Статистиккалық дерек- ілім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым;
3.
Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы- әлеуметтік зерттеу арнайы құжатқа - әлеуметтік зерттеудің бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама – ғылыми зерттеудің жалпы концепциясы кезең бойынша көрсетілген және ғылымипрактикалық зерттеу рәсімдерінің ережелері жазылған құжат. Сапалы әлеуметтік зерттеу бағдарламасын құрастыруға зерттеуді өзін жүргізуге қарағанда көп уақыт қажет екені дәлелденді. Жақсы құрастырылған әлеуметтік зерттеу бағдарламасы оның жоғары ғылыми дәрежеде іске асуының кепілдеме шартының бірі болып табылады.
Әлеуметтік зерттеу бағдарламаларын құрастырудың негізгі кезеңдері төмендегідей мәселелерді қалыптастыру: -зерттеу мақсаттарын, міндеттерін, объектісі мен пәнін анықтау; -негізгі түсініктерді логикалық талдау; - гипотезалар ұсыну; - тандамалы жиынтықты анықтау; - инструментария құру; -зерттеу жүргізу; - алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау; - ғылыми есеп дайындау.
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасының қызметі:
1. Теориялық - әдістемелік - ол ғылыми проблеманы анықтауға және оны шешу үшін негіз дайындауға мүмкіндік береді.
2. Әдістемелік функция, ол деректерді жинау тәсілдерін белгілеуге және күтілетін нәтижелерді сипаттауға, сондай-ақ зерттелетін жиынтықты анықтауға, қажеттті құралдарды сипаттауға және бастапқы ақпараттарды компьютерде өңдеудің логикалық схемасын дайындауға мумкіндік береді.
3. Ұйымдастыру, ол зерттеушінің қызметін жұмыстың барлық кезеңінде жоспарлауға мүмкіндік береді