бетін  қақпаған  күйеуі  мен 
өзегін  жарып  шыққан  балапандарын  тастап,  сағым  қуып  кеткен  Злиханың 
тағдыры  да баянсыз  болды:  төрт  ай  Кәрібай  байдың  есігінде  жүргенде  көрген 
рақаты:  бәйбішеге  күң  атанып,  малайдың  жұмысын  істеді,  малдың  көңін 
тазалады,  бірде-бір  жылы  сөз  естімегені,  бәйбішенің  берген  азары  аздай,  екі 
күннің бірінде байдан таяқ жейді. Өмірінде естімеген сөзін естігенде сай сүйегі 
босап,  іші  өртеніп  күйіп  кете  жаздайды,  өткен  күні  көзден  бір-бір  ұшып, 
күрсінгенде жүрегі қақ айрылғандай болып, ұзаққа жарамады, жазылмас дертке 
шалдықты. Оның шарасыздығын, күні аз қалғандығын автор: «қамықты, бірақ 
көзінен жас шықпады, жүрегі елжіреп, ішін өртеп кетті» [97,198] деталімен аян 
етеді.  Қолмен  жасаған  ісіне  өкінген  бейшара  әйел  сезімінің  алабұртып,  іштей 
шиыршық  атуын,  өзінің  сорлы  әрі  баянсыз  тағдырына  жаны  езіліп,  күйзелуін 
әсерлі жеткізеді.  
Автордың «Айт күндері» новелласында:  
-  Құрбандық қабыл болсын! – дейді. 
-  Әмин, айтқаның келсін! – дейді шалдар. 
-  Неғып кеш қалып жатырсыңдар? 
-  Малдың табылғаны-ақ осы болды... шетінен ұстап соятын бұрынғы дәуір 
қайда? [97,86].  
Мұнан  кешегі  кеңес  заманында  тыйым  салынған  дәстүр  –  айт  күнінде 
құрбандық  шалу  дәстүрінің  ел  өмірінде  берік  орын  алғанын  көреміз.  Тіпті, 
«шетінен  ұстап  соятын  бұрынғы»  дәуірдің  өтіп  бара  жатқанына  деген  өкініш, 
күйініш де сезіледі.   
«Көшпелі  махаббат»  новелласында  Қалабай  аулына  алғаш  келгенінде 
Ыбырай  деген  досы  ауырып  жатқанда  кәрі  шешесі  мен  әйелі  Зейнеп  тірлігін 
құдайдан  сұрап,  зар  жылап  отырады.  Ыбырай  өлсе  жас  балдырған  Зейнеп  те 
бұл  дүниемен  қош  айтысатындай  азалы  күйде  болады.  Өйткені  Ыбырай  мен 
Зейнеп  екеуінің  арасындағы  махаббат,  сүйіспеншілік  ерекше  еді.  Автор  осы 
ауылға бір келгенінде Ыбырай өліп, көзінің жасы көл болып шешесі, жанынан 
артық  көретін  жары  қайғыдан  қара  жамылып,  жылағанда  көзінен  қан  тамып 
отырған жесірді көрсе, енді келгенінде новелланың заңдылығына орай күтпеген 
оқиға  орын  алады:  күйеуін  жоқтаған  Зейнеп  жоқ,  оның  ендігі  бақыты  қара 
баламен байланысты екенін автор мына бір деталь арқылы жеткізеді. «Кестелі 
жаулығы  аршын  жарымдай  қылып  салынған,  қатарлап  ораған  алтын  үш 
тұмаршадан көрінбейді, пүліш қамзолдың омырауы алқым бау, ілгекпен толған 
–  Зейнеп  келіп  төніп  тұр.  Қылмиып  күлді.  Екі  беті  қып-қызыл  нарттай. 
