Саясаттану және Әлеуметтану



Pdf көрінісі
Дата26.03.2022
өлшемі421,27 Kb.
#28915


Саясаттану және Әлеуметтану 

Личное


Сегодня 21:14

1 Билет


1) Оку пәні ретіндегі ғылыми білімдердің

нақты жүйесін баяндау ең алдымен

оның пәнін қарастырудан басталады.

Ғылым ПӘНІНІҢ бөлінуі, оның негізгі

өлшемдерінің айқын белгіленуі

қарастырылып отырған білімдерді

біртұтас ғылыми-методологиялық негізге

ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік

береді. Ғьлым пәні қарастырылып

отырған ғылыми білімдер жүйесінің

тәуелсіздігі мен дербес дамуының

түпкілікті шарты болып табылады. Белгілі

дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын

ала анықталғандық пен тапсырыстық

тұрғыдағы емес, дамудың



рационалды-логикалық негізі

тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты

жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған

қалыпта болады. Кез келген ғылым

пәнінің бірден дайын күйінде берілуі

мүмкін емес, ол пайда болудың,

калыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек,

өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі

ғана емес, осы бөліктің идеалды

конструкциясы да.

2) Авторитарлық режим дегеніміз -

қоғамдағы толық жетілмеген

демократияға негізделген жеке адамның

немесе саяси биліктің бір тармағына

сүйенетін мемлекеттік-саяси құрылым.

Авторитарлық тәртіп көбінесе өтпелі

кезеңде қалыптасады, әсіресе қоғам

тоталитарлық тәртіптен демократиялық




тәртіпке ауыса бастаған жағдайда

қалыптасады. Себебі осындай кезеңде

алда тұрған мақсаттарды

демократиялық тәсілдермен

(сайланбалы органдармен) ғана іске

асыру қиындыққа түседі. Мысалы, ТМД

елдерінің көбінде орын алған

авторитарлық тәртіп, жеке тұлғаның

билігі немесе атқарушы биліктің күшеюі

осы әлеуметтік-экономикалық

қиындықтарға тікелей байланысты.

Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:

жеке адам билігінің немесе саяси

биліктің бір тармағының күшеюі;

қоғамдық саяси ұйымдардың құқықтары

мен еркіндіктерінің шектелуі;




мемлекеттік жүйедегі қызметкерлердің

билікпен мүдделес саяси партиялармен

бірігуі;

парламент ролінің шектелуі немесе

кейбір жағдайда жойылуы.

3) Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік,

қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі,

қоғамды жекелеген ғылымдардағы

арнайы және нақтылы-әлеуметтік

зерттеулерде жалпытеориялық және

әдістемелік негіз, «өзегі» ретінде

қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді

бір жағынан, жалпылама, абстрактылы,

қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне,

мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай

зерттейтін әлеуметтік-философиялық

зерттеулерден ажыра- тып қарау керек;



екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы,

арнайы ғылымдардағы саясаттану,

экономикалық теория,

мәдениеттану,әлеуметтік психология,

құқықтану, этнология және т.б.әлеуметтік

зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда

қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде

зерттелмей, оның кейбір жекеленген

құрылымдары, бөлігі, саласы

қарастырылады. Ә.З.-ге сай белгілер:

әлеуметтік шынайылықты зерттеуге

жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге

сүйену; эмпирикалық материалдар

қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай

Әлеуметтік зерттеулер теориялық және

эмпирикалық; негізгі және қолданбалы;

макро, микро және орта деңгейдегі

болып бөлінеді. Маңызы жағынан

көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір



әлеуметтік құбылыстың немесе

процестің екіншісінен тәуелділігін

анықтаудан тұрады

анықтаудан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет