Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамытуға қойылатын талаптар
Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамытуға қойылатын талаптар
Худабердиева Гульфиза
115-топ
Сауат ашуға даярлық кезінде тіл дамыту жұмыстарының алатын орны ерекше. Баланың дамуы әрекеттерімен (ойын, оқу, еңбек) оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесінде жүзеге асады. Мектепте баланың қарым–қатынас шеңбері кеңейе түседі. Қарым–қатынас жасайтын адамдардың көбеюі баладан қарым–қатынас жасауды толық меңгеруді талап етеді.
Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды, тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді:
басқа адамдармен араласу кезінде жетіледі
психологиялық процестерді қайта қараудың негізі,
тіл – ойлау құралы.
Оқу үрдісінде тілді дамытудың негізгі 4 кезеңін жүзеге асыру көзделеді:
баланың сөдік қорын молайту
грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету,
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
байланыстырып сөйлеуге үйрету
Баланың тілін дамытуға оқулықтағы тақырыптық сюжетті иллюстративті жеке суреттердің атауларын білу, сол сөздердің мағынасын түсіну арқылы сөдік қоры байиды, ал тақырып бойынша көргендерін жетекші сұрақтар арқылы әңгімелеу, құралған сөйлемдердің мағынасы сол тақырпқа сай болуы керек, құрылымы үйлесімді болуы керек.
Ондағы сөөздердің өзара байланысының үйлесуі әр баланың қабылдау қабілетіне, алған әсеріне байланысты. Көбіне тілден ой жүйрік болғандықтан, ойға тіл ілесе алмайды. Бұл мүмкін сөдік қордың жеткіліксіз болуынан, ойын жеткілікті түсінікті тілмен, оқиғаға ене отырып, көңіл–күй ырқына жеткізе мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді жолы коммуникативтік әрекет үстінде ұстамдылық кезеңінде басталады.
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ең маңызды орын алатын – сөздік жұмысы. Мұнда, яғни сөздік жүргізу барысында әсіресе синонимдер, антонимлер, көп мағыналы сөздер мен қанатты сөздерге көңіл аударылады. Бұл айтылғаннан 1- сынып оқушыларына «синонимін, антонимін тап, қанатты сөздер кұра...» сияқты түрде, терминдерді колдана отырып тапсырма беріледі екен деген ұғым тумауға тиіс. Бұл терминдер мүғалімдер үшін ғана аталып отыр: ал оқушылар «мұны тағы калай атауға болар еді? Осының орнына тағы кандай сөз қойып айта алар едік? Мұның карама-қарсы мағынасын кандай сөз аркылы айтамыз?» т. б. тәсілдер арқылы бір мағынаны білдіру үшін бірнеше сөз іздейді немесе оның карсы магынасын білдіретін сөздерді табады. Мұнаң былайғы терминдер жөнінде де осы пікір есте болғаны дұрыс.