Ыбырайдың  тірісіндегіден  де  әдеміленген»  [97,107].  Автор  өте  шебер,  артық 
сөзге  салынбайды.  Ыбырай  өлген  соң  жүріс  жасап,  қылымсып,  өнер 
шығарғанын түсіндіріп айтып, баяндауға салынбайды. Әйелдің сыртқы келбеті 


129 
 
арқылы  новелланың  символдық  атауына  сай  табиғатының  да  баянсыздығын 
білдіреді.  Келесі  бір  «Қара  бала»  новелласында  да  Балғын  есімді  келіншектің 
қара  баламен  ойнас  жасаған  оқиғасы  беріледі.  Автор  екі  новелласында  да 
«қара» сөзін бекер алмаған сыңайлы, ақ төсек, ақ көңіл, ақ ниет деген ұғымға 
қарсы  «қара»  сөзін  әдейі  таңдап  алғандай.  Және  осы  бір  болып  жатқан 
бейбастықтық,  ұят  әрекеттерден  ең  алдымен  әйел  затын  кәнілайтындығы  да 
аңғарылады.  Қазақтың  «Буыршын  көзін  сүзбесе,  бұқа  бұйдасын  үзбейді» 
дегеніндей,  күйеуі  бар  әйелдің  көзі  күлімдеп,  қара  баланы  тесе  қарап,  арбап 
алғандығын  «жылы,  жұмсақ  қол  Қара  баланың  қолын  қысып,  күйдіріп  бара 
жатты.  Содан  былай  төсекке  қалай  жатқанын,  қалай  құшақтасқанын,  қалай 
сүйіскенін  –  Қара  бала  бірін  де  білген  жоқ»  [97,262]  деген  деталь  арқылы 
жеткізеді.  Таста  жорғалаған  жыланның  ізін,  дарияда  жүзген  кеменің  ізін  білу 
қиын.  Ал  екі  жыныстының  жанасқанын  білу  бәрінен  де  қиын  екендігін  автор 
деталь арқылы бере білген. Қылмысы ішінде, қылымсуы сыртында Зейнеп пен 
балғынның іс-әрекетін жақтамайтындығы айқын аңғарылады. 
Т.Ақшолақов «Шығармада әр оқиға, әр картина, әр персонаж, әрбір көркем 
деталь  –  белгілі  мазмұн  иесі.  Жазушы  соның  бәрін  ойластырып  алады.  Жазу 
үстінде ол талай тарау мен оқиғаларды, талай көріністер мен талай детальдарды 
не мүлде алып тастауы, не өзгертуі мүмкін. Сөз шеберлерінің шығарманы сан 
өзгертуі  де,  қайта  жазып,  қайта  өңдеулері  де  сол  көркемдік  талғамнан  туса 
керек» [90,108] деген ой айтады. С.Ерубаевтың «Мәңгілік өмір» новелласында 
коммунист  Бердәлі  мен  еңбекші  тап  өкілі  Мирон  Андреевичтің  өлімін  өз 
көзімен көрген жазушы тарих бұрын-соңды білмеген әдемі өлім деп атайды. Ал 
оның  әдемі  болатын  себебі  –  ол  Отанға  деген  махаббат  пен  берілгендіктің  ең 
айқын  көрінісі  болады.  Автор  әділдік  үшін,  отан  үшін  жанын  қиып,  құрбан 
болуды  бақытты  өлім  деп  таниды.  Қарапайым  еңбек  адамының  өз  заманына 
деген  шексіз  махаббатын  жеткізу  үшін  автор  детальды  пайдаланады:  «Мирон 
Андреевич төсегінде дөңбекшіп, тыныш жата алмады, қалшылдады, жұлқынды, 
ол жұлқынғанда өзін айқара құшақтап алған өлімнің құшағынан сытылып шығу 
үшін емес, әрбір минөт оған ажал қаупін жақындата түсетін болашақ уақыттың 
құшағына  ену  үшін  жандәрмен  қылды,  болашақ  уақыттың  ең  болмаса,  бір 
минөты  оған  өлімнен  де  күшті  бақыттың,  жалпы  халық  бағытының  ләззатын 
ақтық рет татуға мүмкіндік беретін еді» [47,21]. 
