Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Азаматтық қоғам: түсінігі, белгілері, құрылымы мен міндеттері



бет19/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Азаматтық қоғам: түсінігі, белгілері, құрылымы мен міндеттері

Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.
Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады.
Азаматтық қоғамның белгілері:

  • адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

  • өзін-өзі басқару;

  • оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;

  • еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;

  • жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

  • өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);

  • экономиканың көпжақтылығы;

  • биліктің заңды және демократиялық сипаты;

  • кұқықтық мемлекет.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

  • мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

  • мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);

  • қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

  • саяси партиялар мен қозғалыстар;

  • тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;

  • мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;

  • отбасы;

Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам.
Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет