1.Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы,оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.
2.Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен
мектептері.
3.Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саяси ғылымның ғылыми-тапнымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары.Саясаттанудың прагматикалық мәні. Маманды кәсіби дайындау
Мақсаты: ғылым ретіндегі саясаттанудың әлеуметтік ролін, оның объектісінің және пәнінің ерекшеліктерін, құрылымын, әдістерін мен категорияларын, саяси саланың заңдылықтарын, қалыптасу және даму кезеңдерін танып-білу.
Саясаттану – біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылымдық бөілімі – Юнеско міндетті түрде оқытылатын пәндер тізіміне енгізіп бекіткен әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясат қазіргі қоғамның тіршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмұны сонымен қатар, билік, мемлекетаралық қатынас мәселелерінен де тұрады.

«Саясаттану» сөзі гректің «полис» және «логос» деген сөздерінен шыққан, аударғанда «саясат туралы ғылым» деген мағынаны береді.
«Саясаттану» сөзі гректің «полис» және «логос» деген сөздерінен шыққан, аударғанда «саясат туралы ғылым» деген мағынаны береді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың алатын орны ерекше, себебі адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады, яғни мемлекеттегі жүргізіліп отырған саясат арқылы сол елдің халқының негізгі өмір-сүру деңгейлері және тағдыры шешіледі