Саясаттану глоссарий Абсентеизм



бет3/20
Дата12.08.2023
өлшемі55,72 Kb.
#105206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
термины саясаттану

Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамсыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады. 
Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. (мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда Еуропа мен Аметика елдерінде етек алуда).
Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.
Бейтараптылық – 1) екі жақтық айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. 
Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.
Билль – 1) АҚШ-та Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заңжобасы; 2) жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар туралы.
Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі;
2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Егер биліктің бір тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасые оның екінші тармағына арыз бере алады.
Блокада – өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Бойкот – 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым – қатынасты үзу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет