Құқықтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылыммен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болды.
Шетелдік әдебиеттерде құқытық әлеуметтануды жалпы әлеуметтаныдың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары (В.В.Лапаева, В.А.Туманов, т.б.) құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымының бір саласы және ол құқықтық ғылым деп санайды.
Ал, қазір құқық әлеуметтануы құқықты негізінде үш мағынада қарайды.
Біріншіден құқық – бұл міндетті түрде орындалатын әлеуметтік ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгілібір қызметі атқаруды адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамасыз етеді. Үшіншіден, құқық куәлік ретінде де қолданылады.
Құқық әлеуметтану (қ.ә.) құқықты біртүтас, бірыңғай жүйе, ерекше бір әлеуметтік құрылым ретінде қарайды. Ол құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаратын қызметін (функциясын), оның шығуы мен дамуын, өзгеру тетігін, , құқықтық (юри-