Барлық  адамзат  баласы  ұмтылатын,  аңсайтын,  алдына  мақсат  етіп  қоятын 
«Бақыт»  деген  дерексіз  ұғымның  не  екенін  білу  үшін,  сол  сұрақтың  жауабы 
толғандырған  жазушы  С.Ерубаев  «Бақыт»  новелласында бұл  сұраққа  бір  емес 
бірнеше  жауап  береді.  Ең  алғаш  қайыршы  шалдың  аузынан  естіген  «бақыт» 
сөзі,  оны  көру,  мәнісін  түсіну  –  автор  өмірінің  негізгі  концепциясына 
айналғандай.  Бақытты  ол  басында  қарны  аш,  кедей  бала  Барлыбайдың  әкесі 
әкелген нанды жеп алып, қуаныштан бал-бұл жайнаған жүзін көргенде «бақыт 
деген нан екен ғой» деп ойлаған. Бірақ автор бұл ұзаққа созылмас бақыт екенін 
қалай  түсінгенін  мына  бір  деталь  арқылы  шебер  жеткізеді:  «Жақсыбайдың 
қолында  шүберекке  түйілген  бір  нәрселер  көрінсе  Күнтүлім  Барлыбайына 
күлімсірейтін.  Бірақ,  бұл  күлкі  уақытша  күлкі  болған  соң,  бар  қуаныш  бетіне 


130 
 
ғана жиылып, жүрегінде барлық бақытсыздықтың зілі жатқандай болушы еді» 
[47,12].  Міне,  осыны  бала  жүрегімен  қалтқысыз  ұғынған  талант  иесі  кейіннен 
талай  бақытты  көріп,  бетпе-бет  кездесіп,  бақыт  құшағына  енген  соң,  оның 
бақытқа  көзқарасы  өзгереді.  Бұдан  соң  ол  Барлыбайдың  шешесі  Күнтүлімнің 
«өзгеше  бақытын»  –  еңбекпен  тапқан  бақытын  көріп,  «Бақыт  өмірмен  қатар 
келмейді  екен,  бақыт  дегенімнің  өзі  біздің  өмір  екен!»  [47,15]  деп  ой  түйеді. 
«Саттардың  бақыт  жөніндегі  романтикалық  сұрағы  мен  жауабы  нақты  өмір 
құбылыстары арқылы шешілгендіктен де, эстетикалық әсері күшті болып, адал 
еңбектің өкілі болуға ұмтылдырады. Новелла көркем формада адал еңбек етсең, 
бақытты  боласың  деген  ұранды  насихаттайды,  жастарды  шынайы  еңбекке 
шақырады» [47,6] деген пікірі орынды. 
«Жеңіс»  новелласында  (Ш.Құмарова)  «кәрі-құртаң  адамдар  қалтақтап 
жандары егіліп жерге иіліп барады» [131] деген детальдан қанқұйлы соғыстың 
зардабы майдан даласында ер-азаматтарды аяусыз жалмаса, тылдағы жұрттың 
да  шекесі  шылқымағаны  білінеді.  Елдің  қазынасы,  аяулысы  саналатын  «кәрі 
құртаң» делініп отырған қарт кісілердің де арқасын аяздай қарығаны бір ауыз 
«Жеңіс»  деген  сөзді  естігенде  қуаныштан  жүректері  жарылардай  болған, 
«қаралы қағаз» алып қайғысын үнсіз жұтқан, ауыр еңбекке тартылса да, бір күн 
тойып  тамақ  ішпесе  де  қыңқ  етпеген  қариялардың  мойнындағы  қамыты 
алынып, бес жылдан бері іште тас боп қатқан қиындық, ашты, қайғы, қасірет, 
азап,  қорлықтың  бәрі  бір-ақ  сәтте  лықсып  сыртқа  шығып,  көз  жасына  ерік 
бергендігі  бір  ғана  «жандары  егіліп,  жерге  иіліп  барады»  деген  детальмен 
беріліп  отыр.  Автор  бар  ауыртпалықты  қасқиып  көтерген  қарттарының 
қуанышын  көз  жасына  ерік  беруі  арқылы  көрсеткен.  Қанша  қиналса  да  іштей 
мүжілмеген  кәрі-құртаңның  «егіліп,  жерге  иілуінің»  мәнісі  осы.  Соғыстың 
қарапайым  халыққа  әкелген  ауыртпалығы  мен  зардабын  автор  «жөргек  те 
тимей, шешесінің етегінде тырбаңдап жатқан қызыл шақа сәби» [131] деп қана 
білдіреді. Жайма-шуақ заман болса, қалжасына дейін дайындап, дүниеге келер 
немересінің  жасауын  дайындап  қояр  «кәрі-құртаңның»  да  ештеңеге  шамасы 
қалмағаны түсінікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет