Байланысты: Саясаттану және әлеуметтану негіздеріФ-31-5
Демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын еске ала отырып, оның сандық заңдылықтарын зерттейді. Екінші жағынан, дграф. адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы, белгілі бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі – нақтылы адам.
Оның өмір-тіршілігінде физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, әсіресе, оның тұрған орны, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мамандығы, жұмыс орны, қоғамдық жағдайы, білімі, тілдерді білуі, т.б. біртіндеп өзгеруі мүмкін. Дграф. статистикалық әдістердің ерекше зор маңызы бер, кейбір ғылымдар дграф. мен дграф. статистиканы ұқсас ғылымдар деп есептеп, бір-бірімен шатыстырады. Дграф. халықты зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.