Сауықтыру-шынықтыру шаралары



бет3/4
Дата18.05.2022
өлшемі19,38 Kb.
#34819
1   2   3   4
Құрғақ ысқылау: 3 – 4 айдан кейін баланың денесін үйретіп алу керек. Ол үшін процедураны бастамастан 1.5 – 2 апта бұрын фюнельмен немесе жүн матамен құрғақтап баланың денесі қызарғанша сүртеді. Сүрту процессін түкті матадан тігілген, суланған биялаймен жасау керек. Алдымен қолын,кеудесі мен ішін,арқасын,бөксесі және аяқтарын ысқылайды. Денесінің суланған жерлерін түкті орамалмен ақырындап қызарғанша сүртеді. Денесінің басқа жерін жаялықпен жауып қою керек. Баланың денесін ысқылауға арналған суға ас тұзын ( 1 стакан суға 1 ас қасық) қосқан пайдалы. Алғашқыда судың температурасы 35 – 36 оС , 5 – 7 күннен кейін 32 – 33 оС , содан кейін әр ай сайын 1 градус төмендетіліп 30 оС жеткізіледі. Денені ысқылауды таңертеңгі ұйқыдан тұрғаннан кейін 5 – 6 минут жасаған жөн. Бөлме ауасының температурасы әрдайым 20 – 22 оС болуы керек. Шынықтыруда үзіліс болса, оны кейін жалғастыруға болады, бірақ үзіліс 3 – 5 күнге созылса, онда судың температурасын бастапқыдан 2 – 3оС жылырақ болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет